1 Kasım 2012 / admin / 0 Comments
Қазақтың қаражорғасының тарихының 2500 жыл әріде жақтаны, оның шығу төркінінің көне түркілерде, атап айтқанда сақтар, үйсіндер мен ғұндар кезінде екені ортаға шықты. Мұны Қытайдың Гансу өлкесі Қаратау өңірінде 1970ьті жылдарда табылған петроглифтер айғақтауда.
Би билеген адамдардың басындағы шошақ баскиім мен оның төбесіне тағылған үкі де біздің салт-дәстүрге жақын екенін көрсетеді.
1 Kasım 2012 / admin / 0 Comments
Kazak Türklerinde yaygın Karajorga dansının tarihinin 2500 sene ötelere, Sakalar ve Hunlar dönemine gittiği Çin’de 1970’li yıllarda bulunan ve 1981’de koruma altına alınan kaya resimlerinden anlaşılıyor. Dans eden insanların başlarındaki sivri uçlu börkler ve börklere takılmış puhu kuşu tüyleri bunların Türk olduklarını gösteriyor.
15 Mayıs 2012 / admin / 0 Comments
2012 жылы 21 сәуір күні Астанада дүние салған Хақан (Ахан) Отыншы үшін 13 мамыр күні Ыстамбұлда ас берілді. Ыстамбұл Гүнешлі Қазақкент аулында Қожа Ахмет Яссауи діни қорында берілген аста сауабы Хақанның аруағына бағышталып құрандар оқылып дұғалар істелді. Марқұмның барған жері ұжмақ, жатқан жері торқа болғай!
Белгілі болғандай Лондонда тұратын электорника саласының маманы, ғылым докторы Хақан өткен жылы қыркүйек айынан бері Астанадағы Назарбаев техникалық университетінде сабақ беруде еді.
29 Mart 2012 / admin / 0 Comments
Қазақ пен түрiктiң тамыры ортақ. Ортақ тамырды ұмытпау, әрi қарай iлiп әкету — бүгiнгi түркi баласының парызы. Бармасаң, көрмесең жат боласың. Күнделiктi барыс-келiс қана емес, мәдениет, ғылым, елтану саласындағы жүйелi байланыс та туыс елмен арадағы алтын көпiр. Осы орайда бүгiнгi түрiк қазiргi қазақ жайында не бiледi, өзiмiздi Түркияда қаншалықты таныттық, аз-кем шолып көрсек.
Қазақстан туралы жекелеген басылымдар мен жинақтарда жарық көрген мақалалар мен энциклопедиялық мәлiметтердi айтпаған күннiң өзiнде, арнайы зерттеу еңбектердiң өзi бiр төбе. Бұларды төртке бөлуге болады.
Түрiк елiнде қазақ халқы турасындағы зерттеу еңбектер бүгiнгi Түркия Республикасы алғаш құрылған кезде-ақ жарық көре бастады. Сол кезеңдегi зерттеулердi нағыз тұщымды еңбектер деуге болады. ХХ ғасырдың 20 жылдарында Түркия Республикасы жарияланған мұғдарда Мұстафа Шоқай мен Зәки Уәлиди өз елiн мұратқа жеткiзу жолындағы күресiн Еуропада жалғастырып, “Түркiстан” және “Яш Түркiстан” журналдарын шығарды. 1929 жылы Зәки Уәлиди қазақтар мен Орталық Азияның өзге де халықтары тарихына қатысты “Түркiстан және оның жаңа тарихы” атты кiтабын жариялады. Содан берi 80 жылдай уақыт өтсе де әлi құнын жоймаған бұл еңбекте бүгiнгi тарихшылар “бас ауыртып” жүрген қазақ тарихының күрделi мәселелерi қамтылды.
20 Mart 2012 / admin / 0 Comments
“50 жылда ел жаңа 100 жылда қазан жаңа” деген қазақтың мақалы бар. Бұл сөздің мәніне Түркия қазақтарының тарихына қарағанда әбден көз жеткізуге болады. Өйткені Түркия қазақтарына 50 жыл толып бір неше жыл да асып отыр. Осы 50 жыл ішінде Түркия қазақтарының жаңарғанын көруге болады. Қазір Түркия қазақтары басым көпшілігін Түркияда туып өскен қазақтар құрап отыр. Бүгінгі таңда, Түркия қазақтарынын алғашқы легі осы елге қадам басқан 1952 жылы дүниеге келген бала қазір 50 жастан асып отыр.
Осы мақалада Түркия қазақтары 50 жылда не істеді? Қандай жағдайларды бастан кешірді? Бүгін не істеп жатыр? Ертең не болады? Қазақтар қазақтық қалпын, салт-дәстүрін сақтай ала ма? деген сұрақтар төңірегінде сөз қозғалады.
Өткен 50 жылға көз тастайық дегеніміз тарих. Ендеше Түркия қазағынын бүгінгісі мен ертеңгісі туралы сөз қозмас бұрын тарихына тоқталған жөн. Осы орайда қазақтар Түркияға қай жолмен қалай келіп қалды? деген мәселеге тоқталамыз. Оның одан алдынғы тарихы өз алдына үлкен әңгіме. Оны осы мақаланың шектеулі аясы көтермейді.
Қазақтар, Түркияға Үндістан-Пәкстан арқылы келді. Олар, Түрік үкіметінің 13 Наурыз 1952 күнгі қаулысы бойынша Түрік еліне қабылданды. Осыдан кейін алдына 12 жыл, артына 2 жыл болған Үндістан мен Пәкстандағы екі мыңға жуық қазақ Түркияға қоныс аудара бастады. Сөйтіп қазақтың алғашқы тобы болып Құсайын Тәйжі бастаған қазақтар 1952- жылдың қыркүйек айында түрік еліне қадам басты. 1953 және 1954 жылдары келулер одан әрі жалғасты. Үндістандағы соңғы топ ретінде Қалибек Әкім бастаған қазақтар 1954 жылдың көктемінде Түркияға келді. Сонымен қыркүйек 1952 мен мамыр 1954-тін арасында Үндістан мен Пәкстанда өмір сүрген 1850 қазақтың барлығы Түркияға қоныс аударды.
20 Mart 2012 / admin / 0 Comments
Қытайдағы қазақтар
Бүгінгі Қытай қазақтары мекендеп отырған байтақ дала ежелден-ақ қазақ ұлтын құраған ру-тайпалардың ата қонысы. Мұны Қытай жазбаларының қай -қайсысы да терістемейді. Біздің заманымыздан бұрынғы жылдардан бастау алатын жазба деректер қазақты құраған ру тайпалардың сол дәуірлерде ақ бүкіл Қытай өңірінде, жүйеден Шыңжаңда жасағандығын айғақтап отыр.
Қазақтардың екі мемлекетке бөлініп қоныстануы 1864 жылғы “Қытай -Ресей батыс солтүстік шекараны өлшеп айыру тоқтамынан” басталды. Деректерге қарағанда, бұл тұста Абақ керейдің түтін саны 30 мыңға, егер бір отбасында бестен жан бар деп есептесек, жан саны 150 мыңға жетті. Бұл тоқтамның бесінші тармағында былай делінеді: “Қазақ халқы бұрын қай жерді қоныстанып келген болса, бұдан былай да сол жерді қоныстанып, байырғы мекендерінде отырып, бұрынғы кәсіптерін істеп, бейбіт өмір өткізе береді. Шекара айырылғаннан кейін бұл жер қайсы мемлекетке қараса, сол жерді мекендеген адамдар жерімен сол мемлекетке қарайды”.
19 Mart 2012 / admin / 0 Comments
Түркияның Нигде қаласында тұратын қазақтардың Тамыз айының 28-29 күндері өткізілген Алтай ауылының 50 жылдық тойы кезінде ұйымдастырылған еларалық конферанцияда жасаған баяндамамызды назарларыңызға ұсынамыз. Конферанцияға Қазақстанның белгілі ғалымдары Проф. Рымғали Нұрғали, Проф. Мәмбет Қойгелдиев және Проф. Гүлнара Меңдіқұлова қатысты.
50 жыл алдын басталған қазақтардың Түркияға қоныстануы, төрт жылдық процесті қамтыйды. Алтайдан басталып Ғансу, Шыңқайдан өтіп Гималая мен Тибеттен асып Пакстанға жеткен қазақтар бұл арада біраз жыл тұрақтағаннан соң Түркия Республикасының Басминистір Аднан Мендерес басшылығындағы үкіметінің 1952. жылдың 13. Наурыз күнгі қаулысымен түрік еліне қыбалдынды. Сонымен Пакстандағы қазақтардың алғашқы легі, сол жылдың қыркүйек айында Стамбұл қаласына ат басын тіреді. Осыдан кейін өздерінің көш жетекшілерінің басшылғында топ топ боп Түркияға келе бастады. Көштің соңғы легі 1956 жылдың көктемінде келді.
Негізінде, Пакстандағы қазақтардың ол кезде баратын елі, тек Түркия ғана емес еді. Ұрұмчі қаласындағы консулын аман есен Тибет шеғарасына жеткізген қазақтарға АҚШ да жанашырлық танытып баспана, жұмыс беретінін балаларын тегін оқытатын білдіріп көшіп келуге шақырды. Бірақ, қазақтың көшбастаушы жетекшілері түбі бір туысқан тілі, ділі жане діні бір Түркиядан басқа елге баруды қаламады.
18 Mart 2012 / admin / 0 Comments
17 Mart 2012 tarihinde Kazaklar Türkiye gelişlerinin 60. Yılı vesilesiyle İstanbul Topkapı’daki anıtmezarında Adnan Menderes’i rahmet ve minnetle andılar. 1930’lı yıllarda Doğu Türkistan’da zulüm ve baskıya uğrayan Kazaklar at sırtında Taklamakan Çölünü ve Himalaya dağlarını aşarak Hindistan’a geldiler. 12 yıl burada muhaceret hayatı yaşayan Kazaklar Adnan Menderes Hükümeti’nin 13 Mart 1952 günü aldığı kararla Türkiye’ye iskânlı göçmen olarak kabul etmeleriyle en büyük arzuları gerçekleşerek Türkiye’ye yerleştiler.
Gerçi 1947’de kurulan Müslüman Pakistan’da da alaka ve ilgi görüyorlardı. Ama Türkiye’nin yeri başkaydı. Çünkü, Mustafa Çokay’ın dediği gibi, Türkiye tüm Dış Türklerin ikinci vatanıydı. Bu sebeple Türkiye’deki Kazaklar için Türkiye’ye kabullerini öngören 13 Mart 1952 tarihi çok önemli bir gündür.
23 Şubat 2012 / admin / 0 Comments
Қазақтар Түркияға 1954 жылдан қоныстана бастаған. Қазiр осы қазақтың ұрпағы Еуропаның 10 мемлекетiнде тұрады. Жалпы саны – 20 мыңға жуықтаған. Түркияда тұратын қандасымыз, тарихшы ғалым, Мимар Синан университетiнiң профессоры Әбдiуақап Қара Түркия қазақтарының тарихынан сыр шерте отырып, бүгiнгi тыныс-тiршiлiгiнен хабар бере кетудi жөн санайды.
ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
Түркия қазақтарының аталары өткен ғасырларда Шығыс Қазақстан мен Қытай қол астындағы Шығыс Түркiстан аймағында өмiр сүрген. 1864 жылы Қытай мен Ресей патшалығы шекараны белгiлегенде, олар Шығыс Түркiстан жақта қалып қойған. Олардың аталары 1930 жылдардан кейiн Шығыс Түркiстандағы Қытай губернаторларының саяси қысымы мен қудалаулары салдарынан жалпы алғанда екi дүркiн үдере көштi.
Бiрiншi көш – Елiсхан және Зайып батырлардың жетекшiлiгiнде 1938 жылы басталды. Арттарынан үдере қуған қытай әскерлерiмен шайқасып, Тибет, Гималайды асып, 1941 жылы Үндiстанға жеткен.
Екiншi көш – бұдан он жылдан соң Мау Зыдұңның төңкерiсiнен кейiн қозғалған. Бұл көшке Қалибек әкiм, Сұлтан Шәрiп Зуқа батыр ұлы, Құсайын Тәйжi, Дәлелхан Жаналтай сынды төрт адам басшылық жасады. Бұлар 1951 жылы Кәшмiр қаласына келiп орналасты.
17 Ocak 2012 / admin / 0 Comments
Kazakların Altaylardan Anadolu’ya Uzanan Göçü
Doç. Dr. Abdulvahap Kara
Bu yazımızda, Doğu Türkistan`dan ve Afganistan`dan Türkiye yapılan Kazak Türkleri`nin göçlerini ele alacağız. Bu göçlerden özellikle Doğu Türkistan Kazaklarının göçünün birden ve doğrudan yapılmadığını, aşama aşama türlü sıkıntılardan sonra gerçekleştiğini göstermeye çalışacağız. Türkiye`de sayıları tahminen yaklaşık 15 bini bulan Kazak Türkleri elli yıldan fazla bir zaman önce göç ederek gelmişlerdir. İstanbul, Ankara, İzmir, Manisa, Niğde, Konya ve Kayseri gibi şehirlerde yaşayan Kazakların ilk yerleşim birimlerinden birisi Zeytinburnu`dur. Bu açıdan, Kazak Türkleri`nin göçünün de konuşulduğu bu göç sempozyumunun Zeytinburnu Belediyesi tarafından düzenlenmiş olması Kazaklar için ayrı bir mana taşımaktadır.
Burada belirtilmesi gereken bir husus, Kazak Türkleri ile Slav ırkından Kazaçi ve Kozaklar olarak da isimlendirilen Osmanlıya karşı Doğu Anadolu ve Kafkaslarda Rusya ordusunda savaşmış olan hristiyan Kazaklarla karıştırılmamalıdır. Türkiye Kazaklarının tarihinde 16 Aralık 1991 günü bir dönüm noktasıdır. Çünkü, bu günde, Kazakistan bağımsızlığına kavuşmuştur. Böylece, dil, din ve kültürlerini korumak için göç eden Kazakların anavatanları ile ilişki kurmasının önünde hiçbir engel kalmamıştır. Hatta, bazı Kazak aileleri eski vatanlarına geri göç etmektedir.
Diğer yandan Kazakistan Cumhurbaşkanı Nursultan Nazarbayev`in dış politikasında da yurt dışındaki Kazaklara özel bir yer verilmektedir. Bu durumda, Türkiye`de Kazaklar, iki kardeş ülkenin kültürel ilişkilerinin gelişmesinde önemli katkılar sağlayabilecek konumda olduğunu söyleyebiliriz. Doğu Türkistan Kazakları`nın Göçten Önce Yaşadığı Coğrafya: İlginçtir, Türkiye`deki Kazakların çoğunluğunun göç hareketinden önce yaşadıkları coğrafya, Kazakistan sınırları içinde değil, bugün Çin Halk Cumhuriyeti sınırları içinde bulunan Doğu Türkistan Uygur Özerk Bölgesinin kuzeyinde kalan topraklardır. Halen bu bölgede 1.5 milyon civarında Kazak Türkü yaşamaktadır.