ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҚ ЫНТЫМАҚТАСУ ҮРДІСІ ЖӘНЕ ОНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ РӨЛІ
1991 жылы Кеңес Одағы тарқап түрік тілдес республикалар тәуелсіздіктерін жариялағанда, бауырлас елдердің ынтымақтасуы мәселесі күн тәртібіне енді. Бұл әсіресе түркі тілдес республикалардың зиялы қауым өкілдері арасында үлкен толқу мен тебреніске себеп болды. Алайда бұл мәселенін ішкі және сыртқы фактөрлер себебімен оңай іске аспайтыны көп кешікпей белгілі болды. Сонымен түркі мемлекеттердің ынтымақтасуында бір белес болып саналатын түрік тілдес елдер ынтымақтасу кеңесінің құрылуы арада 20 жылға жуық уақыт салып 2010 жылы іске асты. Демек кі түрік тілдес елдердің ынтымақтасу үрдісі онай болған жоқ.
Бастапқыда жаңа тәуелсіз болған түркі тілдес елдердің Түркия мен ынтымақтастығына халықаралық көлемде қолдау көрсетілгені назардан тыс қалмады. Әсіресе батыстық елдердің жаңа тәуелсіз болған бір орталықтан басқарылған кеңестік социалистік жүйе орнына жаңа жүйе іздеген елдердің Иран Ислам республикасының үлгісінде исламдық негізде бір елге айналып кетуінен алаңдады.
Мәселен тәуелсіздік қарсаңында, АҚШ-ның Принстон университетінің таяу шығыс және Ислам турасында белгілі ғалымы Бернард Льюис Иран мен Сауд Аравиясының Орта Азияның егемендік алған елдеріне Исламдық басқару жүйесін ұсынғандарын, алайда Түркияның зайырлы, демократиялық заманауі үлгісінің көбірек тиімді екенін айтқан. Ол сонымен қатар, Иран орнына түрік моделін Мәскеудің де қолдау көрсетітін тілге тиек етуде.[1] Америкалық дипломат Джон Мареска да АҚШ-тың өздерімен одақтас, Еуропалық, мәдениеті ұқсас және демократиялық құндылықтары бір Түркияның осы құндылықтарды аталған елдерге таратуын қалайтынын айтуда.[2]