МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ

2018 жылдың 13-14 желтоқсанында Түркия Республикасы Мимар Синан көркем өнер университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы ұйымдастыруымен Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Мимар Синан көркем өнер университетінде «Туғанына 125 жыл толуына байланысты «ҚАЗАҚ-ТҮРІК ДОСТЫҒЫН ЖЫРЛАҒАН АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ МАҒЖАН ЖҰМАБАЙ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ» тақырыбында халықаралық ғылыми симпозиум өтетінін хабарлайды.

     Ғылыми симпозиумда төрт отырыс жұмыс жасайды:

  1. Мағжан Жұмабаев, Жәдідизм және Алаш ұлттық қозғалысы
  2. Мағжан шығармаларында ұлттық мәдениет және тарих
  3. Мағжан Жұмабаев және өзге де Орта Азия ақындарының Түркиядағы Ататүрік бастаған ұлт азаттық көтерілісі туралы жырлары
  4. Мағжантану: өмірі мен қызметін және шығармашылығын зерттеу мәселелері

Халықаралық симпозиум материалдары жинақ түрінде (түрік тілінде) жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия ғылыми симпозиумға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзінде қалдырады.

Баяндама мәтіні 2018 жылдың  1 желтоқсанға дейін қабылданады.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 7-10 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт.  Мәтіндер TIMES NEW ROMAN  қарпімен жазылады. Баяндама мәтінінің электронды нұсқасын мына электронды поштаға magjansempozyumu@gmail.com жолдауларыңыз сұралады. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында библиография толық түрде көрсетіледі.

Автор туралы мәлімет (Мемлекеті, қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс телефоны) келтіріледі.

Ғылыми симпозиумға қатысу шығындарын келуші жақ өздері көтереді.

Халықаралық симпозиум өтетін мекенжай: Түркия Республикасы,  Ыстамбұл қаласы, Силахшөр көшесі, 71. Мимар Синан көркем өнер университеті, Пән-Әдебиет Факультеті Тарих кафедрасы.  Байланыс телефондары: + 90 212 246 00 11

Электронды пошта: magjansempozyumu@gmail.com

Халықаралық ғылыми симпозиумға қатысуға өтініш беру

  1. Тегі, аты-жөні
  2. Баяндама тақырыбы
  3. Мемлекет, қала
  4. Мекеме (жұмыс орнының толық атауы)
  5. Қызметі, ғылыми дәрежесі / ғылыми атағы
  6. Мекенжайы, байланыс телефоны, электронды пошта (e-mail)

https://www.magcancumabayevsempozyumu.com/