ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БАСТАУЫНДАҒЫ ЖОШЫ ҰЛЫСЫ: ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ МЕН МҰРАСЫ

Бүгін таңертен Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған осы тақырыптағы халықаралық ғылыми-теориялық конференциясыға онлайн қатысып бейнекөрініс арқылы құттықтау сөз сөйледім.

Онда конференция жұмысына сәттілік тілей отырып, Алтын орда тарихының маңызына қысқаша тоқталып өттім.Түркия Республикасының негізін салушы Ататүрік кезінде былай деген екен:“Түрік баласы ата-бабасын танып-білген сайын ұлы істерге ерекше күш-жігер табады.”

Қазақ халқы үшін бабалар ішінде ұлы істерге ерекше күш-жігер беретін осы Жошы ұлысындағы аталары. Өйткені Алтын орда тарихын зерттеу арқылы біз көкейде жүрген жауабы шешілмей келе жатқан көптеген тарихи және мәдени мәселелердің жауабын таба білеміз.

Мәселен:

– Қазақ қашаннан мұсылман болған?

– Әлем тарихында ұлы халық деген бар ма? Бар болса, олар кімдер?

– Шынғыс хан қазақ па?- Қазақтың әдеби тілі қашан қалыптасқан?

– Еуразия кеңістігінде халықтар арасында байланыс қалай болуға тиіс?

Міне осынау және басқа да көптеген күрделі сұрақтардың жауабы Жошы ұлысында жатыр. Сондықтан осы аталарымыздын тарихына мұқыят үңілейік ағайын. Осынау күрделі тақырыпты ғылымда талқылауға ашқан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Тарихшылардың Ұлттық Конгресі, Тарих Факультеті, Қазақстан Тарихы Кафедрасына алғысым шексіз.