МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ БІР ҒАСЫР БҰРЫН ФРАНЦУЗ ТІЛІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРГЕН МАҚАЛАЛАРЫ ЕНДІ ӨЗІНІҢ ТУҒАН ХАЛҚЫНЫҢ ТІЛІНДЕ
Құрметті достар, құрметті әріптестер бүгін мен үшін қуанышты күн. Өткен жылы француз тілінде жарық көрген Мұстафа Шоқайдың түркі әлеміне қатысты мақалаларыннан құрастырған “Кеңес Одағының түркі әлемі саясаты” атты еңбегіміз түрік тілінен кейін енді қазақ тілінде жақын арада баспадан жарық көргелі отыр.

Қараша айының басында баспадан жарық көретін кітапта бұдан бір ғасыр бұрын бір туар мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың француз журналдарында жарық көрген 120 мақаласынан таңдалған 40 мақаласы орын алып отыр.Шоқайдың кезінде французша жазып кеткен мақалаларын өзінің ана тілінде туған халқына тарту ету үшін мен үлкен бақыт. Бұл күнге жеткізген, осындай мүмкіншілікті маған сыйлаған құдыреті шексіз жаратушы бір Аллаға сансыз шүкіршілік етемін.Құрметті қазақ тілді оқырман қауым Алаш қайраткері, түркі әлемінің жарқын болашағына өмірін арнаған Шоқайдың еңбегі баршаңызға құтты болсын!