ӘЛЕМДЕГІ ҚАЗАҚТАР, ОЛАР КІМ, ҚАЛАЙ ӨМІР СҮРЕДІ?
Бұл тоқтамға қазақтар арасында наразылық туылды. Қоныс аудару, толқулар көбейді. Сонымен Қытай мен Ресей елдерінің шекараны өлшеп, айыруға шыққан ұлықтары ақылдаса келіп, бұрынғы тоқтамға мынадай қосымша мазмұндар кіргізді: “Шекара айырылғаннан кейін осы шекараның екі жағын қоныстанған қазақтарға қайсы елге қарауды таңдап алу үшін бір жылдық уақыт беріледі. Осы бір жыл ішінде қайсы мемлекетке қарасты болуды олар өз еркімен таңдап алады. Қайсы мемлекеттің қарамағына өтуді қаласа, сол мемлекетке бөлінген жерге өтіп қоныстанады. Бұл олардың бүтіндей өз қалауы бойынша болады”.
Міне, осылайша сонау атамзаманнан бері іргесі бөлінбей, ауылы аралас, қойы қоралас болып келген қазақ елі екіге жарылып, Қытайдағы қазақ диаспорасы қалыптаса бастады.
Қытайдағы қазақтар Шыңжаң ұйғұр автономиялы районының Іле қазақ автономиялы облысында (Іле, Алтай, Тарбағатай үш аймақты өз ішіне алады), Мори қазақ автономиялы ауданында, Баркөл қазақ автономиялы ауданында тұрады. Бір бөлімі Үрімжі, Шыхызы, Қарамайлы қалаларында және Санжы хұйзу (дүңген) автономиялы облысына қарасты Санжы, Құтыби, Манас, Жемсары, Шонжы, Фукаң, Мишуан, Фукаң аудандарында тұрады. Бұдан басқа Шыңжаңмен шекаралас Чиңхай өлкесінің Хайши моңғол-тибет қазақ автономиялы облысында (көбі Шыңжаңға қайтып келді), Гансу өлкесінің Ақсай қазақ автономиялы ауданында тұрады.
Тарихта батыс өңір, бүгінде Шыңжаң ұйғұр автонмиялы районы аталып отырған осы кең байтақ мекеннің территориялық жер аумағы 1 млн 600 мың
шаршы шақырым. Жалпы Қытай жер аумағының 1/6 бөлігін ұстайды. Оның құрлықтық шекарасының ұзындғы 5600 шақырым болып, Монғолия, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пакистан, Үндістан секілді 8 мемлекетпен шекараласады. 2000 жылғы Қытайдың халық санағына негізделгенде, Шыңжаңдағы қазақтар шоғырлы қоныстанған Іле қазақ автономиялы облысында 4 млн 83 мың 300 қазақ тұрады екен. Қытай елінің ресми деректкрі қазақтың санын 1 млн 300 мыңнан 1 млн 500 мыңға жеткізді.
Жылдық өсімі 26 мың. Ал белгілі демограф, ғалым Мақаш Тәтімов ағамыз бұл елдегі қазақтың санын ресми деректерден көп қылып көрсетеді. Ал көш басталғаннан бері Қытайдан келген қазақтардың саны 18 мың.
Монғолиядағы қазақтар
Монғолиядағы қазақтар негізінен Баян-Өлгий аймағында тұрады. Осыдан он шақты жыл бұрын Монғолияда 150 мыңдай қазақ бар еді, олардың 70 мыңдайы Қазақстанға көшіп келді. Жалпы Монғолияда қазір 130 мыңға жуық қазақ бар. Оның жүз мыңға жуығы Баян-Олгий аймағын мекендейді. Шетелдегі ұлттық жағдайы ең жақсысы – осы Монғолия қазақтары. Олардың басым көпшілігі өз ана тілінде оқиды. Қазақтың ұлттық ерекшелігін, ежелгі салт-дәстүрлерін, атакәсібін жақсы сақтаған. Аймақтың басшыларының бәрі дерлік-қазақтар. Бұл елде демократия барынша кең қанат жайған. Сондықтан қазақтар қиыншылық көріп отырған жоқ.
Қырғызстандағы қазақтар
Қырғызстанда 45 мыңдай қазақ бар. Қырғызстандағы қазақтар Бишкек қаласы мен оның төңірегінде, Шу алқабында, Ыстық көл айналасына көбірек орналасқан. Қырғызстандағы қазақтардың басым көпшілігі арасында біразі қырғызша, Ош өңірдегілер өзбекше оқып, білім алған. Қазақ мектептері жоқ.
Өзбекстандағы қазақтар
Қазақтар ең көп орналасқан елдердің бірі – Өзбекстан Республикасы. Қазір бұл елде 1,5 миллионнан астам қазақтар тұрады. Олардың ең көбі (400 мыңнан астамы) Қарақалпақстан автономиялы Республикасында орналасқан. Сондай –ақ Ташкент, Жызақ, Бұқара, Науаи сияқты облыстарда тұтас ауыл, аудан болып отырған қазақтар баршылық.
Өзбекстанда қазақ мектептері әзірге баршылық, қазір 522 мектепте қазақ тілінде білім беріледі, оның 234-і – таза қазақ мектептері. “Нұрлы жол” атты қазақ тілінде республикалық газет шығады. Өзбек теледидарынан “Замандас” атты қазақша хабар соңғы уақытта тұрақты көрсетіле бастады. “Асыл мұра” атты қазақша кітаптар шығаратын арнайы редакция бар. Нүкісте “Бес қала” атты қазақ театры, Бостандық ауданында қазақ музыкалық комедия театры ашылған.
Өзбекстан қазақтарының атажұртқа оралуға деген ынта-ықыласы ерекше.
Оған Өзбекстан жағынан төтенше кедергі, қарсылық жоқ. Қазір Қазақстан Өзбекстанға жылына 10-11 мыңдай отбасының көшіп келуіне квота бөліп отыр. Ал арыз берушілердің мөлшері бұдан бірнеше есе көп. Қарақалпақстан қазақтарының біразы Қазақстанның Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарына қоныс аударды.
Түркіменстандағы қазақтар
Түркіменстанда соңғы жылдарда санақ жүргізілмегендіктен және де осындағы қазақ ағайындардың өсіп-өнуі мен көші-қон жағдайлары толығымен анықталмағандықтан (1995 жылғы санақта – 86978), қазіргі кезде 60 немесе 70 мыңдай қазақ тұрады деген болжамдардың өзі нақты көріністі бере алмайды. Түркменбашы қаласында жақын жерде орналасқан “Аққулы маяк” қалашығында 2000-ға жуық халық тұрады, оның 90%-ы қазақтар.
Қазақ ағайындар Түркіменстанның 5 велаятында (облыс) әр түрлі жиілікте қоныстанған. Олар әсіресе Қазақстанмен шекаралас Балқан велаятында (20-25 мың), Қарақалпақстанмен шекаралас Дашоғыз (Ташауыз) велаятында (15-20 мыңдай) шоғырлана қоныстанған. Мары велаятында (10-15 мыңдай) , Түркменстан астанасы Ашхабатта 170 қазақ отбасы тұрады.
Осында тұратын қазақтардың жастық көрсеткіштегі санын пайыздық есеппен алатын болсақ: 1-25 жас аралығындағылар шамамен 40%, 25-45 жас аралығындағылар 20%, 45-65 жастағылары 25%, 65-тен жоғарылары 15% деп болжам жасауға болады.
Түркіменстандағы қазақтардың басым көпшілігі 1928-1930 жылдары Қазақстанда басталған ашаршылықтан, әр түрлі қуғын сүргіндерден Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан бас сауғалап барғандар. Кеңес Одағы тұсында олардың біразы атамекенге оралды. Бүгінде Түркіменстандағы қазақ мектептері түгел жабылған. Ол жаққа қазақша кітап, газет, журналдар бармайды. Қазақша телехабар мүлде жоқ.
Тәжікстандағы қазақтар
Кеңес Одағы кезінде Тәжікстанда 30 мыңнан астам қазақтар тұтас ауыл болып отырған. Бірақ Тәжікстандағы қазақтардың басым көпшілігі соғыс кезінде Қазақстанға (Оңтүстік Қазақстанға) қоныс аударды.
Қазір қазақтар Душанбе қаласы мен оған жақын аудандарда бірен-саран кездеседі, негізінен аралас некедегі қазақ қыздары. Бірақ олар бастарын қосып ешқандай ұлттық мәдени орталық құрған жоқ.
Ауғанстандағы қазақтар
Осыдан оншақты жыл бұрын алыс шетелдердің ішінде қазақтар ең көп, тығыз орналасқан елдің бірі – Ауғанстан елі. Мұндағы қазақтар негізінен Мазари Шариф төңірегінде тұратын. Кабул қаласында және басқа жерлерде біраз қазақтар бар еді (жалпы ол кезде ресми статистикалық есептерде Ауғанстанда 30 мың қазақ бар деп көрсетілген). Міне осы қазақтардың басым көпшілігі Ауғанстандағы соғыс кезінде шетелдерге(Иран, Түркия, Сауд Арабиясы, Пакистан) өтіп кетті. Кейін олардың бәрі дерлік Көші-қон квотасы арқылы Қазақстанға жетті. Олар негізінен Оңтүстік Қазақстан облысына келіп қоныстанды, біраз бөлігі Алматы облысында тұрып жатыр.
Қазір Ауғанстанда 300 отбасындай қазақтар қалды деп
есептелінеді. Олармен байланыс өте қиын. Барыс-келіс мүлде жоқ деуге болады. Сондай-ақ, Ауғанстанда қазақ жерінен осыдан 150-200 жыл бұрын кеткен қазақтар бар. Олар өз шежіресін, ата-бабасын жақсы біледі. Бірақ қазақ тілін білмейді.
Ирандағы қазақтар
Иран қазақтары 1929-1933 жылдар аралығындағы “Қызыл табан, шұбырынды” кезінде Маңғыстаудан Түрікменстан аймағына өтіп, Иранның солтүстік шекарасындағы шағын қала Гомишан және Саллақ ауылына барып табан тіреді. Гомишан мен Сллақтың тұрғындары түгелдей түркмендер болатын. Аталмыш мекендер Иран жерінің “Түркімен сахарасының” батыс жағында орналасқан. Негізінде “Түркімен сахара” Иранның солтүстік пен солтүстік шығысын алып жатқан кең қала.
Қзақтар негізінен Мазандаран провинциясының Горган, Гумбез Қауыс, Бәндер Түркімен деген үш қаласында шоғырланып , әр қаланың екі ауылына қоныстанған. Қазіргі уақытта аталған үш қала Мазандаран провинциясынан еншісін алып, Гүлстан провинциясы деп аталады. Жаңадан құрылған Гүлстан провинциясының орталық қаласы Горган шаһары болып белгіленеді.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Иранда 6 мыңдай қазақ бар деп есептелінетін. Қазақстанға көшуге байланысты қазір олардың саны біраз азайды. Қазір Иранда 400-ден аса үй бар.
Иран қазақтарының қалыптасуы бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың басым көпшілігі – отызыншы жылдардың басында Маңғыстау өңірінен өткендер. Кейін яғни сексенінші жылдарда оларға Ауғанстан қазақтары қосылған.
1992 жылы Иран Ислам Республикасы (ИИР) мен Қазақстан Республикасы (ҚР) арасында саяси келісім хатқа қол қойылды. 1995 жылы күзде Иран қазақтарының алғашқы легі Қазақстанға оралман болып көшті.
Түркиядағы қазақтар
Қазақстан егемендігін алғалы ең бірінші шетелдегі қандастарымызбен қатынас орнатқан ел Түркия. Түркиядағы қазақтардың саны – 20 мыңнан аспайды. Олар негізінен Стамбул, Салихлы, Анкара, Измир қалаларын мекендейді. Кәсібі – тері өндірісі, каучук бұйымдарын шығару, саудамен айналысу.
1952 жылы Қытайдан Тибет асып, Кашмирге келген қазақ көші басшыларының бірі Хұсайын Тәйжі өз баурымыз деп Делидегі Түркия Республикасының елшілігіне “қазақ көшін қабылдау туралы” өтінішімен кірді. Берілген өтініш Түркия Республикасы Министрлер кабинетінде 13.03.1952 жылы sex hikayeleri қабылданып, қанағаттандырылды. Сонымен Түркия Республикасына алғашқы қазақ көшін Хұсайын Тәйжі бастап барды. Оның құрамында 20 отбасы, 102 жан саны болды. Барған қазақ көшін Түркия Республикасы Стамбул қаласында күтіп алып, оларға сегіз ай өз мәдениеті мен дәстүрін , тілін, ділін үйретті. Сол аралықта қазақ қандастарға Түркияның Қайсар облысы, Деуелі, Яхиялы, Ильясты аудандарынан үй, жер бөлініп, келгендерді сонда орналастырды.
Ал, артта қалған көш Түркияда орныққан қазақ бауырлардың жақсы жағдайын хат арқылы біліп, олар да 1953-1954 жылдар арасында бөлім-бөлім болып түріктектес бауырларға келіп қоныстанды. Олаp 1850 жан, 675 отбасы еді.
Жоғарыда Түркия Республикасы бөліп берген төрт облысына жерлескен қазақтардың отбасы саны:
1. Қайсар облысына 100 отбасы;
2. Нигде облысына 234 отбасы;
3. Кония облысына 160 отбасы;
4. Измир облысына 160 отбасы;
654 отбасы және 21 ұйғыр отбасытуысқандарымен барлығы 675 отбасы орналасты.
Түркия елінің жағдайына, тұрмысына қаныққан қазақ қандастарымыз 5-6 жыл мемлекет бөліп берген жерлерде тұрды-дағы жағдайларын жақсарту және ел қатарлы өмір сүру мақсатында халық көп шоғырланған, бизнес орталығы Стамбулға келе бастады. Ол жерде қандастарымыз қолөнер, сауда-саттықпен айналысып, ұжымшылдықпен құрған кішігірім зауыттар мен фабрикалар ашып жергілікті өмірге бейімделу қамын жасады.
Ресейдегі қазақтар
Қазіргі кезде Ресейдегі қазақтардың саны 1 миллионға жуық. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Ресей Федерациясындағы облыстарда, өлкелерде және автономиялы республикаларда құрылған 22 қазақ ұлттық мәдени қоғамдарымен мәдени-рухани байланыс жұмыстарын жүргізіп келеді.
Атап айтқанда: Орынбор, Омбы, Астрахань, Мәскеу, Санкт-Петербург, Саратов, Самара, Екатеринбург, Қорған, Түмен, Челябі, Волгоград облыстарында, Алтай Республикасында, Татарстан, Башқұртстан, Саха, Қалмақ Республикаларында.
Жалпы, Ресейдегі қазақтарының тұрмыс-тіршілігі жаман емес. Содан ба, олар қазір Қазақстанға жапырлакөшуді ойлап отырған жоқ. Оның есесіне елдің саяси өміріне араласу жағында бауырларымыз ерекше ынталы. Олай болатын себебі, Ресейдегі қазақтар арасында оқыған азаматтар да, ауыл, аудан өнеркәсіп орындарын басқарып отырған кадрлар да жеткілікті.
Орынбор, Саратов, Астрахань, Омбы, Волгаград облыстарының қазақтар көп тұратын аудандарында қазақ мектебі жоқ (бұрынғы Кеңес Одағы кезінде мектептер болған). Бұларда қазақ тілі факультативтік пән ретінде жүргізіледі.
Венгриядағы қазақтар
Венгрияда да өздерін қазаққа жақынбыз есептейтін ағайындар бар. Олар өздерін қыпшақпыз дейді. Қазақ жерінен осыдан мың жылдай уақыт бұрын кеткен. Сөздерінде біраз қазақша атаулар кездеседі. Олар Қазақстанға, Қауымдастыққа бірнеше рет келіп кетті.
Венгрияның Карцаг қаласында тұратын қыпшақтар 2007 жылдан бастап Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Венгриядағы филиалы болып құрылып, тіркеуден өтті. Осы филиалды белгілі қоғам қайраткері, депутат, Венгриядағы қыпшақтар одағының Президенті Шандор Фазекеш басқарады. Венгрияда 300 мыңдай қыпшақтар бар. Сондай-ақ, “Барыс” қоғамы құрылған.
Германиядағы қазақтар
Германиядағы қазақтар Түркия мен Германия арасындағы келісімшарттың негізінде Түркиядан жұмыс істеуге барған қандастарымыз және олардың ұрпақтары. Олар негізінен 1963 жылдан бастап Германияға кете бастаған.
Бұл телде жалы саны – 300-дей отбасы тұрады. Барлығы шамамен 1,5 мыңдай Адам. Оның ішінде Кельнде – 200 үй, Мюнхеньде – 60 үй, Берлинде – 10 үй, қлғандары Гамбургта және басқа қалаларда орналасқан. Бұдан бес жыл бұрынғыға қарағанда отбасы саны – қырық шақты үйге көбейген. Бұл – ержеткендердің отау болып шығуының арқасында. Мұндағы отандастарымыздың көпшілігі – жұмысшылар. Сауда ісімен айналысып жүргендер, зейнеткерлерде жеткілікті. Бірлі-жарым оқыған азаматтар да бар.
Еуропа қазақтарының кіші құрылтайлары Берлин, Кельн және Мюнхень қалаларында өткен. Кельндегі қазақ қоғамын көп жылдан бері Абдрахман Шетин басқарды. Биылдан яғни 2008 жылдан бастап Абдулғани Маким қолына алды. Мюнхень қаласындағы қазақ мәдени орталығының бастығы – Абдурахман Уналан. Берлин қаласындағы қазақ мәдени орталығын көп жылдан бері Жүнісбай Тораман жүргізіп келеді.
Германиядағы қазақтардың тұрмыстық жағдайы жаман емес. Әлеуметтік жағынан жақсы қамтылған. Олар саясаттан алыс. Көбіне күн көріс қамында. Бұл жақтағы қазақтардың өмірінде өзгеріс көп. Өзгеріс болғанда тұрмыс жағдайында емес, сана өзгерісі. Дін жағына келгенде ислам қағидаларын қатты сақтайды. Ал, болашаққа көзқарастары әжептеуір өзгереген. Олар әсіресе Германия азаматтығын алуға өте ықыласты. “Енді ешқайда бармаймыз. Осы Еуропада қаламыз”, – дегенді әсіресе, жастар жиі айтады. Оның үстіне жастардың мамандық алуға, оқуға талпынуы ерекше. Қзақстанға көзқарастары да жақсы. Бірақ, көшіп келуге ынталы емес.
Франциядағы қазақтар
Бұл елде 2 мыңға жуық қандастарымыз бар. Олар Париж қаласының маңында шоғырланған. Диаспора негізінен XX ғасырдың 70-80 жылдары Түркиядан көшіп келген қазақтар. Олардың осы елдегі Қазақстан елшілігімен қарым-қатынастары жақсы. Басым көпшілігі жұмысшы, бірлі-жарым саудамен айналысатындары да бар. Той-домалаққа қатысуы да сирек. Қзақ мәдени орталығы Францияда тұратын қазақтардың тізімін жасап, тасқа басып жарыққа шығарған. Балаларға арналған ертегілерді латын әрпіне көшіріп балдырғандарға таратқан. Футбол командасын құрған, жарыс өткізіп тұрады. Ал, жастар, әсіресе, балалар ана тіліне шорқақ. Бірлі-жарым қазақ қыздары француздарға тұрмысқа шыққан. Француз, түрік қыздарына үйленген қазақ жігіттері де кездеседі.
Франциядағы қазақ мәдени қоғамын көп жылдан бері Мехмет Зенгин басқарып келді. Ол бүгінде қауымдастықтың төралқа мүшесі. Франциядағы қазіргі басшы – Ирфан Алпер. 2007жылы құрылған Мұстафа Шоқай – Қазақ-Француз қорының президенті Яшар Дініш.
Француз қазақтарынан жеке меншік үй сатып алып, біржола орнығып жатқандар жоқтың қасы. Мұнда да дін әсері күшті.
Швециядағы қазақтар
Швецияда 60- тан астам отбасы бар. Басым көпшілігі Вестерос қаласында тұрады. Швеция астанасы Стокголм қаласында да біраз қазақ отбасылары бар. Кейінгі кезде қандастарымыздың саны тез өскен елдің бірі – Швеция. Оның себебі – жастар үйленді, сөйтіп ауылдың іргесі кеңейді. Мұндағы қазақтарымызда түрлі жұмыста. Зейнетке шыққан қарттар да баршылық. Тұрмыстары жақсы.
Швециядағы қазақ мәдени қоғамын біраз жылдар бойы Ибрагим Дініш, биылдан яғни 2008 жылдан бастап Ибрагим Қосшы басқаруда. Шетелдегі қазақ мәдени орталығы туралы айтар болсақ, тек Өзбекстан мен Түркияда ғана орталықтардың өз ғимараттары бар еді, 2007 жылы Швециядағы қазақтар өз ғимаратын ашып алды. Швециядағы қазақтар да ислам қағидаларына берік. Ораза тұтады, намазға жығылады, қажылыққа көпшілігі барып келген. Осындағы Вестерос қаласындағы қандастарымыз бірігіп, жақында өздерінің қазақ мешітін ашып алды.
Даниядағы қазақтар
Даниядағы қазақтардың негізгі құрамы Ауғанстаннан шыққандар. XX ғасырдың 70-80 жылдары басқын мәртебесімен келгендер. Дания қазақтары кіші жүзге – тоғызыл, кете, шөмекей руларына жатады.
Данияда бар-жоғы 10 отбасы, барлығы 58 қазақ азаматы бар. Даниядағы қазақ мәдени қоғамын көп жылдар бойы Акбар Аюби басқарған. Оның қазіргі төрағасы Абдұлсалам Егембет.
Ұлыбританиядағы қазақтар
Ұлыбританиядағы қазіргі қазақтар Үндістан мен Пакистан арқылы Түркияға көшіп келген алтайлық қазақтардың ұрпағы. Негізінен Лондонда, Рединг қаласында тұрады, барлығы 45 отбасы, бәрі де Ұлыбритания азаматтығын алған. Әрбір отбасында 2-3-тен бала бар. Диаспора өкілдері үш тілде сөйлейді: ағылшын, түрік және қазақ тілдерінде. Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарында олардың бұрынғы тұрған елдерінен көп нәрсе алғандығын көрсетеді. Негізінен түрік салт-дастүрлеріне жақын қазақы негіз сақталған. Тұрмыстары жаман емес. Кейінгі кезде жастардың арасында білім алуға деген құлшыныс жақсы. Қазақстанның елшілігі жанынан қазақ тілін үйрету жетілдірмесі ұйымдастырылған, бұл жастарға ана тілін оқып-үйренуге зор көмек болды.
2004 жылы Лондонда қазақ мәдени қоғамы құрылып, белсенді жұмыс атқаруда. Ол қоғамды Исмайыл Кесижи басқарады. Елшілікпен қарым-қатынастары жақсы. Кейінгі кезде Қауымдастықпен жиі араласып, Қазақстан имиджін қалыптастыруда игі істер атқарып жүр. 2009 жылы Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы осы Лондон қаласында өтеді.
Австриядағы қазақтар
Вена қаласында 20 отбасы тұрады. Қандастарымыз байланыс бөлімінде, такси паркінде, дүкендерде жұмыс істейді. Жағдайларына қарай Вена қаласының әр жерінде тұрады. Мүмкіндігінше Қазақстанмен қарым-қатынас жасағысы келеді. Жастар, әсіресе балалар ана тілін білмейді десе де артық айтқандық емес. Орта мектепті, арнаулы мектептерді бітірген жастардың үлкен университеттерде білімін жалғастыруға мүмкіндіктері бола бермейді. Аз болған соң ба мұндағы бауырларымыздың ұйымшылдығы жақсы. Қазақ қоғамының төрағасы Қызырхан Шолпан, бұрынғы басшы Акбар Қыран.
Америка Құрама Штаттарындағы қазақтар
Америка Құрама Штаттарындағы қазақтар негізінен Нью-Йоркте. Жалпы АҚШ-та бірнеше мың қазақ бар. Оған егемендік алғаннан кейін жақсы өмір іздеп барған 10-15 мың “Қазақстандықтар”, Қытайдан барып, ғылым саласында еңбек етіп жүрген қандастарымыз, кезінде Түркиядан барған бес-алты үй ағайындылар қосылған.
АҚШ-тағы ағайындардың тіршілігі – Еуропа елдеріндегі қазақтармен ұқсас: жұмысшылар, бизнесмендер, зейнеткерлер. Жер шалғай болғандықтан олармен байланымта қиын. Дегенмен, олардың өмірінен Қауымдастықтың толық чабары бар. Жақында Нью-Йоркте, Вашингтонда қазақ мәдени қоғамдары құрылып, елшілікпен байланысқа шығып, жұмыстарын бастады.
Канададағы қазақтар
Түркияда Жұлдыз-техника университетінде оқып, электр-инженер мамандығын алған қандасымыз Булент Кесижидың айтуы бойынша, Ванковерде 6, Албертада 30, Торонтада 3 қазақ отбасы бар. Бұл отбасылардың көбі 1992 жылдан кейін Қазақстаннан және де Түркия, Ауғанстан, Қытай елдерінен келгендер. Мұнай серіктестіктерінде қызмет істейтін қазақтар баршылық .
http://www.massagan.com/forum.php?mod=viewtopic&topicid=1602