ТЕКТІ ОТБАСЫ ӨЗ АЛДЫНА МЕКТЕП

Бүгін әдеттегідей ерте тұрып компютерге отырып мақала-кітап сынды жазбаларымды жазуды жалғастырып біраз отырдым. Сонсон белді жазу үшін көшеге шығып жүрдім. Жолда көпті көрген Қайни Орхан апамыз кезікті.
Ол кісі мені көріп:
– О жақсы болды сізді көргенім. Әуе күн шуақты жылы екен. Әңгіме айтсақ естір құлақ жоқ. Сіздің құлағыңыз басқалардан жақсырақ ғой, біраз уақтыңыз бар ма?
– Әрине бар, бізде естір құлақ бар, бірақ біз де әңгімесін еститін ауыз таба алмаймыз.

Десіп отырып біраз өткен кеткенді әңгімеледік. Апамыз көп келелі әңгімелер айтты. Сонын біразын сіздермен бөлісе кетейін.
– Балам біз кезінде мектеп-медресе көрмедік. Бірақ байқасам көп дүниені біледі екеміз. Неге? Өйткені біз текті отбасында өстік. Әкем Нұрмұқамет молла үлкен молла еді. Анам Камила марқұм көргені көп кісі еді. Үйімізге көп қонақ келетін. Солардың әңгімелерін естідік. Сол кісілер күшті әңгімелер айтатын, тарих айтатын. Солардын көп нәрсе үйрендік, түйдік.
– Менің анам Динақан да сондай еді. Көш барысындағы уақиғаларды көп біледі. Кейде өзінен үлкен апалар:
– Әй Динақан сен бізден кіші едің. Біз бұларды білмейміз, сен қайдан білесін? Сонда ол:
– Мен дастарқанда шай құйып отырғанда үлкен кісілердің әңгімелерін тыңдап көрмеген дүниелерді де үйрендім, дейтін.
– Әбеке, менің сені жақсы көретін себебім, біз Кәшмірде анан Динақан мен, оның әкесі Қаһарман қажымен бірге тұрдық. Бірге күлдік, бірге жылаған едік. Әй марқұмдар жандары жаннатта босын.

Апамыз осыдан кейін қонақтың албаты үйге түспейтінін де айтты:
– Қонақ кездейсоқ үйге түспейді. Қонақ қонақ күтуді біледі, әңгіменің кәдірін білетін үйге түседі. Мұндай үйге қазақ “түсөл” үй дейді. Біздің үй сондай үй еді қарғам. Қонақ үзілмейтін.
Осыдан кейін апамыз қонақ күтудің көш жолында да жалғасқанын былай деп әңгімеледі:
– Бір мисал айтайын. Біз Шығыс Түркістаннан шығып Тақламақан шөлінен өтіп Үндістанға келе жатқан жолда бес-он күн бір жерде аялдап тұрып қалсақ; Қалибек қажы біздің үйге адам жіберіп:
– Нұрмақамет молла үйде ме екен? Барсам бола ма екен? Деп сұрайтын. Сонда әкеміз:
– Иә үйдеміз, келсін, дейтін.
Содан кейін апамыздың анасы Кәмила төрге көрпе жастық төсеп, шәйнекке бір кептірген етті асып Қалибек қажының келуіне дайындық жасайды екен.
Сөйтіп үлкен кісідер төрде отырып әңгімелесетін. Менің апам қонақ күтуді жақсы білетін. Оның қонақ күтуіне Қалибек қажы қатты риза болатын.
– Әй Кәма дейтін – Қалибек қажы – сіз болмасаңыз мына моллакен қайтер еді? Деп әкеме қалжындайтын.

– Әбеке, сіздің Найман Қамза қажы атаңыздың бәйбішесі сондай білімді кісі еді. Қамза қажы атқа мініп елдің жұмысымен ары бері шапқылап кетіп қалса да, ол кісі үйге келген кісіні күтіп алып, әңгімесін айтып шығарып салатын. Ел негізінде Қамза қажыны Қамза қажы қылған сол кісі де деп те айтатын. Марқұм апаң өте білімді адам еді.
Қайни апа бүгінгі жастарға жаны ашып қонақ күту дәстүрінен ада қалғанын да атап өтті:
– Ендігі жастар қонақ күтуді білмейді. Тіпті әке-шешелері қонақ күтіп отырса олар үйден жұмысымыз бар деп шығып кетеді. Олар біле білсе қонақ күтудің өзі бір мектеп. Бұрындары текті отбасыға көп қонақ келетіндіктен олар бір мектеп еді. Сондықтан әдепті, сөз сөйлеуді, қонақ күтуді білетін балаларға қазақ “текті жердің баласы екен” деп бекерге айтпаған.
Қайни апамыз бен осылайша бір сағаттай әңгімелесіп отырыппыз. Бүгінгі әңгімесінден көп нәрсе үйреніп үйге қайттым. Алла апамызға мықты денсаулық, ұзақ құмыр берсін!