Mustafa Tchokaï Une vie pour l’indépendance du Kazakhstan

Traduit du turc par Aude Aylin de Tapia, Relecture scientifique de Stéphane de Tapia

(Mustafa Tchokaï The Life for the Independence of Kazakhstan

Translated from Turkish by Aylin Aude de Tapia, Scientific proofreading by Prof. Stéphane de Tapia)


Мұстафа Шоқай Қазақстан тәуелсіздігіне арналған өмір

Біздің Мұстафа Шоқай туралы 2002 жылы түрік, 2004 жылы қазақ тілдерінде басылып шыққан еңбегіміз 2013 жылы 21 қантар күні француз тілінде “Мұстафа Шоқай Қазақстан тәуелсіздігіне арналған өмір” деген атпен жарық көрді. Париждегі “Ларматтан” баспасынан жарық көрген еңбекті түрік тілінен Айлин Тапиа, аударманы ғылыми тұрғыдан қарап баспаға дайындаған профессор Стефан де Тапиа. Кітаптың мұқаба бетіндегі Шоқайдың суретін, Алматыдағы Темірбек Жүргенов академиясының доценті, белгілі суретші Әбілқасым Сәрсенбаев салған.


Қазақстан мен Францияның абыройлы ортақ азаматы Мұстафа Шоқай және Алжирдегі үлгілі қос тілділік (Париж жолжазбасы)

Қазақ “той десе қу бас домалайды” дейді. Париждегі туысымыз Садық Жігіт 29 желтоқсанда келін түсіріп той жасайтын болғаннан кейін жолдасым Тайра екеуміз 27 желтоқсан күні Ыстамбұлдан солай қарай аттандық. Парижге алғаш рет 1985 жылы барған едім. Содан бері өткен 27 жылда 6-7 мәрте Парижге сапар шектім. Олардың көбі Мұстафа Шоқай туралы зерттеулер мен 2007 жылы ірге тасы қаланған Мұстафа Шоқай Француз-Қазақ Достық қоғамының іс шараларына бағытталды. Белгілі болғандай 1921-1941 жылдары Мұстафа Шоқай осы қалада 20 жыл өмір сүрген еді. Сондықтан оның атында бір қоғамның құрылуы Қазақстан мен Францияның байланыстарының дамуы тұрғысынан оңды құбылыс болса керек.


Mustafa Çokay’ın Berlin’de Türkistan Gençlerine Seslenişi

Bugün Kazakistan, Kırgızistan, Karakalpakistan, Özbekistan, Türkmenistan, Tacikistan şeklinde Genç Hükümetin gücünü altı cumhuriyete parçalanmış olan Türkistan bölünmez bir bütün ülkedir.

Halkının kanı bir, dili bir, dini bir, maksadı bir. Türkistan’ın maksadı: kendi kurtuluşu olan millî hükümetini kurarak serbest olmak ve bağımsız bir hükümet olarak yaşamaktır. Halkı çoktandır bu işe sarılmış çalışmakta ve kan dökerek savaşmaktadır. Ümidimiz güçl ve devletimizin geleceğine inanıyoruz.


Мұстафа Шоқайдың Берлинде Түркістан жастарына үндеуі

Бүгін Қазақстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан деп жас үкімет күшін алты жұмхұриятқа бөліп тұрған Түркістан бөлінбес айрылмас бір өлке.

Халкының қаны бір, тілі бір, діні бір, максады бір. Түркістанның мақсады: өзінің кұтылуы, ұлттық үкіметін құрып тәуелсіз болып өз алдына бір үкімет болып тұруы. Халкы көптен бұл жұмысқа жанталасып жұмыс істеп қан төгіп соғысып келеді. Үмітіміз зор, мемлекетіміздің келешегіне сенеміз.


Советская идеология и Мустафа Шокай (Чокаев)

К сожалению, мы до сих пор еще не можем достойно оценить наших великих людей, борцов за независимость нашего народа, павших в этой борьбе. Еще большего сожаления заслуживает то, что в Казахстане до сих пор находятся люди, которые называют этих героев «предателями», как в Советское время.

Хотя прошло уже более 20 лет с тех пор, как Казахстан обрел независимость и избавился от советских оков и запретов, есть еще граждане, живущие прежними идеологическими понятиями. К этому можно отнестись с пониманием. Потому, что за 20 лет не может покинуть сознание народа идеология, которая внушалась народу в течение 70 лет – постоянно и всесторонне. Для этого нужно время.

Доказательством служит обвинение со стороны ряда журналистов в Усть-Каменогорске в адрес Шокая, которые называют его «казахским Власовым», «фашистским прихвостнем». Кроме того, на суде, который состоялся по этому поводу, председатель суда принял решение о том, что в отношении любого гражданина Казахстана такое обвинение является преступлением, но в отношении Шокая – не является. Чем это можно объяснить, кроме влияния советской идеологии? Потому, что мнения этих людей и их решения напоминают о советской идеологии. Советская власть придерживалась жесткой политики особенно в отношении Шокая. Почему? Потому, что, как вам известно, главная цель политической борьбы Шокая была – утвердить в Туркестане независимую национальную власть вместо Советской власти. Поэтому, для Советов не было врага хуже Шокая. Вот почему Москва объявила Шокая «врагом народа» и запретила распространять его идеи.


Кеңестік идеология және Мұстафа Шоқай

Тәуелсіз Қазақстанда, елдің тәуелсіздігі жолында құрбан болған арыстарымызға, ұлы тұлғаларымызға тиісті бағасын бере алмай келе жатқанымыз өкінішті. Одан да өкініштісі Қазақстанда оларға Кеңес уақтындағыдай “сатқын” ретінде баға берушілердің табылып жатқандығы.

Демек Қазақстан тәуелсіздік алып Кеңестік қысым мен тиым шектеулерді жойғанына 20 жылдан аса уақыт өтсе де, бұрынғы идеологиялық таным-түсінікпен жүрген азаматтар баршылық. Бұғанда түсіністікпен қарауға болады. Өйткені 70 жыл бойы ұдайы және жан жақты жүргізілген бір идеологияның бір халықтың санасынан 20 жыл ішінде толықтай шығып кетпесі анық. Оған тағы да уақыт керек.

Өскеменде бір қатар журналисттердің Шоқай туралы бұрынғы Кеңес дәуіріндегі “қазақтың Власовы”, “фашистердің құйыршығы” секілді айыптаулары қайталауы мұның дәлелі. Оның үстіне бұл туралы ашылған сотта, сот төрағасының Қазақстанда бүгінгі таңдағы әрқандай бір азаматқа мұндай айыптаулар айтылса қылмыс саналатынын, бірақ Шоқайға айтылса қылмыс саналмайтыны мағнасында үкім беруін Кеңестік идеологияның әсер-ықпалының сыртында қалай түсіндіруге болады.


Мұстафа Шоқайдың тарихи тұлғасының бағалануы

Қазақстанның Кеңестер Одағынан тәуелсіздігін алуына биыл 20 жыл толып отыр. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан осы атаулы жылды жан-жақты мерекелеуге дайындалуда. Бұл расында да өте орынды. Өйткені ғасырлардан кейін әрең қол жеткізген тәуелсіздігіміз баянды болуы үшін мұның халыққа, әсіресе жас ұрпаққа жіті түсіндірілуі қажет. Сонда ғана ел болып, халық олып еліміздің келешегі үшін жұмыс істей аламыз. Бұл үшін тәуелсіздіктің мәні жақсы түсіну қажет.

Осы орайда әсіресе, тәуелсіздік жолында құрбан арыстарымызды, ұлы тұлғаларымызды әрдайым еске алып құрметтеген дұрыс. Міне, осы тұрғыдан алғанда тарихи тұлғалар арасында саналы ғұмырын Қазақстан және Түркістан халықтарының тәуелсіздігіне арнаған Мұстафа Шоқайдың орны бөлек. Өкінішке орай, Кеңестік кезеңде түрлі жалалар жауып ат айдар тағылып есіміне тиым салынған Мұстафа Шоқайға тәуелсіздіктен кейін 20 жыл өтсе де әлітолық бағасының берілмей жатқандығы өкінішті. Біз осы мақаламызда Шоқайға кеңестік кезеңде қалай күйе жағылғаны және бұл күйені жою барысында қазақ зиялыларының жүргізген күресі туралы тоқталмақпыз.


Мұстафа Шоқайды қаралаушыларға жауап

Өскеменде «Flash!» дейтін газет бар екен. Азаттық радиосының жазуына қарағанда, былтыры жазда газеттің бас редакторы Денис Данилевский «Национал – демократы против ​​​Таможенного Союза» тақырыбының өзі Ресейдің мемлекеттік мүддесін ынта-шынтасымен қорғайтынын айғақтап тұрған мақала жазады. Жазып қана қоймай, Алаштың аяулы ұлы Мұстафа Шоқайға «қазақтың Власовы, фашистердің құйыршығы» деп  тиіседі. Шоқайда жеті атасының құны кеткендей әлгі газет мұнымен тоқтамай Сергей Михеев дейтін журналисттің мақаласын басады. Мақалада «Мұстафа Шоқай – Қазақстан мен Орта Азияның бола алмай қалған әміршісі, фашистік ұйымның басшысы, «Түркістан легионының» идеялық жетекшілерінің бірі», деген қазақ тарихы мен қазақ халқы үшін өте ауыр сөздер айтады.


Сөйткен газетті «Мұстафа Шоқай жолымен» фильмінің авторы әрі режиссері Қасымхан Бегманов сотқа берген екен.

Бүгін сол сот: «Бегманов берген талап-арызды қанағаттандырмау және сот процесіне кеткен шығынды өтеп беру туралы» шешім шығарыпты. Газет пен оның қорғаушысы сот шешіміне дән риза екен.


Мұстафа Шоқайға Қазақстанда тиісті бағанын әлі берілмей келе жатқанынан кім жауапты ?

Таяуда Қазақстанда Шоқайға « фашисттермен біргестен », яғни « сатқын » деп баға берген журналисттер сотқа берілген. Демек тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдай уақыт өткенмен, Кеңестік жалған ақпараттардың әсер ықпалынан әлі де болса арыла алмай келе жатқан азаматтар бар екен. Яғни саяси тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдан асса да, кейбір азаматтардың сана тәуелсіздігіне әлі қол жеткізе алмай келе жатқаны өкінішті. Басқа сөзбен айтқанда бір қатар азаматтардың кеңестік ойлау жүйесінен тәуелсіздік ала алмай отырғаны байқалады.

Мұнын кінәлісі кім? Шоқайға Кеңестік кезеңнін көзқарасымен « сатқын » деген журналист пе? Жоқ әлде азаматтарына тәуелсіздік тарихын толық түсіндіп бере алмаған Қазақстан ғалымдары мен мемлекеті ме ? Сонда кімді сотқа беру керек?