Ыстамбұлда балалар үшін тіл және мәдениет орталығы ашылды

14 қараша күні Ыстамбұлдың Зейтінбұрын ауданындағы Қазақ қорында 3-5 жас аралығында балаларға тіл және қазақ салт дәстүрлерін үйрететін орталық ашылды. Орталықта жыл сайын 40-50 бала сағат 09.00-17.00 арасында тәлім тәрбие алатын болады.

Қор төрағасы Абдуахап Қылыш ана тілді қаршадайынан балаларға үйретудің маңыздылығын ескере отырып осы орталықты ашқандарын атап өтті. Сонымен қатар балалар ересек жасқа келген уақытта қазақ тіліне көніл бөлмеуде, көніл бөлсе оқудан немесе жұмыстан қолдары босамауда.

Сондықтан тіл мен салт дәстүрді үйренуге ең тиімді шақ осы 3-5 жас аралығы. Және балалардың осы мезгілде осы орталықта болулары жұмыстағы ана-аталарға да тиімді болмақ. Қор төрағасы сонымен қатар осы орталықтың ашылуына қолдау көрсетіп тұсауын қиған Қазақстан елшісі Жансейіт Түймебаевқа, осы орталықтың жетекші қызметкерлері және мұғалімдері Құралай Гезер мен Айнагүл Кесижиге алғысын айтты.

Көптеген ата-аналар қатысқан тұсаукесер рәсімінен кейін Елші Жансейіт мырза Қазақстаннан келген қуыршақтар мен кітаптарды орталыққа сыйлады. Осы жиында бүлдіршіндер тақпақ айттты, қазақ билерін биледі.

Әбдіуақап Қара – Ыстамбұл

Bir cevap yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *

Bu site, istenmeyenleri azaltmak için Akismet kullanıyor. Yorum verilerinizin nasıl işlendiği hakkında daha fazla bilgi edinin.