Ыстамбұлдағы 60 бала домбыра мен ұлттық биді меңгеріп шықты

Бірақ, қор жанынан ұлттық руханиятты ұрпақтар жадына сіңдіру мақсатындағы осы курстарды ашу туралы шешім «Домбыра» әні партия әнұраны болмай тұрған кезде қабылданған болатын. Түркия қазақтары қоры Мәдениет бөлімінің басшысы Бешір Ахмет Көсенің басқаруында Седат Солақұлы мен Айдана Ахмет домбырадан дәріс беріп, Құралай Гезер бүлдіршіндерге би үйретті. 15 ақпан күні басталған курстан бүгін 30-дай баламыз домбыраны үйреніп, 30-ға жуық қызымыз ұлттық биді меңгеріп шықты. Қор курсты одан ары жалғастыратын болады»,-деді қор төрағасы.

Естеріңізде болса, 30 наурыз күні Түркияда өткізілген жергілікті сайлау кезінде билік партиясы «Домбыра» әнін әнұран етіп алған болатын.

Сертификат беру рәсімінде оқушылар үйренген күйлерін орындап, қазақ биін биледі. Ұстаздар ән шырқады.

«Шетелдерде өмір сүретін қазақтар үшін, әсіресе Түркия мен Еуропа секілді елдердегі саны аз қандастарымыз үшін ұлттық мәдениет пен өнер жайында курстар ашу аса маңызды. Бұл тек жастардың ұлттық болмысын сақтау үшін ғана емес, осы курстар арқылы олар бас қосып, бір-бірлерімен танысуға мүмкіндік алып отыр. Әйтпесе 17,5 миллион халқы бар Ыстамбұл секілді қалада ат төбеліндей аз ғана қазақтың балаларының басы жиі қосыла бермейді. Сондықтан осындай орайлар өте қажет»,-дейді түркиялық ғалым қандасымыз Әбдіуақап Қара.

Айта кетейік, Түркия қазақтары қоры тек жастар ғана емес, Түркия, Еуропа мен атамекен Қазақстандағы қазақтардың басын қосу мақсатында биыл шілде айының аяғында кіші құрылтай ұйымдастырмақ.

Майгүл СҰЛТАН,

http://baq.kz/kk/diaspora/1039

Bir cevap yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *

Bu site, istenmeyenleri azaltmak için Akismet kullanıyor. Yorum verilerinizin nasıl işlendiği hakkında daha fazla bilgi edinin.