Қазақ тәуелсіздігінің үш тұғыры

– Әр елде түрлі-түрлі жағдайлар болып жатады. Осы тұрғыдан келгенде Батыстың ақпараттық кеңістігінде Қазақстанның бет-бейнесі қалай жасалады?
– Батыстық ақпаратта қазіргі таңда Қазақстан жаңалықшыл, болашағы жарқын, халқы оқымысты ел ретінде сипатталуда. Әсіресе, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақстанның иммиджін көтерді. Осы қызметімен Қазақстан еуропалық деңгейде саяси қадрларға ие екендігін дәлелдеді. Қазақстан республикасының басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та тәжірибелі де білікті лидер ретінде аталады. Осы орайда Елбасы, әсіресе, бірқатар халықаралық ұйымдарда көтерген ұсыныстары әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосылған қомақты үлестерімен көзге түсті. Осы орайда Назарбаевтың әлемде ядролық қаруларға тоқтау салған бірінші жетекші ретінде тарихи бағасы беріліп, ядролық қарусыз әлем үшін символдық тұлға ретінде дәріптеледі. Түркияда Н.Ә.Назарбаевты осы ерекшеліктерімен қатар, Түркі дүниесіндегі ынтымақтастықты нығайтушы президент ретінде ерекше бағалайды. Түрік зиялылары «бүгінгі таңда бірлескен бір түркі мемлекеті болатын болса, оның жетекшісі Назарбаев болар еді» деп санайды.
– Еуропа қазақтарының рухани болмысы туралы не айтасыз? Есенғали ақын айтпақшы: «Әлгі дауыс әкемнің дауысы ғой, әкем даусын танымай, не көрінді?», – дегендей, ішкі шер-шеменге тұншығатын кездеріңіз бола ма? Жалпы Еуропадағы қазақ жастарының ұлттық, елдік сана-түйсігі қай деңгейде?
– Еуропа қазақтарының рухани болмысы әрі бай, әрі жұтаң дер едім. Олардың рухани жақтан бай болатыны еркін және дамыған елдерде жақсы білім алып жатқан жастары. Бірақ олардың ұлттық рухани болмысы осыған сай емес. Ендігі жасөспірімдер, әсіресе, қазақ тілін ұмыта бастады. Ұлттық салт-дәстүр мен мәдениеттен хабарсыз. Тіпті, кейбіреулерінің Қазақстан туралы түсініктері де аз. Бұл әрине, олардың кінәсі емес. Оларға ұлттық рухани байлықтарды жеткізетін тетіктер болмай отыр. Сондықтан шетел қазақ жастарының қазақы болмыстарын қалпына келтіру туралы Қазақстан Ғылым және білім министрлігінің арнайы бағдарламалар жасауы қажет сияқты. Егер батыс елдеріндегі қазақ жастарына өз орталарында алған білімдеріне қоса ұлттық ерекшеліктері туралы білім де берілетін болса, олар қазақтық қалпын сақтап қана қалмай, атамекендеріне де әртүрлі салада өзіндік пайдаларын тигізер еді. Атамекенін танымаған, ана тілін білмеген диаспорадан туған елдеріне пайда жоқ. Ең өкініштісі, шетел қазақ жастарының елдік сана түйсігін жоғалтпай сақтап қалуға бағытталған іс-шаралар жоқ. Бұл жағдай бізді алаңдататын ең бас-
ты мәселе.
– Қазақстанның қазіргі даму бағытын қай мәдениетке жатқызар едіңіз?
– Меніңше, қазірге дейін Қазақстан көбінесе батыстық үлгіде дамып келе жатқан сияқты. Бұл солай да болу керек еді. Өйткені, 1991 жылы тәуелсіздік алған уақытта Қазақстан әр салада қиын жағдайда еді. Қазақстанның ес біліп, етек жабуы үшін әлемдегі дамыған батыс елдерінің моделінде реформаларға бет бұруы заңды құбылыс. Мұны табысты жүргізді. Бүгінгі таңда Қазақстан Орталық Азияның жарқыраған жұлдызы деген атаққа ие болып отыр. Қазіргі таңда Қазақстан көптеген проблемаларын реттеген жерде. Бұдан былайғы саясат Қазақстанның өзіндік жағдайларына қарай, яғни батыстық және шығыстық бағыттың арасында қазаққа тән болатын сияқты. Мен мұны «этносаясат» деп атап отырмын. Яғни, қазақ халқының бодандық дәуірде бұзылған этномәдениетін өзге халықтарға қысым жасамастан қалпына келтіру саясаты. Бүгінге дейін Қазақстан экополитикалық және геополитикалық саясаттар жүргізді. Экономикасы мен аймақтық қауіпсіздігін қалпына келтірді. Енді кезек қазақ халқының ұлттық және мәдени ерекшеліктерін қалпына келтіруде. Сонда Елбасы Назарбаевт экополитика, геополитика, этнополитикадан құралған үш тұғырлы егемендікті нығайту саясаты тәмамдала түседі. Өйткені, мосының үш бұтындай, осылардың біреуі түгел болмаса, егемендік ақсап қалады.
– Тәуелсіздігімізге жиырма жыл толды. Осы даталы күнге деген Сіз жақтағы қазақтардың көңіл-күйі…
– Құдайға мың да бір шүкіршілік айтамыз. Қазақстан 20 жылда көптеген жұмыстарды атқарды. Бір түрік ғалым ағамыз айтқандай, 20 жылда 80 жылда атқарылуға тиіс жұмыстар істелді. Азаттық радиосынд теген уақытымда, 1991 жылы, 16 желтоқсан күні Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін батыстық саяси сарапшылардың жазған мақалалары есімде. Олардың басым көпшілігі Кеңес Одағының тәуелсіздігін жариялаған 15 республика ішінде Қазақстанның ең нәзік жағдайда екенін, оның тәуелсіз мемлекет құрылымының ұзаққа бармауының ықтимал екенін айтқан еді. Өйткені, көп ұлтты және басқару тәжірибесі жоқ Қазақстанның өз ішінде бүлінуі мүмкін деді. Құдайға шүкір, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың білікті саясаттарының арқасында елде ешқандай этникалық жанжалдар, қантөгіст олған жоқ. Қайта әлемге ұлтаралық, тіпті, діндер аралық татулықтың үлгісін көрсетіп берді. Міне, осындай жағдайлар шетел қазақтарын қуанышқа бөлейді. Қазақстанның қазіргі таңдағы Түркия мен батыс елдеріндегі жоғары беделі Еуропа қазақтары үшін мақтаныш болып отыр. Сондықтан 20 жылдықта Түркия қазақтарының көңіл-күйі көтеріңкі. Мұны Қазақстан мен Түркия арасындағы достық байланыстарға үлгі боларлық дәрежеде тату қарым-қатынастар еселей түсті.
Сұхбаттасқан
Ырысбек Нұрсал. http://writers.kz/journals/?ID=10&NUM=98&CURENT&ARTICLE=2917