ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҚ ЫНТЫМАҚТАСУ ҮРДІСІ ЖӘНЕ ОНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ РӨЛІ

Сонымен қатар Түрік зиялылары да Түркия мен Кеңес Одағының түрік тілдес республикалары арасында ынтымақтастықтың болуына қолдау білдірген. Түркия газетінің елдің танымал ғалымдарына Кеңес Одағының ыдырау қарсаңында, атап айтқанда 1991 жылдың 29 қарашасында түрік тілдес елдердің бодандықтан босанып тәуелсіздікке бет алып баражатқандықтарын көрсете келіп, алғашқы нысана тәуелсіздік, бірақ тәуелсіздікпен іс аяқталмайды, негізгі қиындықтар осыдан кейін басталады. Сондықтан Балқан түбегінен Қытайдың ұлы қорғанына дейін бүкіл түркілердің ынтымақтасуының қажет екеніне көрсеткен. Осы орайда Профессор Тұран Язған “Ең маңыздысы Түркия мен түрік тілдес кеңестік республикалар алдымен тіл және мәдениет бірліғін қамтамасыз етулері керек” дейді. Профессор Әли Караосманоғлы “түрік дүниесінде берік ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін бүкіл осы елдердің демократиялық жүйеге өтулері сондай-ақ экономикалық реформдарды жасаулары керек. Осыдан кейін ғана бауырлас елдер әр салада ынтымақтастықты іске асыра біледі және келешекте түрік тілдес елдер конфедерациясы үшін есікті ашу ұстау қажет” деғенді атап өтеді.[3]

Түркі тілдес елдер арасында ынтымақтастық туралы алғашқы рәсми сапар Түркия президенті Тұрғыт Өзал тарапынан жасалды. Ол 1991 жылы наурыз айында Кеңес Одағына жасаған сапарында Ресей, Украина, Қазақстан және Азербайжан елдеріне барды. Миллиет газеті 11-16 Наурыз 1991 күндері жасалатын бұл сапардың Түркия мен Кеңес Одағы арасындағы байланыстарда маңызды орын алатынына баса көрсетті.[4] Өзал 14-15 наурыз күндері Алматыда болып Түркия мен Қазақстан арасында бір қатар келісімдер жасалды. Екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы протоколға және сыртқы істер министрліктері арасындағы өзара іс-қимыл туралы протоколға қол қойылды. Осы сапары барысында Тұрғыт Өзал қазақ әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевты Түркияға шақырды.[5] Сөйтіп Түркия мен Қазақстан арасында кейінгі жылдары әлемге үлгі боларлық достық қарым-қатнас басталды.[6]

1991 жылы Мәскеуде билікке қарсы жасалған төңкерістік әрекетке батылдықпен қарсы тұрған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осыдан кейінгі өзінің алғашқы шетелдік сапарын Түркияға бағыттады. Оның бұл сапары саяси мақсаттан гөрі шаруашылық мақсатқа арналды.[7] Назарбаев сонымен қатар Кеңестік Түрік республикалар ішінде Түркияға алғаш келген алғашқы президент ретінде тарихқа өтті. Одан кейін желтоқсан айында Түркменстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері Түркияға ресми сапармен барды.

Қазақстан тәуелсіздігінің қарсаңында Түркияның саяси сарапшылары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси тұлғасын жоғары бағалады. Әсіресе 1991 жылдың қараша айында Назарбаевтың Франция және Германия елдеріне жасаған сапарында оны аталған екі ел жоғары деңгейде қарсы алды. Назарбаев екі ел басшыларына “Түркияның Қазақстан үшін ерекше маңызды ел” деп айтуы назардан тыс қалмаған. Миллиет газетіндегі мақаласында Таха Ақйол Назарбаевты Орта Азия елдері ішіндегі ең талантты да, білікті саясаткер деп бағалай келіп оның Еуропа елдеріне барған осы сапарының түрік халықтары ынтымақтастық пен шаруашылық-мәдени интеграцияны табысбен жүзе асырған жағдайда, әлемде жаңа бір салмақ орталығынын пайда болатынын атап өтті. Оның пікірінше, мұндай жағдайда ХХІ- ғасыр “түрік ғасыры” болмақ. Бұл болса әлемдік бейбітшілік пен бүкіл Азия халықтары үшін пайда келтірмек.[8]

Түркі дүниесінің ынтымақтасуындағы маңызды қадамдардың бірінің әліпби ортақтығы екені дау тудырмайды. Бұл мәселе 20 жыл бойына әлі толық шешімін таппай келе жатқанымен, 20 жылдық ынтымақтастық үрдісінің тарихына көз жүгірткенімізде ғалымдардың бірінші мәрте осыны қолға алғандықтарын байқаймыз. Бұл турасындағы ғалымдардың алғашқы бас қосуы 1991 жылы қараша айының 18-20 күндері Ыстамбұлда болып өтіп нақты шешімдер қабылданды. Мармара университеті Түркология институты ұйымдастырған жиналысқа Азербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан және Түркияның тіл саласындағы 28 ғалымы қатысты. Үш күнге жалғасқан “Заманауі түркі әліпбилері” атындағы симпозиумда ғалымдар бүкіл түркілердің 34 таңбадан тұратын латын негізінде ортақ алфавитке көшу керектігі айтылды. Сондай-ақ оның 34 таңбалық үлгісі қабылданды.[9] Осы орайдағы келесі жиналыс 8-10 наурыз 1993 күні Анқарада өтіп оған алты түркі тілдес елден ғалымдар қатысты. Осы жиналысқа Қазақстан атынан қатысып қайтқан белгілі тіл ғалымы академик Әбдуали Қайдаров түркілердің ортақ алфавиті туралы алғашқы жиналыстың 1926 жылы Бакуда өткенін және түркілердің басын біріктіретін ортақ алфавит жасау мәселесінің қолға алынғанын еске салады. Сол жиналыста латын таңбаларына көшу туралы қарар қабылданған. Осы шешімге сай, 1920 жылдардың аяғына дейін азербайжандар, ұйғұрлар, қырзғыздар мен қазақтардың осы алфавитке өткенін айтқан Қайдаров Ататүріктің де 1928 жылы өз елінде әліпби өзгерісін жүзеге асырғанына көрсетті. Алайда түркілердің бас біріктіруінен қауіптенген Кеңестік басқару көп кешікпей өз қарамағындағы елдердің алфавиттерін кириллицаға көшірген. Қайдаров Анқарадағы жиналыста 34 таңбалық түркілердің ортақ латын әліпбиін ғалымдар мұқият қарап шығып қабылдағанын айтуда. Онда Түркия да 29 таңбалық латын алфавитіне 5 әріп тағы қосатын болған.[10] Алайда бұл мәселе іске аспады. Азербайжан, Өзбекстан және Түркменстан кейін латын алфавитіне көшкенімен қабылданған 34 таңбалық үлгіде емес, өз беттерінше басқа үлгіде алфавит дайындаған. Бұл болса, түркілердін өзара бірбірінің жазуларын емін еркін оқуларына кедергілік келтіруде.

1991 жылы Түркия тәуелсіздіктерін жариялаған Кеңес Одағының түркі тілдес республикаларын тануда бастапқыда абайлап саясат жүргізді. Өйткені бауырлас елдермен байланыстарда Мәскеудің позициясын назарға алған дұрыс еді. Сонымен қатар тарқаудың аз алдында тұрса да Кеңес Одағы сондай-ақ онымен бұрыннан жасалған келісім шарттар күшінде еді. Экономикалық, дипломатиялық байланыстар да жалғасуда еді. Халықаралық платформада санасатын да сол еді. Сондықтан Түркия Кеңес Одағының ыдырауынан алдын тек Азербайжан республикасының тәуелсіздігін таныды. Сөйтіп Анкара “екі жақты” саясат жүргізді. Ол бір жақтан Мәскеумен бұрынғы байланыстарын жалғастырса, екінші жақтан жаңа тәуелсіздік алған республикалармен жаңа байланыстар орнатуда.[11]

Түркия Қазақстан тәуелсіздігін жария еткен 16 желтоқсан 1991 күні Кеңес Одағының 15 республикасының тәуелсіздіктерін танығанын мәлімдеді.

Сыртқы істер министрі Хикмет Четин “Түркия тәуелсіздіктерді тану шешімін солтүстіктегі елдермен көршілік жауапкершілікті сезіне отырып тарихы шешімін қабылдады. Бұл шешімде ешқандай айырымшылдық жасамастан мемлекеттер арасында дүшпандық болмауы

Осы шешім қабылданып жатқанда Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов ресми сапармен Анқараға келді. Бұрын Орта Азия елдерінен келген мемлекет қайраткерлерімен кездесулерде болатын Кеңестік жалау қойылған жоқ. Кеңес Одағының гимні орындалмады. Өзбекстан Президентінің талабы бойынша, Кеңес Одағының Анқарадағы елшісі А. Чернишев кездесуге қатыстырылмады.[13] Кездесуге келген Чернишевке Кәрімов “Сіз бұл кездесуге кімге өкілдік етіп келіп отырсыз? Егер Кеңес Одағы атынан келіп отырмын десеңіз, мұндай бір одақ, мұндай бір мемлекет ендігәрі жоқ; Сонсоң сіз осы кездесу туралы жазатын баяндамаңызды кімге бересіз? Еліңізде осындай баяндаманы қабылдаудан жауапты орын да жоқ.” деген.[14]

Кейбір саяси сарапшылар Кеңес Одағының ыдырауынан кейін ондағы түрік тілдес республикалардың тәуелсіздік алуы Түркияда бір кезде ақылға қонымсыз әсіре саяси бағыт деп бағаланған түрікшілдік идеясының мүмкіндігін көрсетіп бергенін атап өтті. Бірақ, – делінген Файнаншыл Таймс газетінде, – түрік үкіметі әрқандай бір пантүркістік мақсаттарының болмағанын айтады. Дегенмен кейбір саясаткерлердің пантүркістік сезімдерін тілге тиек еткені байқалады.[15]

Бұрынғы Кеңестік түрік тілдес республикалар тәуелсіздіктерін алғаннан кейін алғашқы ресми сапарға Түркия басминистрі Сүлеймен Демірел бір неше айдан кейін шықты. Өзбекстаннан сапарына бастайтын түрік бас министрі Қырғызстан, Қазақстан, Тажікстан, Түркменстан және Азербайжанға барды. Әр бір елге 24 сағат уақыт бөлінді. Бір апталық сапар барысында Монғолияға бару да жоспарланған. Бірақ, кейін бұл ел сапар тізімінен шығарылды да, Демірелдің Қазақстандағы уақты ұзартылды. Кейбір саяси сарапшылар бұл сапар символдық мәнге ие деп бағалағанмен, Түркия мен аталған елдер арасындағы байланыстарда бір белес болатынына көрсетілуде. Өйткені осы сапар барысында Түркия мен аталған елдер арасындағы байланыстардың мықты негіздерге орнықтырылуы күтілуде.[16] Сапарға нақты ұсыныстармен дайындалған бас министір түрік тілдес республикалардан жыл сайын 10 мың студентті түрік жоғары оқу орындарына қабылдау шешімін шығарды.[17] Түркі елдердің 20 жылдық ынтымақтастығында ең табысты жобалардан біріне айналған осы студент бағдарламасы аясында бүгінге дейін 3 мыңға жуығы Қазақстаннан 4978 студент Түркияда білім алды. Қазіргі таңда 7 жүздейі Қазақстаннан түркі тілдес елдерден келген 2700 студент Түркияда білім алуда.[18] Демірелдің сапары кезінде Орта Азияның бес мемлекет басшысы да Бішкекке келіп түркі тілдес елдердің саммиті өткізілді. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан мемлекет башсылары денгейінде, Тажікстан Рахмановтың ауру болуына байланысты басминистрдің орынбасары деңгейінде жиналысқа қатысты. Кездесуде бұрынғы кеңестік елдер арасындағы экономикалық байланыстардың құлдыруына байланысты экономикалық және басқа салаларда өзара байланысты нығайту және ТМД құрылымын қолдау шешімі қабылданды.[19] Осы Осы сапар кезінде түркі тілдес елдер мемлекет басшыларының тұңғыш жоғары дәрежелі кездесуін Түркияьда өткізу шешімі қабылданды.[20]

1992 жылдың мамыр айында түрік тілдес мемлекеттердің мәдениет министрлерінің тұңғыш бас қосуы Ыстамбұлда өтті. 19-20 Маусым 1992 күндері Ыстамбұлда өткізілген жиналысқа Азербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Түркия, Өзбекстан және Солтүстік Кипир Түрік Республикаларының мәдениет министрлері қатысты. Онда ортак тіл мен алфавит мәселесі көтеріліп экономикалық және саяси байланыстарға қоса мәдени ынтымақтастықтың маңыздылығы сөз болды. Бұл туралы мақаласында Миллиет газетінің тілшісі Намык Қочақ түркілердің мәдениет министірлерінің Ыстамбұлда бас қосқандарын, бірақ бірінін тілін бірі ұқпағандарына назар аударды. Сондықтан кездесуде түрік республикаларында қолданылған 300-500 арасындағы ортак қолданылған сөздерді анықтап “Эсперанто” сыяқты бір тіл пайда ету сөз болған.[21] Олардың бас қосулары 30 қараша – 2 желтоқсан 1992 Бакуда жалғасты. Үшінші бас қосулары 9 – 14 шілде 1993 Алматыда өтіп түркі дүниесінің УНЕСКО-сы ретінде қысқаша ТҮРКСОЙ деп аталатын түрік тілдес елдер мәдениет және өнер ортақ басқару ұйымы дүниеге келді. Осы тарихи келісімге Азарбейжан мәдениет министрі Полат Бүлбүлоғлы, Қазақстан мәдениет министрі Еркеғали Рахмадиев, Қырғызстан мәдениет министрі Даниал Назарматов, Өзбекстан мәдениет министрі Зафар Хакімов, Түркменстан мәдениет министрі Гелдімұрад Нұрмұхаммедов қол қойды. Кейін осы ұйымға бақылаушы мүше ел статусымен Ресей Федерациясының құрамындағы Алтай, Башқұрдстан, Хакас, Сақа (Якұтия), Татарстан, Тыва сондай-ақ Молдова құрамындағы Гагаузия және Солтүстік Кипир Түрік Республикасы қосылды.[22]

1992 жылы қазан айының бас шенінде Түркия бас министрі Сүлеймен Демірел, түрік енжинерлері үздік технологиямен жасаған кемеге “Алматы” атын бергендерін телефон арқылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хабарлады. Бұған риза болған Қазақстан Президенті Алматыда салынатын ең үлкен қонақ үйге “Анқара” атын жөнінде шешім қабылдады.[23]

1992 жылы, 30 қазан күні Анқарада тарихта тұнғыш рет алты түркі тілдес мемлекеттің президенті бас қосты. Кездесу қарсаңында Түркияның негізгі бағыты түркі дүниесінің ынтымақтастығы болған Ұлтшыл Қозғалыс Партиясының төрағасы Алпаслан Түркеш 29 қазан 1992 күні жасаған баспасөз кеңесінде түрік тілдес республикалардың жоғары деңгейде кеңесінін құруды ұсынды. Биылғы Түркияның республика күнінің түрік тілдес мемлекет басшыларының қатысуымен ерекше қуаныш және салтанатпен өткізілетінін айтқан Түркеш түрік тілдес мемлекеттердің ынтымақтасуының ешбір елге зианынын болмайтынын атап өтті.[24]

Азербайжан Президенті Әбұлфейз Елшибей, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Президенті Асқар Ақаев, Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов, Түркия Президенті Тұрғыт Өзал, Түркменстан Президенті Сапармұрад Ниязов қатысқан кездесу, түрік тілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықта маңызды бір қадам болды. Бұған дейін пантүркизм, түрікшілдік, тұраншылдық деген ұғымдар нәсілшілдік, басқа елдерге дүшпандық ұғымдар қатарында құбыжық ретінде аталып келгендіктен түркі тілдес мемлекет басшыларының кездесуінің нәсілшілдік пиғылда қате тұжырымдамау керектігіне баса назар аударылды. Осы кездесу барысында мынадай маңызды қадамдардың жасалуы жоспарланды:

  1. Түркі тілдес мемлекеттер арасында екі жақты жүргізілген байланыстар көп жақты бағыт алатын болады.
  2. Азербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркменстан елдерінің Анқарадағы елшіліктері ашылады.
  3. Аталған елдер экономикалық, техникалық, сауда салаларында әрі Түркия мен әрі өзара байланыстар орнатып нарықтық экономикаға өтуде нақтылы нәтижелерге қол жеткізе алады.
  4. Анқара мен аталған елдер арасында ынтымақтастықты нығайту барысында жүйелі әуе жолы қарым-қатнастары бастатылады, телекомуникациялық байланыстар орнатылады, түрлі мамандықтар бойынша білім беру және басқа салаларда біргестестіктер үшін қажетті инфрақұрылымдық жағдайлар қарастырылады.
  5. Мемлекет басшыларының кездесуінің соңында туысқан елдер арасында мықты ынтымақтастықты орнықтыру жөніндегі саяси ынта “Анқара мәлімдемесі” арқылы бүкіл әлемге паш етілмек.[25]

Бірақ түркі тілдес мемлекет басшыларының жоғары дәрежелі кездесуінде күтілмеген бір жағдай болып кездесудің қорытынды мәлімдемесі Орта Азия елдері мемлекет басшылары қарсылығына тап болды. Түркия тарапынан асығыс дайындалғаны айтылған және кездесуден алдын өзге елдермен кеңеспестен дайындалған қорынтынды мәлімдемеде орын алған Түрік тілдес мемлекеттер ортақ базарын құру, Босния – Герсек, Таулы Қарабаг бен Кипир мәселелерінің орын алуына алдымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарсылық білдіріп, мұндай бір мәлімдемеге қол қоймайтынын айтты. Оның бұл қарсылығын өзге мемлекет бастықтары да қолдады. Сонымен кездесудің соңғы бөлімінде қол қоюы дағдарысы пайда болды. Ақырында Түркия тарапының қарсылық білдірілген тармақтарды мәтінден алуы немесе мазмұнын өзгертуімен дағдарыс шешілді.[26]

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев неліктен қарсы болғаны жөнінде журналисттерге берген мәліметінде басқа елдермен де көп жақты келісімдер жасағандықтарын, сондықтан экономикалық байланыстарды бір орталықтан басқаруды мақсат еткен бір келісімге қол қоюларының дұрыс еместігіне көрсетті. Ол сонымен қатар Таулы Қарабаг мәселесінде қатты қайғырып отырғандарын, бірақ бұл мәселенің үшінші елдердің араласуымен емес, екі тараптың диалогымен реттелуінің дұрыс болатынын айтты.[27] Түрік саяси сарапшыларының көпшілігі Қазақстан Президентінің қарсылығының орынды екеніне көрсетті. Олар Түркия үкіметінің қорытынды мәлімдеменің алдын ала кездесуге қатысқан елдер үкіметтеріне жіберіп келісімдерін алмай асығыс дайындауларының қателік болғандығын атап өтуде. Сонымен қатар олар Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Түркиялық саяси жетекшілерге қарағанда көбірек тәжрибелі мемлекет қайраткері екеніне де назар аударды. Мәселен Тержүман газетінде мақаласында Түркияның белгілі ғалымы, профессор Фахир Армаоғлы Түрік тарапының кездесуде бір қатар қателіктер жасағынын, әсіресе Тұрғыт Өзалдың ешқандай дайындықсыз “түрік ортақ базарын” құру идеясын алға тартуының орынсыз болғандығын, бұл мәселенің кенеттен ортаға салынуының бауырлас елдер арасында Түркияның басшылығында екінші бір Кеңес Одағы алаңдаушылығын туғызған болуының әбден ықтимал екеніне атап өтуде.[28] Миллиет газетінде Зүлфү Лиуанели болса Анқарадағы жоғары кездесудің ренжісумен аяқталғанын айта келіп былай дейді: “..өзіне кеңесілмей дайындалған мәлімдемеге қолдау көрсетпеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұзақы ретінде айыпталуда. Алдымен мынаны естеріңізге сала кетейін: Біздің атақты жетекшілеріміз көңілдеріне алмасын, бірақ Нұрсұлтан Назарбев әлемдік сахнада олардан көбірек маңызды лидер. Ол, әлемдік масштабта бір стратегияның сенімсіз суларында абайлап жылжыған бір кеменің адмиралы сыяқты… Төңкерістік әрекет кезінде Мәскеуге барғанымда саяси төңіректер жаңа бір жұлдыздың туып келе жатқанын әңгіме етуде еді. Нұрсұлтан Назарбаев есіміндекі президент Азияның алда келген жетекшілерінен бірі. Мәскеуден жіберген мақалаларымда Кеңес Одағының тарқайтынын сондай-ақ жаңа құрылатын орыс – түрік империясында Назарбаевтың үлкен мүмкіншіліктерінің болатынын жазған едім.”[29]

Қорытынды мәлімдеге қол қоюда дағдарыс пайда болғанымен жалпы алғанда бұл Анқарадағы кездесу түрік тілдес мемлекеттердің ынтымақтасуында аса маңызды орынға ие. Ең алдымен бұл кездесу әлемдегі түркі тілдес тәуелсіз мемлекет жетекшілерінің тұңғыш рет бір жиналыста басын қосты. Екіншіден түрік тілдес мемлекеттер арасында ынтымақтастық құру барысында нақты қорытындыға қол жеткізілмесе де, бұл жөнінде сананың орта шығуына себеп болды. Кездесуде жоғары дәрежелі кездесулердің жыл сайын тұрақты өткізілуіне шешім қабылданды. Осы орайда келесі жылы қазан айында Азербайжан астанасы Бакуда бас қосылатын болды. Сонымен қатар әр елдің өзіне тиесілі халықаралық келісім-шарттары болған түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығының олардың екі жақты байланыстарына кедерге келтірмейтін арнада жүруінің орынды екені белгілі болды. Басқаша сөзбен айтқанда бұл ынтымақтастық сезімге берілместен, нәсілдік ерекшеліктерді басшылыққа алмастан ақылға қонымды және әр елдің халықаралық жағдайына сәйкес жүргізілгенде ғана табысты болатыны айқын болды.

Түркиялық саяси қайраткер Алпаслан Түркештің бастамасымен 1993 жылдың наурыз айында әлемде жалпы түркі халықтарының тұңғыш құрылтайы Анталияда өткізілді. Бұл кейін үрдіске айналды. 1993 жылы, Түркі халықтарының ұлы күні 21-22 наурыз күндерінде ”Түрік мемлекет және қауымдастықтары достық, бауырластық және ынтымақтастық құрылтайы” атымен ұйымдастырылған құрылтайға Балқан түбегінен Қытай еліне дейінгі кеңістікте орналасқан бүкіл түркі халықтарының азаматтық ұйымдар өкілдері, жазушы, ғалымдары және саясаткерлерінен 800 адам қатысты. Түрік халықтарының өзара түсіністігі мен ынтымақтастығының қалыптасуында ерекше маңызға ие осы жиналысқа Азербайжан, Қазақстан, Қыргызстан, Түркменстан, Өзбекстан сынды тәуелсіз мемлекеттердің президенттері, кейбір министірлер, саяси партиялардың жетекшілері, ғалымдары мен жазушыларымен қатар, Башқұрдстан, Татарстан, Гагаузия, Қарачай, Малқар, Дағстан, Алтай, Туа, Хақас, Сақа, Тофа, Толға, Шор, Ирақ түркмендері, Болгария түріктері, Батыс Фрақия түріктері, Иран Азербайжан халқы, Сирия түріктері сынды түрік тілдес автономиялық республикалар мен қауымдастықтардың да өкілдері шақырылды. Бұл, мұндай кең көлемде түркі халықтарының тарихта тұңғыш бас қосуы еді. Сан жылдарден бері байланысы үзілген халықтар алғаш рет осы құрылтай аясында бас қосып өздерінің мәдени, саяси ерекшеліктері туралы түсіністік беру үшін жұмыс істеді. Бұл жұмыстар бес комиссия аясында іске асты. 1. Тіл және әліппе комиссиясы, 2. Мәдениет комиссиясы, 3. Оқу және білім комиссиясы, 4. Економика және технология комиссиясы, 5. Саясат және құқық комиссиясы.[30]

Құрылтайдың мақсаты туралы мәлімет берген ұйымдастыру комитетінің төрағасы А. Халұқ Чай негізгі мақсаттарының түрік тілдес мемлекет және қауымдастықтарының өкілдерінің басын бір жерде қосу дей келе сөзін былай деп жалғастырды: “Бұл құрылтай түрік тілдес мемлекет және қауымдастықтар арасындағы достық, бауырластық және ынтымақтастықты нығайту, өзара байланыстарға жалғастылық беру сондай-ақ осы елдердің тәуелсіздік, демократия, зайырлылық, құқықтың үстемдігі, дін және сенім бостандығы сынды негізгі құндылықтардың тез арада қанат жаюына көмектесу мақсатында ұйымдастырылып отыр.”[31] 20 жыл ішінде 12 құрылтай өткізілді. Олар І- құрылтай  Анталя, 21-23 Наурыз 1993, ІІ- құрылтай Измир, 20-23 қазан 1994, ІІІ- құрылтай Измир, 30 қыркүйек – 2 қазан 1995, ІУ- құрылтай Анқара, 24-26 наурыз 1996, У-  құрылтай Істанбұл, 11-13 сәуір 1997, УІ- құрылтай  Бұрса, 20-22 наурыз 1998, УІІ- құрылтай Деңізлі, 2-4 шілде 1999, УІІІ- құрылтай Самсұн, 14-25 наурыз 2000, ІХ- құрылтай Істанбұл, 21-23 желтоқсан 2001, Х- құрылтай Анталия, 16-18 қыркүйек 2006, ХІ- құрылтай Баку, 17-19 қараша 2007, ХІІ- құрылтай Бишкек, 2009. Бұл құрылтайлардың түркі дүниесіндегі ғалым, жазушы, ақын, саясаттанушы сынды зиялы қауым өкілдерінің пікір алмасулары үшін пайдалы болды.

Түркия Президенті Тұрғыт Өзал 1993 жылдың сәуір айында 5 түркі тілдес республикаға 11 күндік сапарға аттанды. Өзбекстаннан бастап, Қырғызстан, Қазақстан, Түркмстан және Азербайжанға баратын сапарында Өзал осы елдермен байланыстарға жаңа серпін беруді сондай-ақ байланыстарды өзара пайда әкелетін берік ынтымақтастыққа айналдыруды көздеді. Өзалдың 221 адамдық сапар тобында министірлер, жоғары шенді әскери қызметкерлер, түрлі деңгейде үкіметтік қызметкерлер, жүзден аса іскер азамат орын алды. Тұрғыт Өзалдың бес түркі тілдес елге бірдей жасаған осы сапарында аймақтық мәселелер де қолға алынбақ. Анқара сонымен қатар аталған елдердің бастан кешіріп жатқан қиын қыстау өтпелі кезеңде ішкі және сыртқы жағдайлар себебімен тұрақсыздыққа ұрынбай, демократия мен нарықтық экономикаға бейбіт өтуін қолдан келген көмегін бермек.[32]

Бірақ Өзалдың ғұмыры сапарының нәтижелерін көруге жетпеді. Өзал түрік тілдес елдердің барлығында дерлік жоғары бағаланған дана тұлға еді. Мұның бір айғағы қайтыс болуына бір жыл толмай жатып Алматы қаласы әкімшілігінің 1993 жылдын қараша айында бір көшеғе оның атын беру қарары еді. Осы орайда Алматы қала әкімінің орынбасары Әсен Баспаева Өзал сынды халқын сүйген мемлекет қайраткеріне қалада бір көшеғе атын берудің өздері үшін үлкен қуаныш екенін айта келе “Тұрғыт Өзал Орта Азия халықтарын, әсіресе қазақтарды өте жақсы көретін еді. Егемендік алған кезде Қазақстанға келіп біздерді құттықтап, қолдау көрсеткен және қазақ халқына деген сүйіспеншілігін көрсеткен Өзал қазақ халқының жүрегінде мәнгі орын алды” деді.[33] Заман газеті марқұм Тұрғыт Өзалдың Түрк дүниесі ынтымақтастығында мына үш мәселеге баса назар аударғынын айтуда: “1. Түрік тілдес републикалар арасындағы економиқалық бөгеттерді жою және еркін сауда жүйесін орнату. Сөйтіп тауар және қызметтердің еркін алмасуына жағдай жасау. 2. Аймақ үшін қызмет істейтін инвестиция және даму банқысын құру. 3. Қолда бар құрылық, әуе, темір және теңіз жолдарын дамыту.”[34]

1993 жыл Түркі тілдес елдер үшін қайғылы және сәтсіз бір жыл болды. Өйткені осы жылда бүкіл түркі тілдес елдерге ресми сапармен барып түркі дүниесінің ынтымақтастығы жайында жаңа ойлар мен пікірлер түйіндеп келгеп Түркияның тәжрибелі дана президенті Тұрғыт Өзал дүние салды. Сөйтіп түркі тілдес елдер өздерінің мықты жолбасшы саясаткерінен көз жазып келді. Түркі дүниесіндегі екінші сәтсіз оқиға түркі дүниесінін ынтымақтастығына беріліп қызмет етіп келе жатқан Президент Әбұлфейз Елчибейдің елі Азербайжанда тынышсыздықтар пайда болып биліктен кетуге мәжбүр болды. Сондықтан 1993 жылы қазан айында Азербайжан астанасы Бакуда өткізілуі тиіс түркі тілдес мемлекет басшыларының жоғары дәрежелі ІІ- кездесуі іске аспай қалды.

Сондықтан түркі тілдес мемлекет басшыларының жоғары дәрежелі ІІ- кездесуі Түркия президенті Сүлеймен Демірелдің шақыруы бойынша 20-21 қазан 1994 күндері Ыстамбұлда өткізілді. Оған Азербайжан Президенті Ғайдар Алиев, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қыргызстан Президенті Асқар Ақаев, Түркменстан Президенті Сапармұрат Ниязов және Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов қатысты. Кездесуде бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты күшейту, аймақтық және халықаралық мәселелер қолға алынды.[35]

Осы кездесу алдында түркі тілдес елдер арасында координатяны қамтамасыз ететін бір ұйымның жоқтығы байқалды.[36] Осы мәселеге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев назар аударып Түркия мен Орта Азияның түркі тілдес республикаларының жоғары деңгейде ұйымдасуларының уақтының келгендігіне көрсетті. Ол сонымен қатар Ыстамбұлдағы түркі тілдес елдер мемлекет басшыларының кездесуінің соңында бір мәлімдеме жарияланатынын ескере келіп “ендігәрі мәлімдемемен шектелуге болмайды. Жоғары деңгейде бір ұйым құрудың кезі келді. Мұндай бір ұйым және ынтымақтастық ешкімге қарсы емес, ол әскери емес, бейбітшілік үшін, халықтардың жақсы тұрмыста өмір сүруі үшін” деді.[37] Демірел Назарбаевтың Қазақстанды қысқа мерзімде халықаралық қауымдастықтың маңызды бір мүшесіне айналдырған саясат шараларын жоғары бағалап былай деді: “Президент Назарбаевтың әрі батыл, әрі парасатты сыртқы саясаттағы іс-шаралары, Қазақстанды қысқа уақытта әлемдік сахнада маңызды орынға көтерді. Қазақстан өз аймағында беделді, бейбітшілік пен тұрақтылыққа кең көлемді үлеш қосып отырған бір ел жағдайында болып отыр және оның бұл рөлі барған сайын күшейіп келе жатыр.[38]

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездесуден алдын Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Хүсамеддин Жиндорықпен бас қосып оған Түрік тілдес елдер мемлекет басшыларының кеңесін уақыт өткізбестен құру керектігін атап өтті. Тержүман газетіндегі мақаласында Назиф Оқымыш Н.Назарбаевтың “түркі дүниесі жетекшілері кеңесін” құруды кейінге қалтыруға болмайды, осы құрылтайда шешім қабылдау керек” деп айтқанын келтіруде.[39] Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сонымен қатар кездесуде 1992 жылы өзінің бастамасымен құрылған Азияда өзара сенім және ынтымақтастық ұйымына қолдау көрсетілуін де сұрады.[40]

Түркі тілдес елдер мемлекет басшыларының 1994 жылы 20 қазан күні Ыстамбұлда болған жоғары дәрежелі кездесуінен кейін алты елдің президенті 24 тармақтық қорытынды мәлімдемеге қол қойып осы кездесу туралы пікірлерін ортаға салды.

Азербайжан Президенті Ғайдар Алиев “Ыстамбұл мәлімдемесін” іске асыру үшін жұмыс істейтіндіктерін айта келе “халықтарымыздың тамырының бір болуы, дінің бір болуы тәуелсіздіктерін алған республикалардың жақындасуына көмектесуде. Кесдесудегі маңызды келіссөздердің осы елдерді бірбіріне бір табан дағы жақындатты” деді.

Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов кей бір мәселелердің өздері үшін маңызды екеніне көрсете келе “кейбір алып қашпа сөздер болуы мүмкін. Үшінші бір жақ осы мәлімдемені оқығанда құжаттарда қайшылықтар бар деп айтуы ықтимал. Бірақ бұл мәлімдеме Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық принциптеріне үйлесімді. Сондықтан алып қашпа сөздерді қабылдамаймыз” дегенді айтты.

Кәрімовтың осы сөздерін қолдаған Түркменстан Президенті Сапармұрат Ниязов “Бұгін тәуелсіз болған елдеріміз өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Кейбір қиыншылықтарымыз бар. Осындай бір кезеңде осы жоғары дәрежелі кездесудің өткізілуі аса маңызды болып отыр. Біз осында саяси мақсаттармен басқа әрқандай бір топқа зиан келтіруді ойластырып жатқан жоқпыз. ТМД-ндағы жауапкершіліктерімізді де назарға алып отырмыз” деді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ыстанбұл кездесуінің аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталғанын айта келіп “сыртқы істер министрлерінің жиірек бас қосулары керек, аймақ елдері арасында байланыс тораптарының дамытылуы мен түркі тілдес елдердің тарихи тұлғаларын ортақтаса отырып атап өту де маңызды болмақ” дегенді айтты.

Қырғызстан Президенті Асқар Ақаев Ыстамбұл кездесуінің аймақтық ынтымақтастың нығаюында алға басылған ірі бір қадам екеніне меңзей келіп “Ыстамбұл мәлімдемесінің аймақтағы елдердің бүкіл салаларында ынтымақтастықтың күшейе түсуіне мүмкіндік береді” деді.[41]

Түркия Президенті Сүлеймен Демірел 1992 жылындағы Анқара кездесуінен бері қарай түркі тілдес республикалар арасындағы екі жақты және көп жақты байланыстардың саяси, оқу-білім, мәдени, экономикалық және басқа да салаларда қуантарлық дамушылықтар болып жатқанына көрсетті. Демірел осы байланыстардың одан әрі дамыту үшін саяси табандылыққа баса көрсетілген жоғары дәрежелі кездесу себебімен ешбір елдін күмәнденуіне және алаңдауына негіз жоқ екенін айтты.[42]

Ыстамбұл мәлімдемесінде халықаралық және экономикалық салаларда ынтымақтастықты күшейту іс-шараларына орын берілді. Сонымен қатар түркі тілдес елдердің ортақ мәдени мұраларының сақталуы, жөнделуі және танытылуына күш салу, түркі тілдердің салыстырмалы сөздігінің дайындалуы, ТҮРКСОЙ ұйымының күшейтілуі, студенттерге грант беріп елдер арасында оқытылуы жөнінде де шешімдер қабылданды. Келесі кездесудің 1995 жылы Бішкекте өткізілуі мақұлданды.[43]

Ресей Федерациясы осы жоғары дәрежелі кездесу туралы мазасыздығын ашық айтып реакция көрсетті. Ресей сыртқы істер министрі Михаил Демурин 1994 жылы, 18 қазан күні Мәскеуде өткізген баспасөз кеңесінде Анқараны Орта Азия және Қавқазияның түркі тілдес елдерін араңдатқандықта айыптады. Ресейдің “өзара мүдделерге сәйкес өткізілген және халықаралық принциптер мен етикалық құндылықтар шеңберінде ұйымдастырылған” жоғары дережелі кездесулерге қарсы емес екенін, Ыстамбұл кездесуінен басқаша ойлар түйіндегендіктерін атап атап өтті. Ол сөзін былай деп жалғастырды: “Кей кездерде бір қатар елдердің етникалық негізде бас қосып жатқандарын көріп отырмыз. Аймақтағы елдер мұндай кездесулерден мазасыздануда. Сонымен қатар мұндай жаңсақ қадамдар әсірешіл төңіректер тарапынан пайдаланылуда. Бұлардың әсіресе ТМД құрамындағы етникалық проблемаларға себеп болғандығын еске салғымыз келеді. Сондықтан Ыстамбұлдағы етникалық негіздегі бір жоғары дәрежелі кездесудің Ресейді алаңдатпауы мүмкін емес.” Демурин өткен жылы Анталияда өткізілген түркі тілдес халықтар құрылтайына да меңзеп “әсіре ұлтшылдар қатысқан осы жиналыста ми жуу операциясы іске асырылды” деді.[44]

1995 жылдан бастап Түркияда Түркі дүниесінін ұлы мерекесі наурыз тойлана бастады. Бұл үшін Түркі тілдес елдердің мәдениет министрлері атап айтқанда Азербайжан мәдениет министрі Полат Бүлбүлоғлы, Қазақстан мәдениет министрі Талғат Мамашев, Қырғызстан мәдениет министрі Чолпанбек Базарбаев, Түркия мәдениет министрі Тимұчин Сауаш, Татарстан мәдениет министрі Марсел Мазгазович, Башқұрдстан мәдениет министрі Һаляф Исмұратов Түркияның Абант қалашығында бас қосып түркі достық және бейбітшіліктің символы ретінде наурыз алауын тұтатты. Түрік үкіметі биылдан бастап наурыздың рәсми түрде мерекеленетінін жария етті. Белгілі болғанындай, түркі халықтарының осы ұлы мерекесі ХХ- ғасырдың алғашқы ширегінде түрлі себептерге байланысты түркі елдерінде мерекеленуден қалған еді. Ол Орта Азиялық елдерде 1988 жылдан бастап қайта тойлана бастады. Түркияда болса, 1989 жылдан бастап наурыз мерекесін құттықтай бастады.[45] Түркі дүниесінің осы ортақ мерекесі 1995 жылы алғаш рет бүкіл түркі дүниесінен келген өкілдермен тойланды. 1995 жылы Анқарада өткен түркі мәдениетінде наурыз халықаралық ғылыми конференцияға көптеген адам қатысты. Бұл кейін үрдіске айналды. Осындай төрт мерекелік шара тағы ұйымдастырылды: Анқара 1996, Елазығ 1999, Сиуас 2001, Диарбакыр 2002. Осы конференцияларда көбінесе наурыз мерекесінің тарихи, мәдени ерекшеліктері, оның әрбір түркі халқында қалай атап өтілетіні айтылды. Осы мерекелік шараларда жасалған наурыз туралы баяндамалардың жинақтары кітап ретінде жарық көрді.[46] Сондықтан бір бағытта қайталанған жағдайда өткен осы мәнді шара тоқтап қалды. Бұған жаңа мазмұн беріп жалғастырған дұрыс еді. Атап айтқанда түркі халықтарының жаңа жылының басы саналатын осы білім мерекесінде өткен жылдағы түркі дүниесінде барлық білім салаларындағы жетістіктер сараланып озық болғандары марапатталып жүлде берілген бір дәстүрге айналса, оның қызықты да қажетті бір мерекеге айналуы әбден ықтимал еді.

Түркі тілдес елдердің мемлекет басшыларынын жоғары дәрежелі кездесуі 1995 жылы, 28 тамызда Қырзғызстан астанасы Бішкекте өтті. Оған қатысқан Азербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түркменстан,  Өзбекстан президенттері гуманизм, этика және басқа да ортақ адамгершілік құндылықтар негізінде бауырлас елдердің жақындасып жатқаны сондай-ақ бейбітшілік және тұрақтылықтың сақталуы үшін көбірек белсенді ынтымақтастықтың жасалу керектігі аталып өтілді.[47] Дегенмен Ресейлік Правда газеті Бішкектегі жоғары дәрежелі кездесуде түркі тілдес жетекшілердің ортақ тіл таба алмағандығына көрсетті. Газет бұған дәлел ретінде Түркменстан Президенті Сапармұрат Ниязовтың саяси шындықтарды ескермей ынтымақтасу жолында асығуға болмайтыны туралы өзге жетекшілерге жасаған ескертуін келтірді.[48]

ІУ. Түркі тілдес елдердің мемлекет басшыларының жоғары дәрежелі кездесуі 1996 жылы, 21 қазан күні Өзбекстан астанасы Ташкентте болып өтті. Оған алты елдің мемлекет басшылары түгел қатысты. Миллиет газетінің тілшісі Барчын Йінанч осы кездесуде Орта Азиялық елдер арасындағы ынтымақтастықтың күшейтілуі турасында ынтаның айрықша арта түскенінің байқалғанын атап өтуде. Оның айтуынша, бұрындары “түрік” деген сөзді қолдануда байқалатын тартыншақтық енді жоқ; Орта Азиялық жетекшілер де енді белсенді түрде ұсыныстар енгізуде; түрік дүниесінде көп жақты ынтымақтастықтың институттануы тұрғысындан маңызды болып саналатын секретерия құру пікірі қарсылассыз қабылданды; Бұрындары кейінгі жоғары дәрежелі кездесудің уақты мен жерін белгілеуде қиыншылықтар болып жатқанда, бұл жолы Түркменстан мен Қазақстан жарыса өз елдерінде өткізуді талап етті. Ақыры кездесудің 1997 жылы Қазақстанда өтуіне келісілді.[49]

Бірақ У. Жоғары кездесу бір жыл кешігумен 1998 жылы, 9 маусым күні Қазақстанның жаңа басқаласы Астанада өткізілді. Түркі тілдес елдер жетекшілері сонымен қатар Қазақстанның жаңа астанасының ашылу салтанатына қатысты. Сүлеймен Демірел, осы кездесуге аттанарда Анқарада тілшілерге берген мәліметінде бұл кездесудің негізгі мақсатының тарихи үрдіс ішінде пайда болған ұзақ уақыттық айрылысуды енді өтмісте қалдырып бауырлас халықтармен жақындасуды нығайту және түркі тілдес елдердің халықаралық қауымдастықтағы әсерін күшейту болып табылады деді.[50] Астанада өткен кездесуде 19 тармақтық мәлімдеме жарияланды. Онда Үндістан мен Пәкстанның атом қаруларын сынақтарын қайталамауға шақырылды; түрік тілдес елдер жоғары дәрежелі кездесу секретариясының жарғысы қабылданды; Сонымен қатар Баку-Тбилисі-Жейхан мұнай құбырына қолдау атап өтілді. Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов Ресейден тарапынан жасалған сындарға қарата айтқан сөзінде түркі тілдес елдердің жоғары дәрежелі кездесуінің ешқашан әскери және саяси ұйымға айналмайтынын атап өтті. Бұл кездесуде алғаш рет бір түркі тілдес мемлекет басшысының қатыспаған байқалды. Түркменстан президенті Сапармұрад Ниязовтың орнына Парламамент Төрағасы Сахат Мұрадов қатысып осы жоғары дәрежелі кездесудің елдер арасындағы ынтымақтастыққа нығаюына мүмкіндік бергенін айтты.[51]

Түркі тілдес елдер мемлекет басшыларының УІ. Жоғары дәрежелі кездесуі 2000 жылы, 8 сәуір күні Азербайжан Астанасы Бакуда өтті. Бұл кездесу әдетте өткен жыл өткізілуі керек еді, бірақ қатысушы елдер арасындағы бір қатар келіспестіктер салдарынан бір жыл кейінге қалтырылған. Сонымен қатар оған алғаш рет екі президент, атап айтқанда Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов пен Түркменстан Президенті Сапармұрат Ниязов қатысқан жоқ. Олардың орнына Түркменстан Парламент төрағасы Сахат Мұрадов пен Өзбекстан Парламент төрағасы Еркин Халилов қатысты.[52] Екі президенттің неліктен кездесуге қатыспағаны жөніндегі сұраққа Түркия  Президенті Сүлеймен Демірел “Түркменстанның осы кездесуге қатыспауына таңданбауға болады, өйткені ол өткен жолғы кездесуге қатыспай парламент төрағасын жіберген еді. Ал Өзбекстан Президенті келетін болған еді, соңғы минутта маңызды бір жұмысы болған шығар” деп жауап берді. Сонымен қатар осы кездесуде 16 мамыр күні президенттік мерзімі аяқталатын Президент Демірелдің соңғы қатысуы болды. Ол осы орайда кездесуде әріптестеріне сөйлеген сөзінде “40 күннен кейін қызметім аяқталады, бірақ жүрегім әрқашан сіздермен бірге соғады. Мен әрқашан түркі дүниесінің қызметінде боламын” деді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Біз өткен уақыттарда әлемдік деңгейде бір саясаткермен жұмыс істедік. Демірел мырза ұзақты болжайтын әлемдік көзқарасы және ықпалымен барлығымыздын басын қосып отырды” деді. Қырғызстан Президенті Асқар Ақаев пен Азербайжан Президенті Ғайдар Алиев те Демірелдің түркі дүниесіне жасаған қызметтерін жоғары бағалады. Келесі жиналыстың 2001 жылы Ыстамбұлда өткізілуіне шешім қабылданды.[53]

УІІ. Жоғары дәрежелі кездесу 2001 жылы 26 сәуір күні Ыстамбұлда өткізілді. Бұл кездесу бұрынғы Кеңестік түрік тілдес елдердің тәуелсіздік алуларының 10 жылдығына дөп келді. Өткен жолғы Бакудағы кездесуге қатыспаған Түркменстан Президенті Сапармұрад Ниязов бұл кездесуге қатысты. Бірақ Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов бұ жолы да өзінің орнына Парламент Төрағасы Еркин Халиловты жіберген. Түркияның жаңа сайланған президенті Неждет Сезер бірінші рет түркі тілдес елдер мемлекет басшыларынынң кездесуіне қатысты. Журналист Жәлил Сағыр 10 жыл ішінде өткізілген алты кездесудің күтілгендей табысты болмағанына көрсетті. Ол әліге дейін түркі тілдес мемлекеттер арасында саяси, экономикалық жане мәдени жақындасуға осы кездесулерден нақты нәтиже болмай келе жатқандығын атап өтті. Осы кездесулердің табысты орындалған шешімінін ортақ тарихи тұлғаларды біріге отырып атап өту болғанына көрсеткен ол кездесулердің соңында жарияланған мәлімдемелерде аймақтағы елдердің мұнай мен табиғи газдарын әлем базарына тасымалдау туралы жұмыстар жөніндегі ризашылық, байланыстардың күшейтілуі, сауда және экономикалық ынтымақтастық қажеттілігі, терроризм мен есірткі саудасына қарсы ортақтаса күрес сыяқты мәселелерге баса назар аударылумен шектелінгенін айтуда.[54]

Миллиет газетіндегі мақаласында Сами Коһен де түркі тілдес алты мемлекеттің өзара тығыз қарым қатнас орнатуда көздеген мақсаттарына жете алмай келе жатқандарын атап өтуде. Алты мемлекет басшысының пікірлерінің әрқашан бір жерден шықпағанын айтқан ол, Ыстамбұлдағы соңғы кездесуде үш мәселеде бір мәмілеге келуге күш жұмсалғанына көрсетуде. Оның біріншісі Баку-Жейхан мұнай құбырына қолдау көрсетілуі, екіншісі таулы Қарабағ мәселесінде Азербайжанға қолдау көрсету, үшіншісі осы кездесулердің институттануы үшін бір секретарияның құрылуы. Бірақ осы үшеуіне де Түркменстан Президенті Ниязов келіспеген. Ол сонымен қатар Өзбекстан Президенті Кәрімовтың осы кездесуге қатыспауын алты ел арасында ауызбірліктін әлі толық орнықпағанын белгісі деп санауда.[55] Сами Коһеннің бұл тұжырымы негізсіз болмай шықты. Бұдан кейін түркі тілдес елдер мемлекет басшыларының жиналысы бес жыл өткізілмеді.

2001 жылы түркі дүниесінде қала әкімшіліктері одағын құру жөнінде Ыстанбұлдың Пендік аудан әкімі Ерол Қая тарапынан ұсыныс етілген идея 2003 іске асты. Түркі дүниесіндегі он мыңнан астам аудан әкімшіліктері арасындағы ынтымақтастық орнатуды көздеген одақ келешекте Балқан елдері мен Еуропа елдерін де қамтып Еуразия қала әкімшіліктері одағына айналуда көздеуде. Одақтың жарғысы 2003 желтоқсан айында Түркия үкіметі және президент әкімшілігі тарапынан мақұлданып рәсіми түрде құрылды.[56] Қазіргі таңда осы одаққа 14 елден бес жүзге таяу аудан әкімшілігі мүше.[57]

Түркия тарапы 2006 жылы маусым айында кездесудің кезектегі УІІ-сін Түркияда өткізу туралы ұсыныс жасады.[58] Ол үшін 2006 жылы 17- қараша күні белгіленді. Анталияда өткізілетін осы кездесуге бақылаушы статусында қатысу туралы Ресейден ұсыныс түсті. Ислам Конференциясы Ұйымына бақылаушы ретінде қатысқанын айтқан Ресей, түркі тілдес елдердің жоғары дәрежелі кездесуіне да қатысуды қалайтындықтарын Түркияға білдірді. Түрік үкіметі Ресейдің бұл талабын түркі тілдес елдер жоғары дәрежелі кездесуінің ИКҰ сыяқты бір ұйым емес екенін, сондықтан бақылаушы статусы болмағандығын айтып қабылдамады.[59]

Анталияда 2006 жылы 17- қараша өткен УІІ- жоғары дәрежелі кездесуге Түркменстан елшілік деңгейінде қатысты, Өзбекстан қатыспады. Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімовтың Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымында Өзбекстандағы адам хақылары туралы баяндамаға қолдау білдіруінен кейін Анталиядағы кездесуге бару жоспарын жойғаны мәлімделді.[60] Азербайжан Президенті Илхам Алиев, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Президенті Құрманбек Бақиев, Түркия Президенті Неждет Сезер және Түркменстан Анқара Елшісі Нұрберді Аманмұрадов қатысқан кездесу Түркиядан басқа бауырлас елдердің тәуелсіздіктерінің 15. Жылына дөп келуімен ерекшеленді. Аталған елдердің 15 жыл ішінде мемлекеттіліктерін қалыптастырып экономикалық қиыншылықтарды жеңіп шыққана көрсеткен Түркияның сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, “Түркияның 15 жыл алдынғы мақсатының осы елдердің тәуелсіздіктерін, өзара ынтымақтықтарын, шеқараларының мызғымастығын сақтай отырып аяқтарына тік тұрып жүріп кетулерін қамтамасыз ету еді. Бұл мақсатқа қол жетілгені үшін Түркия өзін бақытты сезінді” деді. Кездесуде Қазақстанның Еуропдағы қауіпсіздік және ынтымақтасты кеңесіне төраға болуына қолдау көрсетілу шешімі қабылданды.[61] Осы кездесуде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұдан кейінгі самиттерде нақты адамдар басуға жол ашатын бірнеше нақты ұсыныстар жасады. Оның біріншісі, Алматыдан Мешхед арқылы Ыстамбұлға контейнерлік жүк тасымалын тұрақты жолға қою. Екінші, энергетикалық салада энергия ресурстарын транзиттеу бағытындағы ынтымақтастықтың мүмкін болатын көздерін дамыту. Үшіншіден, Түркияның сауда өнеркәсіп палаталары, гильдия одағы мен өзге түркі тілдес мемлекеттердің сауда ұйымдары арасындағы байланысты дамыту. Қажет болса, осы елдердің өкілдіктерін ашу керек. Сонымен, бір мезгілде халықтардың рухани байлығын дамытуды ұмытпай, «Түркі тілдес халықтарының мәдени мұрасы» халықаралық бағдарламасын жасауды ұсынды. Мәдениет күндерін өткізудің, ортақ тарихи, мәдени, әдеби мұраларды әлем тілдеріне аударудың қажеттілігін айтты. Түркі тілдес халықтардың көркем және ғылыми танымдық әдебиеттерінің ортақ бірыңғай қорын құруды алға тартты. Айтылған, келісілген мақсаттарды жүзеге асырудың қозғаушы тетігі ретінде «ақсақалдар алқасын» құру жөніндегі бұрынғы ұсынысын тағы қайталап, оған Түркияның экс-президенті Сүлеймен Демирелдің басшылық жасауын ұсынды. Сонымен бірге түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясын құру қажет екендігіне назар аударды. Қысқасы, түркі тілдес елдердің ынтымағы үшін қажеттінің бәрі айтылды.[62] Назарбаев жаһандану үрдісінің ұлттық мәдениетке төндірген қауіп қатеріне қарсы тұру үшін бауырлас елдердің ортақ мәдени мұраларды бірлесе отырып зерттеп ұрпақтарға таныстыру керектігін де атап өтті.[63]

Келесі жиналысқа Қазақстан мен Азербайжан өз елдерінде өткізуге ынта білдірді. Азербайжанда өткізілуге шешім қабылданды. Бірақ онын уақты белгіленбеді.[64]

Анталияда өткен жоғары дәрежелі кездесудің шешіміне сай, түркі тілдес елдер парламенттерінің төрағалары 2008 жылы, қаңтар айының 22- күні Анталияда бас қосты. Онда Азербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламенттері төрағалары бас қосып түркі тілдес елдер парламенттер асамблеясын құру жөнінде ниет білдірген протоколга қол қойды. Бас қосуда осы ұйымның төрт елдің парламенттері арасында үйлесімділігі және елдердің бір келкі заңдарды шығаруында маңызды болатыны айтылды.[65]

2008 жылы, 21 қараша күні Ыстамбұлда Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясын құру жөніндегі және “Ыстамбұл Келісімі” деп аталған келісмге Азербайжан парламенті атынан Оқтай Еседов, Қазақстан парламенті атынан Сенат төрағасының орынбасары Мұхаммет Копеев, Қырғызстан парламенті атынан Айтбай Тағаев, Түркия парламенті атынан Көксал Топтан қол қойды. Түркия ұлы ұлттық мәжілісінің төрағасы Топтан түбірі бір ортақ тарих пен мәдениеттен келген бауырлас елдер парламент төрағаларының басын қосқан жиналысты тарихи қадам деп жоғары бағалады.[66]

Араға бір жыл салып, яғни 2009 жылдың 27-29 қыркүйегінде Бакуде  Түрк ПА-ның І жалпы отырысы болып өтті. Онда Түрк ПА-ның орталығы ретінде Баку және оның бас хатшылығына Азербайжан Партиясының жастар ұйымының төрағасы болып Рамиль Гасанов белгіленді. Бас хатшылықтың 2010 жылы үшін белгіленген 300 мың еуролық бютчетінің қаржысының 8 үлесін Түркия, 4 үлесін Қазақстан, 2 үлесін Азербайжан және 1 үлесін Қырғызстан қамтамасыз ететін болды.[67]

Түрк ПА-ның І жалпы отырысы 2011 жылы 27 сәуірде Қазақстан басқаласы Астанада өтіп ұйымның төрағалығы Қазақстанға өтті. Онда Әзірбайжан Милли Мәжлисінің Төрағасы Октай Асадов Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановқа өз өкілеттігін табыстады. Қырғызстан тарабынан Бас хатшының орын­басарлығына Бектемір Зиядинов сайланды және келесі отырыс 2012 жылдың мамыр, маусым ай­ларының бірінде Бішкек қала­сында өтетін болып белгіленді. Бұл жиналыста сонымен қатар Ислам Конференциясы Ұйымының Парламенттік одағына (ИКҰ ПО) Түрк ПА-да байқаушы мәртебесін берілді.[68] Сонымен Түрк ПА қысқа уақытта беделді бір ұйымға айналып отыр.

Түркі тілдес елдер мемлекет басшыларының УІІІ. Жоғары дәрежелі кездесуі 2009 жылы 3 қазан күні Нахчыван қаласында өтті. Оған Әзірбайжан Президенті Илхам Әлиев, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Президенті Құрманбек Бәкиев және Түркия Президенті Абдолла Гүл қатысты. Бұл кездесу түркі тілдес халықтардың тарихында маңызы ерекше кездесу болды. Онда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің идеялары негізінде түрік тілдес елдер ынтымақтастық кеңесі мен Түрік академиясының құрылуы қабылданды. Оны Қазақпарат тілшісі Ернұр Ақпай “осыдан 14 ғасыр бұрын бір тілде сөйлеп, Түрік қағанаты атты бір мемлекеттің құрамында өмір сүрген түбі бір түркі халқының өмірінде саяси жағынан да, экономикалық тұрғыдан да һәм мәдени-гуманитарлық қырынан да маңызды оқиға болды” деп жоғары бағалады. Расында да бұл 17 жыл бойынша жасалған ынтымақтастық талпыныстардағы нақтылы қадамдар басылды. Сондықтан осы кездесу келесі жылы Ыстамбұлда өтетін саммите “түркі тілдес елдердің ынтымақтастык күні” деп белгіленді.[69]

Әзірбайжан Президенті И. Әлиев саммитті ашқан сөзінде, “экономикалық өзара байланыстардың мейілінше дамыту үшін  барлық мүмкіншіліктер бар. Түркі елдерінің экономикалары бақталас емес, керісінше бір-бірлерін өзара толықтырып отырады. Сондықтан да бұл салада таяу жылдарда жүзеге асырылатын тың жобалар түркі әлемін жақындастыруда, барлығының әл-ауқатын көтеруде маңызды рөл атқаруы тиіс. «Әзірге біздердің арамыздағы сауда-саттықтың деңгейі соншалықты жоғары емес. Біз сондықтан қоян-қолтық жұмыс істеп, ортақ жобаларға ортақ инвестициялар салуымыз керек”, деді.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаев түркі жұртының жоқ-жітігін түгендеп, түбі бір түркі елінің ертеңін баянды етуге бағытталған бірқатар бастамаларды көтерді, ұтымды ұсыныстарын ортаға салды. Елбасы ұлы Ататүрік аңсап өткен түркі тілдес мемлекеттердің бірлігін жүзеге асыру үшін Қазақстан дәйекті ұстанымды бағдар еткенді жөн санайтынын жеткізіп, ол үшін ең алдымен саяси деңгейдегі ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру, оны уақыттың талабына сай жаңа белеске шығару қажеттігін қадап айтты.

Н. Назарбаевтың айтуынша, Түркі академиясының құрамында Түркі тарихы және мәдениет орталығын, Түркі тілін зерттеу орталығын, Түркі кітапханасын, сондай-ақ, жалпы Түркі тарихының музейін құру қажет. “Бұл шаруа баршамызға  ортақ міндет. Сондықтан әр түркітілдес  мемлекет қолдап, ат салысса, көмегін берсе, бұл академияны бүкіл түркі дүниесінің қасиетті жері – Түркістанға орналастыруға болар еді немесе келіп-кетуге оңай болады десек, Астанада орналастыруға болады. Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті жақсы жұмыс істеп жатыр.  Осының жанында үлкен ғылыми жұмыстар жүргізуге болады. ТҮРКСОЙ қоры аясында осы жұмысты біз қолға алуымыз керек”, деді Елбасы. Осы орайда Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Қазақстан өз тарапынан бұл бастамаларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуға дайын екенін жеткізді.[70]

Нахчыван кездесуінде қабылданған шешім бойынша Түрік академиясы 2010 жылы 25 мамыр күні ашылды. Академияның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Түркі академиясы – бұл алғашқы және бірегей ғылыми-зерттеу орталығы екенін атап өтті.

– Бұл шын мәнінде   түркі халықтары арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты жолға қоюда маңызы баға жеткісіз тарихи оқиға, – деді Н.Назарбаев. Елбасы тарихқа Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұни, әл-Фараби, Ибн Сина, әл-Хорезми, Қожа Ахмет Йасауи, Ұлықбек, Әлішер Науаи сияқты ұлы тұлғаларды берген түркі дүниесінің әлемдік өркениетке қосқан үлесін жан-жақты зерттеу қажеттігін атап өтті.

Ғылыми-зерттеу орталығы түркі әлемінің рухани бірлігін нығайтудың маңызды буыны болуы тиіс. Ол жалпыадамзаттық өлшемдер арқылы түркі дүниесінің, сондай-ақ бүкіл әлемдік өркениеттің бай ғылыми және тарихи мұраларын терең ой елегінен өткізуге жәрдемдесетін болады. Академия ежелгі мәдениеттің жазба ескерткіштерін қалпына келтірудің өзіндік шығармашылық зертханасы болмақ.[71]

Ашылу салтанатына қатысқан Түркия Президенті Абдолла Гүл, сөйлеген сөзінде Орхон ескерткіштеріне қазірге дейінгі үрдісте түркі тілінің әлемдік мәдениетке қосқан үлесінің қанғаттанарлықтай ортаға салынбағанына баса көрсетті. Президент Гүл Түркия мен Қазақстанның бастамаларымен құрылып жатқан Түрік академиясының түркі дүниесіндегі ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін атап өтті. Оның пікірінше, түркі тілі мен әдебиетінің жаһандық өркениетке қосқан үлестерін айқындайтын жұмыстарымен Еуразияның орталғында орын тепкен түркі өркенийет кеңістігіндекі мәдени жандануға күш бермек.[72]

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі дүниесі ынтмақтастығына сіңірген еңбегі Түркия халқы тарапынан жоғары бағаланды. Осыған орай Түркияның Анқара қала әкімшілгі Анқараның орталығында Қазақстан Президентінің ескерткішін қою туралы шешім қабылдады. 24 Маусым 2010 күні болған ескерткіштің тұсаукесеріне Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мехмет Әли Шахин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған Қазақстанның ресми делегациясы, Анкара қаласының әкімі Мелих Гекчек және басқа ресми тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауымның өкілдері қатысты.[73] Анкара қаласының әкімі Мелих Гекчек ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде былай деді: “Құрметті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі дүниесіндегі ынтымақтастықтың қамтамасыз етілуінде орасан зор еңбек етті. 2009 жылы 2-3 қазан күндері Нахчыванда өткен түркі тілдес елдер мемлекет басшыларының жоғары дәрежелі кездесуінде түркі тілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің құрылуын ұсынды. Оның ұсынысы ауырбірлігімен қабылданды. Сонымен қатар кездесуде Қазақстанда түрік академиясының құрылуын да ұсынған Нұрсұлтан Назарбаев түрік мәдениетін ұрпақтарымызға және бүкіл әлемге таныстырайық деп ұлы түрік ынтымақтастығы үшін шын көңілден шыққан тебрінісі мен толқуын ортаға салды.”[74]

Түркі тілдес елдер мемлекет басшыларының 2010 жылы, 15 қыркүйек күні Ыстанбұлда өткен ІХ. жоғары дәрежелі кездесуінде, осыған дейін жасалган сегіз кездесудің қорытындысы іспеттес маңызды шешім қабылданып түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі құрылды. Оған басхатшы ретінде Түркияның Мәскеудегі елшісі Халил Ақынжы тағайындалды. Және оның орталығы ретінде Ыстамбұл қаласы белгіленді. Түркі тілдес мемлекет басшыларының саммиттерін ұйымдастырудан жауапты Кеңес алғашқы кездесуді 2011 жылы Қазақстанда, екіншісін 2012 жылы Қырғыстанда өткізетін болады.[75] Түркия Президенті Абдолла Гүл, осы ынтымақтастық кеңесінің құрылуын “1992 жылда басталған түс шындыққа айналды” деп оның ерекше мәнін атап көрсетті.[76] Онда сонымен қатар Қазақстан басқаласы Астананың 2012 жылы түркі дүниесінін мәдени астанасы деп белгілеу туралы шешім қабылданды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Президенті Роза Отынбаева, Азербайжан Президенті Илхам Алиев және Түркия Президенті Абдолла Гүл қатысты. Түркменстан Президенті Ғұрбангұли Бердімұхаммедов кездесуге қатысқанмен алынған шешімдерге бейтарап ел стаутысын бұзбау принтипімен қол қойған жоқ. Түркия Президенті Абдолла Гүл жақын келешекте Өзбекстанның да осы ынтымақтастықта орын алатыны жөніндегі үмітінін бар екенін “біз алты мемлекет, бір ұлтпыз” деген сөздерімен ортаға салды.[77]

Сонымен қорыта айтқанда, 1991 жылы бұрынғы кеңестік түркі тілдес елдердің тәуелсіздіктерін алуымен басталған бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастық 20 жылда жаңа бір кезеңге кіріп отыр. Ынтымақтастықтың ТҮРКСОЙ, Түрк Па, Түрік Академиясы, Ақсақалдар Кеңесі, Түркі тілдес елдер ынтымақтастық кеңесі, түркі дүниесі қала әкімшіліктері одағы сынды бір қатар ұйымдары құрылып жұмыс жүргізе бастады. Бірақ әлі қол жетілмеген асулар да жоқ емес. Ең негізгісі осы ынтамақтастықта түркі дүниесінің Өзбекстан және Түркменстан сынды екі үлкен елінің белсенді қатыспай отырғандығы. Уақыт өте келе ол елдердің осы ынтымақтастықта лайықты орнына алатыны сөзсіз. Оған да уақыт керек сыяқты. Екіншісі түркі тілдес елдер арасында алфавит бірлігі әлі жүзеге аспады. 250 миллиондық түркі тілдес халықтардың тілдерінде өздеріне тән айырмашылық және байлықтарын бүкіл түркі халықтарының ортақ байлығына айналдыру, олар арасындағы түсіністікті күшейту барысында бір келкі әліппенің орын алуының маңызды болмақ. Өйткені, бүгінгі таңда түркі тілдес елдер арасындағы жоғарғы саяси, мәдени және шаруашылық ұйымдар арасында ынтымақтастық пайда болып отырғанмен түркі тілдес халықтардың ғалым, жазушы, ақындар, іскер азаматтар және азаматтық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық, араласу мен түсіністік одан көш кейінде қалып отырғаны назардан тыс қалмауда. Дегенмен, түркі тілдес елдер арасындағы қол жетілген ынтымақтастық бүгінгі таңда биік деңгейге шығып отыр деп айта аламыз. Мұнда, Азербайжан, Түркия мен Қазақстанның маңызды рөл атқарғаны ақиқат. Әсіресе Түркия елінің жетекшілері Тұрғыт Өзал, Сүлеймен Демірел, Абдолла Гүл және Режеп Таййіп Ердоғанның, Азербайжан Президенттері Ғайдар Алиев және Илхам Алиевтің еңбектерінің зор екені ақиқат.  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылда басталған түркі тілдес елдер арасындағы 20 жылдық ынтымақтастық үрдісінде жасаған нақтылы ұсыныстары, батыл бастамалары, табанды позициясымен айрықша көзге түсіп отыр. Бір қатар түрік зиялылары осы себептен болса керек, “Нұрсұлтан Назарбаев біз үшін Қазақстан Президенті ғана емес, ол сонымен қатар бүкіл түркі дүниесінің президенті” деп оның түркі дүниесіндегі ынтымақтастық үрдісіндегі зор рөлін атап өтуде. Бүгінгі таңда Қазақстан бас қаласы Астана да Түркі дүниесінің астанасына айналған жерде.

——

Бұл баяндама Түрік Академиясының Астанада 2011 жылы 19-21 Мамыр күндерінде ұйымдастырған “Түркі өркениеті жане тауелсіз Қазақстан” атты халықаралық конференцияда оқылды.

Қараңыз:

Қара, Әбдіуақап, “Түркі дүниесінің 20 жылдық ынтымақтасу үрдісі жане онда Қазақстанның рөлі”, Түркі өркениеті жане тәуелсіз Қазақстан, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған “Түркі өркениеті жане тәуелсіз Қазақстан” атты халықаралық конференция материалдары, Астана, 19-21 Мамыр, 2011, 18-38 беттер.

ÖZET

Türk Dünyasının 20 Yıllık İşbirliği Süreci ve bu Süreçte Kazakistan’ın Rolü

1991’de Sovyetler Birliği dağıldıktan ve Türk kökenli Cumhuriyetler bağımsızlıklarını kazandığında, dünyadaki Türk devletlerinin birleşmeleri gündeme geldi. Bu fikir özellikle Türk dünyasının aydınları ve politikacıları arasında büyük bir heyecan doğurdu. Bu ülkeler arasındaki işbirliği merkezi planlama ekonomisinden pazar ekonomisine geçişi kapsayan geçiş döneminden başarıyla çıkmak için de gerekliydi. Ancak, kısa zaman içinde iç ve dış faktörler bu işbirliğinin kolay gerçekleşmeyeceğini gösterdi. Bu sebeple Türk Dünyası kısa bir süre hayal kırıklığı yaşadı. Ancak, 2009 Ekim ayında Nahçivan’da gerçekleşen zirve toplantısında Kazakistan Cumhurbaşkanı Nursultan Nazarbayev’in Türk Cumhuriyetleri İşbirliği Konseyi, Aksakallar Konseyi ve Türk Akademisi’nin kurulması gibi tekliflerin kabul edilmesiyle işbirliğinde somut adımlar atılmaya başlandı.

Anahtar kelimeler: Türk Dünyası, Kazakistan, Türkiye, Orta Asya, Pantürkizm

SUMMARY

The 20 Year Long Cooperation Process of Turkic World and the Role Kazakhstan in this Process

After the breaking up of the Soviet Union and gaining independence of Turkic republics uniting of these republics was came on the agenda in the world. This idea was brought great excitement especially among Turkic intellectuals and politicians. The cooperation between these countries was necessary for  emerging successfully from the transitional period, including from central planning economy to market economy. However within a short time internal and external factors showed that this cooperation will not happen easily. For this reason, a disappointment was occured in the Turkic World. But, concrete steps could taken in the cooperation after  the Nakhchivan Summit in October of 2009 at which Kazakhstan President Nursultan Nazarbayev proposed establishment of new institutions like Cooperation Council of the Turkic Republics, Turkic Academy  and Council of Elderly People.

Key words: Turkish World, Kazakhstan, Turkey, Central Asia, Panturkism

РЕЗЮМЕ

20-летний процесс сотрудничества в тюркоязычном мире и роль Казахстана в данном процессе

После развала Советского Союза в 1991 году и приобретения тюркоязычными республиками независимости на повестку дня встал вопрос объединения тюркоязычных стран мира. Сотрудничество между этими странами было необходимо для преодоления переходного периода, включая переход от планновой экономики к рыночной. Однако, внутренние и внешние факторы показали, что наладить в короткие сроки подобное сотрудничество не является возможным. Это привело к некоторым разочарованиям в тюркоязычном мире.

Но после того, как президент Республики Казахстан, Н. А. Назарбаев, на саммите в Нахчиване выдвинул предложения о создании новых институтов, таких как Совет по сотрудничеству между тюркоязычными странами и Совет Аксакалов, начали приниматься конкретные шаги.

Ключевые слова: Тюркоязычный мир, Казахстан, Турция, Центральная Азия, Пантюркизм

[1] Hürriyet, 14.11.1991.

[2] “Türkiye değerlerini Orta Asya’ya Yaymalı”, Milliyet, 24.11.1991.

[3] “Türk Dünyası Kenetlenmeli”, Türkiye, 29.11.1991

[4] “Türk – Sovyet İlişkilerinde Yeni Sayfa” Milliyet, 09.03.1991.

[5] Intımaqtastıq Nığaya Tüsti, Sotsiy aliystik Qazaqstan, 16.03.1991; Brian Friedman, On Ozal, Associated Press, 15.03.1991.

[6] Bagdat Amreyev, Dönemimizde Kazakistan Türkiye İlişkileri ve Türk Dünyası, İstanbul, 2011.

[7] Amberin Zaman, “Turks Begin War of Words with Mullahs”, The Sunday Telegraph, 13.10.1991.

[8] Taha Akyol, “Nazarbayev ve Avrupa”, Milliyet, Kasım 1991.

[9] “Türklere Yeni Alfabe”, Milliyet, 23.11.1991; Bekir Türkmenoğlu, “Dilde, İşde, Fikirde Birlik Ülküsü Artık Gerçekleşiyor”, Tercüman, 20.11.1991; “Türkçe Konuşup Türkçe Yazalım”, Tercüman, 22.11.1991.

[10] Мәді Қайыңбаев, “Түркілер алфавитінде – қазақтың “Ә”-сі”, Егемен Қазақстан, 19.03.1993;  “Alfabe 34 Oluyor”, Tercümen, 12.03.1993.

[11] Sami Kohen, “Kardeş Gibi”, Milliyet, 19.11.1991.

[12] Hürriyet, 19 Aralık 1991.

[13] Hürriyet, 19.12.1991.

[14] Yalçın Özer, “Çankaya’da Tarihi Gün”, Türkiye, 19.12.1991.

[15] Gillian Tett, Steve Lee Vine and John Murray Brown “Turkey Discovering New Role in Former Soviet Central Asia”, Financial Times, 11.02.1992.

[16] Cenk Başlamış, “Orta Asya’da Demirel Heyecanı”, Milliyet, 25.04.1992.

[17] Yavuz Donat, “Projeli Gezi”, Milliyet, 20.04.1992.

[18] Askhat Dautov, “Türkiye – Kazakistan İlişkilerinde Eğitim”, Global Politikalar Dergisi, Mart – Nisan 2008, Sayı: 3, s. 29-31;Haydar Çakmak, “Türkiye’nin Türk Cumhuriyetleri ile İlişkileri”, Türksav Türk Dünyası 20 Yıllığı, Tahliller, Değerlendirmeler, Öngörüler ve Özeleştiriler, İstanbul, 2011, s. 32.

[19] Cenk Başlamış, “Bişkek’te Türk Zirvesi”, Milliyet, 25.04.1992.

[20] Fikret Bila, “İstanbul’da Türk Zirvesi”, Milliyet, 30.04.1992; Fahir Armaoğlu, “Türklük Toplantısı”, Tercüman, 31.10.1992.

[21] Namık Koçak, “Türklere Çevirmen”, Milliyet, 20.06.1992.

[22] http://www.turksoy.org.tr/TR/belge/1-73743/tarihce.html, (Erişim, 15.04.2011)

[23] Taha Akyol, “Türki Trafiği”, Milliyet, 31.10.1992.

[24] “Türkeş: ‘Türk Cumhuriyetleri Yüksek Konseyi Oluşturulmalı’”, Tercüman, 30.10.1992.

[25] Nilüfer Yalçın, Türk Birliğine Doğru, Milliyet, 30 Ekim 1992; Armaoğlu a.g.m.

[26] “İkinci İmza Krizi Çözüldü”, Hürriyet, 1.11.1992.

[27] “Türk Birliğine İlk Harç”, Zaman, 2.11.1992.

[28] Fahir Armaoğlı, “Bir Zirvenin Ardından”, Tercüman, 4.11.1992.

[29] Zülfü Livaneli, “Buyrun Nursultan Sofrasına”, Milliyet, 3.11.1992.

[30] “Antalya’da Türk Kurultayı”, Milliyet, 22.03.1993; “Türk Dünyasının Liderleri Antalya’da Buluşuyor… Türklük Kurultayı!”, Yeni Düşünce, 26.02.1993; Sebahattin Önkibar, “Türk Dünyası Kurultayı”, Türkiye, 18.03.1993; Fahir Armaoğlu, “Türk Birliği Büyük Bayram”, Tercüman, 19.03.1993.

[31] “Türk Dünyası için Görkemli Kurultay”, Tercüman, 15.03.1993; Serdar Alptekin, “Dostluk Münasebetlerini Pekiştirmesi Bekleniyor Özal Orta Asya’ya Gidiyor”, Zaman, 4.04.1993.

[32] Sami Kohen, “Özal’ın Türk Dünyası Çıkarması”, Milliyet, 5.04.1993.

[33] “Kazaklardan Özal’a Vefa Borcu: İsmi Caddeye Verildi”, Zaman, 14.11.1993.

ankara escort

escort ankara

ankara escort bayan

[34] “Türk Dünyası ile Bir Buluşma Daha”, Zaman, 19.10.1994.

[35] “Türk Dünyası ile Bir Buluşma Daha”, Zaman, 19.10.1994; “Bu Birlikten Kuvvet Doğar”, Türkiye, 19.10.1994; “Türk Dünyası Yeniden Kucaklaşıyor”, Tercüman, 18.10.1994.

[36] “Türk Dünyası ile Bir Buluşma Daha”, Zaman, 19.10.1994.

[37] “Nazarbayev: Türk Birliği Kurulmalı”, Tercüman, 19.10.1994; “Türk Cumhuriyetleri Örgütü Kurulmalı”, Zaman, 19.10.1994;

[38] “Nazarbayev: Türk Birliği Kurulmalı”, Tercüman, 19.10.1994;

[39] Nazif Okumuş, “Türk Asrı’nın Zirveleri”, Tercüman, 19.10.1994; Taha Akyol, “Türk Zirvesi”, Milliyet, 19.10.1994.

[40] Taha Akyol, “Türk Zirvesi”, Milliyet, 19.10.1994.

[41] “Kardeşlik Bağları Pekişiyor”, Zaman, 21.10.1994.

[42] “Kardeşlik Bağları Pekişiyor”, Zaman, 21.10.1994.

[43] “Kardeşlik Bağları Pekişiyor”, Zaman, 21.10.1994.

[44] Cenk Başlamış, “Moskova Sonunda Patladı”, Milliyet, 19.10.1994; “Rusya: Türkiye Beyin Yıkıyor”, Hürriyet, 19.10.1994, “Moskova Resmen Rahatsız”, Türkiye, 19.10.1994; Fehmi Koru, “Büyük Bütünleşmeye Doğru”, Zaman, 21.10.1994.

[45] “Nevruz Şenlikleri”, Milliyet, 22.03.1989.

[46] Türk Kültüründe Nevruz Uluslararası Bilgi Şöleni (Sempozyumu) Bildirileri (Ankara, 20-22 Mart 1995), Ankara 1995; Türk Kültüründe Nevruz İkinci Bilgi Şöleni Bildirileri (Ankara, 19-21 Mart 1996), Ankara 1996;

Türk Dünyasında Nevruz Üçüncü Uluslararası Bilgi Şöleni (18-20 Mart 1999, Elazığ), Ankara 2000; Türk Dünyasında Nevruz Dördüncü Uluslararası Bilgi Şöleni Bildirileri (21-23 Mart 2001, Sivas), Ankara 2001; Türk Kültüründe Nevruz V. Uluslararası Bilgi Şöleni Bildirileri , (15-16 Mart 2002, Diyarbakır);

[47] “3. Türk Zirvesinde Ortak Çağrı”, Milliyet, 29.08.1995; “Dünyanın Gözü Avrasyada”, Milliyet, 1.09.1995.

[48] “Türk Zirvesine Rus Yorumu”, Milliyet, 30.08.1995.

[49] Barçın Yinanç, “Baba Taşkent Zirvesinde”, Milliyet, 22.10.1996; “Taşkent’te Türkçe Zirve”, Zaman, 22.10.1996.

[50] “Baba Kazakistan’a Gitti”, Hürriyet, 09.06.1998.

[51] “Türk Liderlerin 5. Zirvesi”, Zaman, 10.06.1998; “Demirel Türk Dünyasını İrticaya Karşı Uyardı”, Hürriyet, 10.06.1998.

[52] “Bakü’daki Türk Zirvesi Ertelendi”, Zaman, 10.06.1999; Serpil Çevikcan “Baba’ya Vefasızlık”, Milliyet, 8.04.2000; Zaman, 09.04.2000. Hürriyet gazetinden Ferai Tınç, Türkiyyanıñ özinen tabiyğiy gaz almağanına ökpelegenin keltirüvde. Ferai Tınç, “Acı Tesadüf”, Hürriyet, 27.04.2001; Ferai Tınç, “Bütün Yollar Maviye Çıkar”, Hürriyet, 29.04.2001.

[53] Serpil Çevikcan “Demirel Damgası”, Milliyet, 9.04.2000;

[54] Celil Sağır, “Kardeşler Buluşuyor”, Zaman, 25.04.2001.

[55] Sami Kohen, “Dilin Ötesinde”, 27.04.2001.

[56] “Türk Dünyası Belediyeler Birliği’ kuruluyor”, Zaman, 14.04.2003, http://arsiv.zaman.com.tr/2003/04/14/haberler/h10.htm, (Erişim, 25.03.2011); Belediyeler Türk birliğini sağladı sırada Avrasya birliği var”, Zaman, 20.12.2003.

[57] http://www.tdbb.org.tr/TR/Default.aspx, (Erişim, 25.03.2011)

[58] Süleyman Kurt, “Türkiye Üç Zirveyle Türk Dünyasını Ağırlayacak”, Zaman, 11.06.2006.

[59] Uğur Ercan, “Rusya ile Gözlemci Krizi”, Hürriyet, 16.11.2006; Zaman, 17.11.2006.

[60] “Türkçe Konuşan Ülkeler Zirvesi Eksik Toplanıdı”, Zaman, 17.11.2006.

[61] “Türkçe Konuşan Ülkeler Zirvesi Eksik Toplanıdı”, Zaman, 17.11.2006.

[62] http://inform.kz/kaz/article/1165226, (Erişim, 15.03.2011); “Nazarbayev:Uzay Alanında İşbirliğine Hazırız”, http://www.haber7.com/yazdir.php?id=199427, (15.03.2011)

[63] ); “Nazarbayev:Uzay Alanında İşbirliğine Hazırız”, http://www.haber7.com/yazdir.php?id=199427, (15.03.2011)

[64] “Türkçe Konuşan Ülkeler Zirvesi Eksik Toplandı”, Zaman, 17.11.2006.

[65] ‘Türk Dili Konuşan Ülkeler Parlamenter Asamblesi’ Kurulacak”, Zaman, 22.02.2008.

[66] “TÜRKPA, anlaşması imzalandı”, Zaman, 22.11.2008.

[67] “TÜRKPA’nın Genel Sekreterliği Bakü’de”, Zaman, 30.09.2009.

[68] “Ортақ құндылықтарды қайта жаңғыртатын кез келді”, Egemen Qazaqstan, 29.04.2011.

[69] Bagdat Amreyev, “Türk Devletleri Arasındaki İşbirliğinde Dönüm Noktası: Türk Konseyi”, Atayurt, Kış 2010, Sayı 3, s. 38-41.

[70] Ернұр Ақанбай, “Түркі жұртын топтастыратын Түркі кеңесі құрылып, тың жобалар жүзеге асырылатын болды”, http://inform.kz/kaz/article/2202298; Ернұр Ақанбай, “Түркі академиясының құрылуы – түркі жұртының бірігуі”, http://inform.kz/kaz/article/2272856; Сүлеймен Mämet, “ҚАЗАҚТА ҚАЛҒАН ҚАРА ШАҢЫРАҚ”, Egemen Qazaqstan, 26.05.2010, http://www.egemen.kz/7246.html#more-7246; Süleyman Kurt “Türk Dünyasında İlişkileri Kurumsallaştıran Adım”, Zaman, 03.10.2009, http://www.zaman.com.tr/haber.do?haberno=898769.

[71] http://inform.kz/kaz/article/2271701

[72] http://www.tccb.gov.tr/sayfa/haber/detay/?d=haber1793, (Erişim, 27.05.2010)

[73] http://inform.kz/kaz/article/2281454 (Erişim, 15.03.2011);

[74] http://www.sondakika.com/

haber-nazarbayev-heykeli-turk-kazak-dostlugunu-2122042/, (Erişim, 21.03.2011)

[75] Star Gazete, 04.09.2011; Yakup Deliömeroğlu, “Değişen Çok Şey Var”, Zaman, 18.09.2010

[76] Kazım Canlan, “Cumhurbaşkanı Gül: 1992’de başlayan rüya gerçek oldu”, Zaman, 3.09.2010, http://zaman.com.tr/haber.do?haberno=898972&keyfield=

54C3BC726BC3A765204B6F6E75C59F616E2044657

66C6574204261C59F6B616E6C6172C4B1205A697276657369, (Erişim 21.03.2011).

[77] Star Gazete, 04.09.2011, http://www.stargazete.com/dunya/

gul-isbirligini-ve-dayanismayi-gelistirmeye-kararliyiz-haber-294703.htm, (Erişim, 21.03.2011).

Bir cevap yazın

Your email address will not be published / Required fields are marked *

Bu site, istenmeyenleri azaltmak için Akismet kullanıyor. Yorum verilerinizin nasıl işlendiği hakkında daha fazla bilgi edinin.