Seçme Kazak Atasözleri

Іргесі берік елді 
Жау ала алмас, 
Ауызы бір елді 
Дау ала алмас. 

Сұңкар кыясын сағынады, 
Торгай ұясын сағынады. 

Ұлтарактай болса да, 
Ата конысы жер кымбат. 
Ат төбеліндей болса да 
Туып өскен ел кымбат. 

Жат елдің жаксысы болганша, 
Өз еліңнің сакшысы бол. 

Есі бар жігіт елін табар, 
Есі жок жігіт жаттың отын жагар. 

Ырыс алды – ынтымак. 

Бірлік болмай – тірлік болмас. 

Алтау ала болса, 
Ауыздағы кетеді; 
Төртеу түгел болса, 
Төбедегі келеді. 

Тірлік, тірлік түбі – бірлік. 

Ағайын тату болса – ат көп, 
Абысын тату болса – ас көп. 

Екі кұзғын таласса, 
Бір карғаға жем болар. 

Кырык кісі – бір жак, 
Кыңыр кісі – бір жак. 

Саусак бірікпей – 
Ине ілікпейді. 

Токтығында жараспаған, 
Аштығында караспайды. 

Байлык байлык емес, бірлік – байлык. 

Ынтымаксыз елді – 
Ұрысы билейді. 
Ынтымакты елді – 
Дұрысы билейді. 

Бір кісінікі – макұл, 
Екі кісінікі – акыл. 

Бас жарылса, бөрік ішінде, 
Кол сынса, жең ішінде. 

Алтын алма, алғыс ал, 
Алтын деген – жер сыйы, 
Алғыс деген – ел сыйы. 

Көңілің тартпаған іске кол ұрма. 

Ер тарыкпай, молыкпайды. 

Ер сүрінбей, ел танымас. 
Ат сүрінбей, жер танымас. 

“Малы жок” деп 
Ерден түңілме. 
Егіні жок деп 
Жерден түңілме. 

Ер үмітін ер актар, 
Ер атағын ел сактар. 

Ер мойнында кыл аркан шірімес. 

Ок жетпес жерге кылыш суырма. 

Ер картайса, казаншы болады, 
Бүркіт картайса, тышканшы болады. 

Ер канаты – ат. 

Күш атасын танымайды. 

Ерді намыс өлтірер, 
Коянды камыс өлтірер. 

Ер жігіт ел үшін туады, 
Ел үшін өледі. 

Шын ер – жеңсе, тасымас, 
Жеңілсе, жасымас. 

Ат басына күн туса, 
Ауыздығымен су ішер; 
Ер басына күн туса, 
Етігімен су кешер. 

Үйде шешен, дауға жок, 
Үйде батыр, жауға жок. 

Батыр мактанса, 
Жауға шапканын айтар. 
Ку мактанса, 
Алдап какканын айтар. 

Ер даусыз болмайды, 
Ер жаусыз болмайды. 

Ерді кебенек ішінде таны. 

Шешінген судан тайынбас. 

Түпкі айылдың батканын 
Иесі білмес, ат білер. 
Ер жігіттіс кәдірін 
Ағайын білмес, жат білер. 

Ердің атын, 
Не аты шығарар, 
Не катыны шығарар. 

Ер бір рет өледі, 
Ез мың рет өледі. 

Тәуекел тау жыгар. 

Су жетпейін демейді, 
Жар жеткізбейді. 
Ер жетпейін демейді, 
Мал жеткізбейді. 

Бас болмак оңай, 
Бастамак кыйын. 

Жаман жолдас жауга алдырар, 
Жаман би дауга алдырар. 

Ер бакыттың 
Конғанын білмейді, 
Ұшканын біледі. 

Корыкканға кос көрінер. 

Коркактың көзі үлкен, 
Акымактың сөзі үлкен. 

Жау жокта батыр көп, 
Дау жокта акыл көп. 

Кылышынан кан тамған батырды, 
Тілінен бал тамған акын алады. 

Ердің жаксысы 
Елімен ойласады. 
Әйелдің жаксысы 
Ерімен ойласады. 

Ер кәдірін білмеген 
Ел кадірін білмейді. 

Бірлік кайда болса, 
Ерлік сонда. 
Еркіндік кайда болса, 
Елдік сонда. 

Жығылган күреске тоймайды. 

Камысты бос ұстасаң, 
Колынды кеседі. 
Касыңды бос ұстасаң, 
Төбеңді теседі. 

Көз коркак, кол батыр. 

Күшті болсаң – нәпсіңді тый. 

Шындык – камал бұзар. 

Кырык жыл кырңын болса да, 
Ажалды өледі. 

Үйренген жау атыспакка жаксы. 

Сактыкта корлык жок, 
Сәлемде зорлык жок. 

Бұка болар бұзау, 
Биттейінен белгілі. 
Батыр болатын бала, 
Титтейінен белгілі. 

Ер айтса – ел айтканы, 
Елдің камын жеп айтканы. 

Елүуінде ер – дана, 
Елу жылда ел жаңа. 

Ат басына күн туса, 
Айыл, тұрман садага; 
Ер басына күн туса, 
Бастан кұлак садаға. 

Арманымен – ер сұлу, 
Орманымен жер сұлу. 

Өзін өзі білген ер бакытты. 
Өзін өзі билеген ел бакытты. 

Ел іші – алтын бесік. 

Ел кұлағы – елу. 

Кырыктың бірі – кыдыр. 

Бүлінген елден, 
Бүлдіргі алма. 

Тау мен тасты су бұзар, 
Ер арасын ку бұзар. 

Ел болатын жігіттер, 
Ел намысын жыртады, 
Ел болмайтын жігіттер, 
Елін ұрлап кұртады. 

Балык іздесең, көлге бар, 
Береке іздесес, елге бар. 

Ел-жұртыңның кадірін 
Іс түскенде білерсің. 
Сары тонның кәдірін 
Кыс түскенде білерсің. 

Өсер елдің баласы 
Козысын күтіп кой кылар. 
Өспес елдің баласы 
Козысын сойып, той кылар. 

Көпті жамандаган – 
Көмусіз калар. 

Өзім білем жігіттің 
Басына ойран салғаны; 
Көп біледі деген жігіттің; 
Басына корған салғаны. 

Акылсыз адам айкай келеді, 
Жан-жағын жайпай келеді. 
Акылды адам жай-жай келеді, 
Жан жағын байкай келеді. 

Сұлу сұлу емес, 
Сүйген сұлу. 

Болар адам – он бесінде бас болар, 
Болмас адам – кырык бесінде жас болар. 

Жаман итті еркелетсен, 
Аузыңды жалар. 
Жаман адамды еркелетсең, 
Жанынды алар. 

Ағаш тамырымен мыкты. 
Адам дос-жарымен мыкты. 

Жолдасы жок жігіттің – 
Олжасы жок. 

Жаман жолдастан, 
Жаксы дұшпан артык. 

Ас адамның – аркауы. 

Бауыр шырын, бас тәтті, 
Ағайынмен ішкен ас тәтті. 

Пышагы бар, сүйгенін жер, 
Пышагы жок, тигенін жер. 

Тарта жесең, тай калар, 
Коя жесең, кой калар, 
Коймай жесең, не калар?! 

Жазым болса, быламыкка тіс сынар. 

Кыдырып жеген жанбастан, 
Шакырулы жеген жауырын артык. 

Өле жегенше, 
Ағайынмен бөле же. 

Аз кайғыны ас басады, 
Көп кайғыны дос басады. 

Жылкының етін жесең, 
Тісіңе кіреді, 
Жемесес түсіңе кіреді. 

Аз ғана асым, 
Даусыз басым. 

Денің сау болса, 
Жарлымын деме. 
Жолдасың көп болса, 
Жалғызбын деме. 

Тұр-тұрдан хабар келсе, 
Ұйкыдан маза кетеді. 

Кісінің кісілігі, 
Киімінде емес, 
Білімінде. 

Айла алтау, 
Акыл жетеу. 
Айла мен акыл косылса, 
Алдырмайтын екеу. 

Акыл көпке жеткізер, 
Өнер көкке жеткізер. 

Итке төсек не керек, 
Естіге өсек не керек. 

Киіміне карап, карсы алады, 
Біліміне карап, шығарып салады. 

Акылды өзінен көреді, 
Акылсыз ағайыннан көреді. 

Акымак ішкен-жегенін айтады, 
Акылды көрген-білгенін айтады. 

Ер жігіттің өлгені – 
Ессіз болса алғаны. 
Әділ бидін өлгені – 
Сөзінің болса жалғаны. 

Еңбегі жок ғалым – 
Ыстыгы жок жалын. 

Білім ғауһар – 
Бағасы жок. 
Надандык кесел – 
Дауасы жок. 

Білекті бірді жығады, 
Білімді мыңды жығады. 

Күш – білімде, 
Білім – кітапта. 

Карғыстың ен жаманы: 
Өзің білме, 
Білгеннің тілін алма. 

Түстік өмірің болса, 
Кештік білім жый. 

Білмесең үндеме, 
Білгенді күндеме. 

Акылы жоктың – арманы жок. 

Өнер алды – кызыл тіл. 

Тіл тас жарады, 
Тас жармаса, 
Бас жарады. 

Баска пәле тілден. 

Бас кеспек болса да, 
Тіл кеспек жок. 

Сөз тапканга колка жок. 

Жаксы байкап сөйлер, 
Жаман шайкап сөйлер. 

Сөз сүйектен өтеді, 
Таяк еттен өтеді. 

Ұлы сөзде ұят жок. 

Жаксы сөз – жарым ырыс. 

Ауруда – шаншу жаман, 
Сөзде – канку жаман. 

Жүздің көркі сакал, 
Сөздің көркі макал. 

Ең тәтті де – тіл, 
Ең ашты да – тіл, 
Ең жұмсак та – тіл, 
Ең катты да – тіл. 

Көздің аласынан, 
Сөздің аласы жаман. 

Ала сөйлеп, ұлыкка жакканша, 
Адал сөйлеп, жұртка жак. 

Артында баласы калса – 
Көзі калды де. 
Артында сөзі калса – 
Өзі калды де. 

Ата көрген ок жонар, 
Ана көрген тон пішер. 

Жылтыраганның бәрі алтын емес. 

Кына тастан шығады, 
Өнер – білім жастан шығады. 

Сырлы аяктың сыры кетсе де, 
Сыны кетпейді. 

Сабыр түбі сары алтын. 

Еріншек катынның 
Етегі жыртык, 
Ерке катынның 
Еріні тыртык. 

Жаксы әйел 
Жаман еркекті түзетеді. 
Жаман әйел 
Жаксы еркекті жүдетеді. 

Жаман катын алғанның 
Жауы үйінде. 
Екі катын алғанның 
Дауы үйінде. 

Төркіні жакын катынның 
Төсегі жыйылмайды. 

Келіннің бетін кім бұрын ашса, 
Сол ыстык. 

Астында атың болса, 
Арғымак не керек? 
Жаксы катының болса, 
Ұжмак не керек? 

Бардың катыны өлсе, 
Төсегі жаңғырар. 
Жоктың катыны өлсе, 
Басы каңғырар. 

Атың жаксы болса – пырағың, 
Катының жаксы болса – шырағың. 

Ата-ананың кәдірін 
Балалы болгғанда білерсің. 
Ағайынның кадірін 
Жалалы болғанда білерсің. 

Ана сүтін актамағанды 
Ешкім мактамайды. 

Әзілің жарасса, 
Атаңмен ойна. 

Атаңа не кылсаң, 
Алдыңа сол келер. 

Әкең өлсе өлсін, 
Әкеңді көрген өлмесін. 

Атадан жаксы ұл туса, 
Есіктегі басын төрге сүйрер. 
Атадан жаман ұл туса, 
Төрдегі басын жерге сүйрер. 

Ашаршылыкты көп көрген, 
Өзі тоймай “мә” демес. 
Жетімдікті көп көрген, 
Үш шакыртпай “ә” демес. 

Атадан жаксы ұл туса, 
Елінің камын жейді; 
Атадан жаман ұл туса, 
Елінің малын жейді. 

Балалы үйдің ұрлыгы жатпас. 

Карга баласын “аппағым” дейді. 
Кірпі баласын “жұмсағым” дейді. 

Жалғыз баласы бардың 
Шығар-шыкпас жаны бар. 
Екі баласы бардың, 
Өкпе, бауыр, жалы бар. 
Үш баласы бардың, 
Бұкарада пұлы бар. 

Кызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді. 

Калындығына өкпелеген күйеу, 
Кайнысына сәлем бермейді. 

Үйдің жылы-суығын, 
Кыс түскенде білерсің. 
Ағайынның алыс-жакынын, 
Іс түскенде білерсің. 

Алыстағы ағайыннан, 
Ауылы бірге көрші артык. 

Туыс туыс емес, 
Коныс туыс. 

Өзі конак болып көрмеген, 
Конакты сыйлай да білмейді. 

Ағайынның аразы болса да, 
Азары болмайды. 

Конак келсе ет кызарар, 
Ет кызармаса, бет кызарар. 

Асты сұрап бергенше, сабап бер. 

Балалығыңды сағынсаң, 
Нағашыңа бар. 
Жігіттігіңді сағынсаң, 
Кайныңа бар. 

Ағайын, барында аузынды жалайды, 
Жоғында желкеңнен карайды. 

Жаман туыстан, 
Жаксы таныс артык. 

Ерінбеген електен су ішеді. 

Бетің кыйсык болса, 
Айнага өкпелеме. 
Ниетін кыйсык болса, 
Ағайынга өкпелеме. 

Ағайыныңды іске шакырма, 
Аска шакыр. 

Үйден ұзап шыкпасаң, 
Катынга кадірін болмайды. 
Ауылдан ұзап шыкпасаң 
Жакынга кадірін болмайды. 

Бір ауылда мың туысын болганша, 
Әр ауылда бір туысын болсын. 

Жаксы адам картайса, 
Жазып койған хаттай. 
Жаман адам картайса, 
Быксып жанған оттай. 

Алтыға дейін бала ерке, 
Алпыстан кейін шал ерке. 

Өмір картайса да, 
Көңіл картаймайды. 

Катарынан калған кәрі жетім. 

Бейнет, 
Бейнет түбі – зейнет. 

Еңбек етсең – емерсің. 

Бейнетің катты болса, 
Татканын тәтті болар. 

Колы кыймылдағанның 
Аузы кыймылдар. 

Ерте тұрган жігіттің 
Ырысы артык. 
Ерте тұрган айелдің 
Бір ісі артык. 

Ерінген екі істейді. 

Ынта болса адамда, 
Кыйын іс жок ғаламда. 

Кедейлік жаны тәтті жалкауга үйір, 
Еңбек ете білмейтін, аңкауға үйір. 

Маңдайы терлемегеннің 
Казаны кайнамайды. 

Акымак күлкіге тоймайды, 
Жалкау ұйкыға тоймайды. 

Еріншектің егіні піспес. 

Еріншектің ертеңі бітпес, 
Жеңілшектің селтеңі бітпес. 

Арпа, бидай – ас екен, 
Алтын, күміс – тас екен. 

Не ексең – соны орарсың. 

Судың да сұрауы бар. 

Суга кеткен тал кармайды. 

Кімнің тарысы піссе, 
Соның тауығы. 

Берекесі кеткен ауылдың 
Айтканы өсек болар, 
Аңдыганы төсек болар. 
Берекесі кірген ауылдың 
Айналдырғаны шаруа болар, 
Еккені тары, жегені жарма болар. 

Жаңбыр жауса, жерге сый, 
Жігіт туса, елге сый. 

Койшы көп болса, 
Кой арам өледі. 

Екі кошкардың басы бір казанга сыймас. 

Ала койды бөле кырыккан 
Жүнге жарымайды. 

Арык малды асырасаң, 
Ауыз – мұрныңды май етер. 
Жаман адамды асырасаң, 
Ауыз – мұрныңды кан етер. 

Койдан койдың несі артык, 
Кол басындай еті артык. 
Ерден ердің несі артык, 
Ойлап айткан сөзі артык. 

Токал ешкі мүйіз сұраймын деп 
Кұлағынан айрылыпты. 

Айдағаның бес ешкі, 
Ыскырыгын жер жарады. 

Ешкі бастаган кой, 
Егінге түседі. 

Каскырдан кайрат кетсе, 
Ешкіні апа, текені жезде дейді. 

Соңғы түйенің жүгі ауыр. 

Екі аяктыда – бажа тату. 
Төрт аяктыда – бота тату. 

Түйе ботасымен жарасты, 
Тамак батасымен жарасты. 

Бағы тайған адамды, 
Түйе үстінен ит кабар. 

Ат жаманы таймен ойнар. 

Ат тұягын тай басар. 

Ат айналып казығын табар. 

Тай тайга жеткізер, 
Тай кұнанга жеткізер, 
Кұнан атка жеткізер, 
Ат мұратка жеткізер. 

Аттан тай озады. 
Атадан бала озады. 

Ат сүрінбей жер танымас, 
Ер сүрінбей ел танымас. 

Жаман атка жал бітсе, 
Жанына торсык байлатпас. 
Жаман адамға мал бітсе, 
Жанына консы кондыртпас. 

Арғымак аттың баласы, 
Аз оттап көп жусайды. 
Асыл ердің баласы, 
Аз сөйлеп, көп тыңдайды. 

Тістейтін жылкы – тісін көрсетпес. 

Акылсыз атка мінсе, 
Атасын басып кете жаздайды. 

Тегін келген аттың 
Тісіне карама. 

Жылкы еті – 
Жемесең түсіңе кіреді, 
Жесең тісіңе кіреді. 

Сыйыр сыйпағанды білмейді, 
Жаман сыйлағанды білмейді. 

Ортак өгізден, 
Оңаша бұзау артык. 

Өгізге туган күн, 
Бұзауга да туады. 

Сыйыр судан жериді, 
Су сыйырдан жериді. 

Әңгіме бұзау емізер, 
Бұзау таяк жегізер. 

Бас екеу болмай, 
Мал екеу болмайды. 

Жоғалган пышактың сабы алтын. 

Кісі берген, 
Кісіге ырыс болмас. 

Малым жанымның садағасы, 
Жаным арымның садағасы. 

Есек семірсе, 
Иесін тебер. 

Ер тұрманы алтын болса да, 
Есектің есек аты калмас. 

Есекті есек десең, 
Иесінің көңіліне келер. 

Бітер істің басына, 
Жаксы келер касына. 

Сырласуға дос жаксы, 
Сыйласуға жат жаксы. 

Ак сауыттың жағасы бар, 
Жеңі жок, 
Шын жаксының ашуы бар, 
Кегі жок. 

Көргенді кісі, 
Көргенін айтар. 
Көргенсіз кісі, 
Бергенін айтар. 

Жаксының айтканы келмейді, 
Жаманның сандырағы келеді. 

Біреуге ор казба, өзің түсерсің. 

Туа жаман жок, 
Жүре жаман бар. 

Жыланга түк біткен сайын, 
Калтырауык болады. 
Жаманга мал біткен сайын, 
Бакырауык болады. 

Еркектің жаманы, 
Катының жамандар. 
Елдің жаманы, 
Батырын жамандар. 

Жаман байыса, 
Жакынын танымас. 

Жаман адам төршіл. 

Жаксыдан жаман туады, 
Бір аяк аска алғысыз. 
Жаманнан жаксы туады, 
Адам айтса нанғысыз. 

Жаман мактанса катынын сабар. 

Жаксылыкка жаксылык, 
Әр кісінің ісі. 
Жамандыкка жаксылык, 
Ер кісінің ісі. 

Басыңа іс түссе, 
Жаксы көмек етеді, 
Жаман күліп өтеді. 

Жаксы өз басынан көреді, 
Жаман жолдасынан көреді. 

Жаксы болса алғаның, 
Үйінен кісі кетпейді. 
Жаман болса алғанын, 
Шын досын да шеттейді. 

Жаксыны жамандасаң, 
Аруағы тасады. 
Жаманды жамандасаң, 
Кұты кашады. 

Жаман ағайын 
Бар болсаң, көре алмайды. 
Жок болсаң, бере алмайды. 

Жапалак мактанса, 
Жардан коян алдым дер. 
Жаман мактанса, 
Жаксының жағасынан алдым дер. 

Өзін ғана ойлаған, 
Жамандыктың белгісі. 
Өзгені де ойлаган, 
Адамдыктын белгісі. 

Ермек куған, 
Бәлеге жолығады. 
Еңбек куған, 
Казынага жолығады. 

Жаксыдан жаман туса, 
Емі табылмас. 
Жаманнан жаксы туса, 
Теңі табылмас. 

Жаксы жігіт сапардан: 
Елін аңсап кайтады, 
Алдына мал сап кайтады. 
Жаман жігіт сапардан: 
Пістесін шағып кайтады, 
Калтасын кағып кайтады. 

Жаксыны арман оздырар, 
Жаманды кұлкын тоздырар. 

Жаксы әйел, 
Жаман еркекті би етеді. 
Жаман әйел, 
Жаксы еркекті кұл етеді. 

Жаксының соңынан көп ереді. 
Жаманның соңынан шөп ереді. 

Жаксының жаксылығын айт, 
Мейірі тассын, 
Жамандың жамандығын айт, 
Кұты кашсын. 

Жаман адам кетсе, 
Дүние кеңіп калғандай болады. 
Жаксы адам кетсе, 
Дүние кеміп калғандай болады. 

Жаксы жігіт 
Ағайынның басын косады. 
Жаман жігіт, 
Жаксы ағаның жолын тосады. 

Жаксы сыйлағанның кұлы, 
Жаман корыкканның кұлы. 

Есепті дос айрылмас. 

Дұшпан күлдіріп айтады, 
Дос жылатып айтады. 

Айрылгғсы келген дос, 
Аяулыңды сұрайды. 

Дос сыртыңнан мактар, 
Дұшпан көзіңе мактар. 

Адамның көңілі, 
Бір атым насыбайдан калады. 

Досыңмен көп сөйлеспе, 
Жолынан калдырарсың. 
Дұшпаныңмен көп сөйлеспе, 
Сырыңды алдырарсың. 

Күлме досыңа, келер басыңа. 

Кемедегінің жаны бір. 

Доска ауырлығынды салма, 
Достан карыз алма. 

Карғайын десем – жалғызым, 
Карғамайын десем – жалмауызым. 

Байлык – мұрат емес. 
Кедейлік – ұят емес. 

Бай бір жұттык, 
Батыр бір октык. 

Бар болсаң – аспа, 
Жок болсаң – саспа. 

Үйдегі есепті, 
Базардағы нарык бұзар. 

Базарда мың кісі бар, 
Әркім сүйгеніне сәлем берер. 

Карға карғаның көзін шұкымас. 

Коянның карасын көріп, 
Калжасынан түңіл. 

Аңкау елге – арамза молда. 

Аюга намаз үйреткен – таяк. 

Каскырдың аузы жесе де кан, 
Жемесе де кан. 

Ит иті жұмсайды, 
Ит кұйрығын жұмсайды. 

Ак ит, кара ит, барі бір ит. 

Ұлыңа бес жаска дейін патшадай кара, 
Он бес жаска дейін косшыңдай сана, 
Он бестен аскан соң досыңа бала. 

Сүтпен кірген мінез, 
Сүйекпен кетеді. 

Күйеу – жүз жылдык, 
Кұда – мың жылдык. 

Керек тастың ауырлыгы жок, 
Барар жердің алысытығы жок. 

Кұдайдан корыкпа, 
Кұдайдан корыкпағаннан корык. 

Ары тартсаң өгіз өледі, 
Бері тартсаң арба сынады. 

Кең болсаң, кем болмайсың. 

Әлі жетпеген, акыретшіл.


Bir cevap yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *

Bu site, istenmeyenleri azaltmak için Akismet kullanıyor. Yorum verilerinizin nasıl işlendiği hakkında daha fazla bilgi edinin.