Сана толық тәуелсіз болмай ел тәуелсіздігі баянды болмайды

Былайша айтқанда, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігімізді жариялап, күллі Алаш жұрты көксеген арманымызға жеттік. Қазақ елі осылайша тарих сахнасында сонау ата-бабаларымыз салып кеткен сара жолмен көш керуенін қайта түзей бастады. Жеке ел болып, еркіндіктің дәмін татып жатырмыз. Бірақ та мұнымен толық тәуелсіздік алдық деп айта аламыз ба? Жоқ, тек санамыз тәуелсіз болған жағдайда ғана мұны айта аламыз.
– Атап айтқанда?..
– Сана тәуелсіздігі дегеніміз – халықтың өз-өзіне сенуі, болашағына сеніммен қарауы. Өз халқының басқа ешбір халықтан төмен емес екеніне сенуі. Халық өзіне толық сенген жағдайда ғана толық тәуелсіздікке қол жеткізе алады. Өйткені өзіне сенген халық тіліне, діліне, мәдениетіне, ғылымына, салт-дәстүріне, тіпті елдің экономикасына ерекше қарап, оны әлемдік деңгейге көтеруге тырысады. Ал сана тәуелсіздігі болмаған халықта өзіне сенбеушілік пайда болып, болашағын өзге халықтардан, өзге елдерден іздейтін болады. Айталық, ондай жағдайда халық өз ұрпағын қаршадайынан ана тілінде емес, шет тілдерінде тәрбиелей бастайды. Сөйтіп, ұлын, қызын немесе немересін жат тілдегі балабақшаларға береді. Тіпті бұғанасы қатпаған баланы Лондонға апарып тәрбиелегісі келеді. Біз бұл жерде ана тілін судай білген жеткіншек балалардың шет тілінде немесе шетелдерде білім алуын айтып жатқан жоқпыз. Біз ана тілін білмей жатып, өзге тілдерге елігіп жатқандар туралы айтып отырмыз. Сайып келгенде, саналы іскер азаматтарымыз капиталдарын, ақшаларын өзге елдерге аудармай, туған еліне жұмсауы керек еді. Ақшасы өзінен асып жатса, оны шетелдерге тасып жатпай, өркениетті Батыс елдеріндегідей, түрлі мақсаттарда қайырымдылық қорларын ашып, елінің, жас ұрпақтардың өсіп-жетілуіне күш жұмсап жатуы керек. Аллаға шүкір, бүгін еліміз – Қазақстанымыз саяси тәуелсіздіктің асқар шыңына қол жеткізіп отыр. Бұл салада үлкен-үлкен жұмыстар атқарылды. Саяси аренада ұлы жетістіктердің басында еліміз нық тұр. Айталық, Қазақстан келесі жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткелі отыр. Бұл нені көрсетеді? Бұл саяси тәуелсіздігіміздің баянды болып, алға басып келе жатқанымызды және мұны бүкіл әлемнің мойындап отырғанын көрсетеді. Енді бұл тәуелсіздігіміз мәңгі болуы үшін халық өз-өзіне сеніп, сана тәуелсіздігіне қол жеткізіп, бүкіл күш-қайратын тек Қазақстанның өркендеуіне ғана жұмсауы керек.
– Сонда еліміздің еңсесін тік көтеріп, әлем алдында «мен – қазақпын» деп кеудесін ұрып, өзгеге өзінің кім екенін өз тілінде қасқайып түсіндіруге ұлттық құндылығымыздың әлі де біршама қайнауы жетіспей тұр дейсіз ғой?
– Дұрыс айтасыз! Қазақтың әлі де қайнауы келмей тұр. Ол үшін жаңа айтып өттім, ең бастысы – уақыт керек. 70 жылдай ұлттық ерекшеліктерін емін-еркін меңгеруге мүмкіндік ала алмаған халықтың енді сол мүмкіндікке қол жеткізген уақытта бұрынғы ойлау жүйесінен бірден арылып, өзінің төл түсінігіне қол жеткізуі оңай емес. Оған уақыт керек, зиялы қауымның, саясаткерлердің үлкен еңбегі, жұмысы керек. Санасының басқа бір ұлттың таным-түсінігіне ауып кетіп, тәуелді болғандығын адамның өзі көп жағдайда сезбейді. Айталық, баласын өз ана тілінде емес, өзге бір тілде оқытып жатқандар мұның өз халқына сенбеушіліктен туындағанын білмейді. Оны қазіргі технологиялық жағдаймен айтқанда, ішіне вирус еніп кеткен компьютермен салыстыруға болады. Ондай компьютердің жұмысы баяулайды, жұмысын дұрыс атқара алмайды, тіпті кейде істен шығып қалады. Вирус сіздің жазған тың мәліметтеріңізді ұрлап, интернеттен жан-жаққа жіберіп жатады. Оны, әрине, сіз білмейсіз. Сананың тәуелділігі де осындай. Адам оны өзі парықтап жатпайды. Өзінің барлық ойлау жүйесі өзіне табиғи көрінеді. Вирустан құтылу үшін адам компьютерге антивирус қоймай ма? Сол секілді сананы сауықтыру үшін де бір «антивирус» керек.
– Ол қандай «антивирус» сонда?
– Ол – тарих. Ең бастысы, халықтың ұлттық тарихы. Ұлттық тарихын жақсы білген адамның ұлтына, халқына деген сенімі қалпына келе бастайды да, сана тәуелділігінен құтыла бастайды. Мәселен, Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстанда кезінде әлемнің ең үздік өркениеті болғандығын, алып мемлекеттер құрғандығын түйсініп, түсінген азаматта халқына деген ерекше құрмет пен сенімнің болмауы мүмкін емес. Шынында, бір кезде еліміз дүнияуи ғылымдардың ордасы, үздік өркениеттің бесігі еді. Мысалы, Ибн Сина, әл-Фараби секілді жаһанда теңдесі жоқ тұлғалар мен сонау Ғұндар, Көк түрік қағанаты, Алтын Орда секілді үлкен мемлекеттер осы аймақта салтанат құрды емес пе? Тарихын білген, осыларды білге олмаса, қайтер едік? Бұл бізге бүгінгі таңдағы жаһандық үрдістің салдарынан қорғану үшін де қажет. Сондықтан ұлттық тарихымызды, ұлттық тұлғаларымызды білуіміз керек. Екіншісі, өзге халықтардың да тарихын жақсы білуіміз керек. Бірақ бұл тарих шынайы, дұрыс және ұлттық көзқараспен жазылған болуы керек. Әйтпесе, пайда орнына зиян келтіреді. Өйткені өзге елдің тарихын тек сол елдің ғалымдарының еңбектерінен ғана оқу сананың тәуелділігін арттырмаса, кемітпейді. Әсіресе көршілес елдердің тарихын қазақ ғалымдарының да ұлттық көзқараспен қайта жазып шығуы ауадай қажет. Мәселен, Ресей мен Қытай тарихы қазақы көзқараспен қайта жазылып, оқытылуы керек. Өйткені олармен біздің сан ғасырлық байланысымыз болды. Бірде тату, бірде қату жағдайларды бастан кешірдік. Мұның барлығын, әрине, әр елдің өзінше бағалауы – заңдылық. Сонда біз неге өз ата- бабаларымыздың байланыстарын қарсы жақтың көзқарасы бойынша оқимыз? Оны тағы өзіміз оқумен шектелмей, ұрпақтарымызға оқытамыз ғой, қас қылғанда. Біздің тарихшыларымыздың көрші елдің тарихшыларынан несі кем? Олар біздің тарихымызды бүге-шігесіне дейін зерттеп жазып жатқанда, біз олардың тарихын жаза алмаймыз ба? Әрине, жаза аламыз. Тек осы мәселенің маңыздылығын түсіне білейік. Тіпті өздеріңізге белгілі, өзге елдер түркі халықтарының тарихы бізден артық жазбаса, кем жазып отырған жоқ. Міне, сондықтан әлемде түркология ғылымы қалыптасқан. Тілімізді, тарихымызды, мәдениетімізді олар жақсы зерттеген. Ал біз неге оларды зерттемейміз? Бұл жағдай тек Қазақстанда емес, бүкіл түркі халықтарында осылай. Түркі ғалымдары әлі де болса өзге халықтарды зерттеуде артта қалып отыр.
Қазақ – ежелден еркіндік аңсаған халық. Бірақ шетелдерде қазақтардың кеңестік кезеңде тәуелсіздікке ұмтылмағаны, күреспегені жөніндегі пікір басым. Алайда «қазақтар «тәуелсіздік» деген қасиетті ұғымның өзі түгіл, иісін де білмейді» деп ойлаған кейбір батыстық ғалымд іске шығаратын фактілер бізде көп. «Кеңес Одағы өздігінен құламаса, қазақтар қарыны тоқ, көйлегі көк болса болды, тәуелсіздік естеріне де келмей, мәңгі бақи бодан болып жүре берер еді» деген пікірлерге қосылу әсте мүмкін емес. Бұл – қате. Оған толық дәлелдеріміз бар. Ары қарай кетсек, әу баста Кеңес Одағына қарсы шыққан Алаш қайраткерлері Әлихан, Ахмет, Міржақып пен Мұстафа Шоқайлар бар. Мұны күллі әлем біледі. Бері келсек, Желтоқсан көтерілісін айтпағанның өзінде, бүтіндей бір кеңестік жүйеге қарсы шығып, «қарағайға қарсы біткен бұтақ» секілді болған азамат Махмет Құлмағамбетовтің өзі неге тұрады? Өкінішке қарай, бұл кісіні көпшілік біле бермейді. Тіптен білмейді деуге де болады. Бұл кісі кезінде марксизм-ленинизм іліміне ашықтан-ашық қарсы шығып, содан қуғын көріп, ақырында шетелге шығып кетуге мәжбүр болған. Саяси тілмен айтқанда, Махмет Құлмағамбетов – қазақтан, тіпті күллі Орталық Азиядан шыққан тұңғыш та дара диссидент. «Кеңес Одағының шаңырағы өздігінен шайқалып құламаса, қазақтар қарны тоқ болса болды, бодан болып жүре береді» дегендер М.Құлмағамбетовті және осы секілді кеңестік идеологияға қарсы шыққан басқа азаматтарды, әрине, білмейді, білсе де, білгісі келмейді.
– Осы арада Құлмағамбетов тұлғасына тоқтала кетсеңіз…
– Философ, ойшыл, журналист Махмет Құлмағамбетов ағамыздың дүниеден өткеніне алдағы қараша айының 11-і күні бір жыл толады. 1930 жылы 20 шілдеде Қостанайда туған ағамыз өткен жылы Мюнхен қаласында қайтыс болған еді. Жылы толып отырған осы күндерде марқұмды осылайша еске ала кетейік. Бір кезде ҚазМУ-дың философия факультетін бітірген ол Түркіменстан және Қырғыз- станда марксизм-ленинизм философиясынан, яғни диалектикалық және тарихи материализм деген пәннен сабақ берген. Оның бәрінің өтірік, алдау-арбау, халықты өтірік иландыру екендігін сезген. Сондықтан ол сабақта бұл идеологияны қолдап емес, қарсы пікірлерді дәлелдеп айтатын. Саяси экономикадан сабақ беретін оның әріптестерінің бірі студенттердің сабақта өз пікірлеріне қарсы дәлелді қарсылықтар білдіргенін байқаған соң, олардың мұны Құлмағамбетовтен үйреніп жүргенін біледі, сөйтіп соңына КГБ түсіп, ақырында сотталып, жеті жыл түрмеге, үш жыл сүргінге кесіліп, жер аударылады. Сондағы бар таққан айыбы, оның өзінде біреулердің айтуы бойынша, Сталинді адамзаттың жауы Гитлерге теңеген-міс. Режим оның «кеңестік жүйе жұмысшыларды қанап отыр» дегендерінен ілік іздеген.
Ол Сібірде, Мордовияда айдауда жүргенде жеті жылы бітпей жатып тағы сотталады. Сондағы таққан айыбы «тәртіпке бағынбайсың, жұмыстан жалтарасың, саяси сабақтарға бармайсың» деген мағынада болған. Осыны сылтау етіп Мәскеуден 200-300 шақырым жердегі «Владимир» түрмесіне қайта айдап жібереді. Ол кезде жазасының уақытының бітуіне екі жыл төрт айы қалған екен. Түрменің тәртібі өте қатал болған. Оны Махмет Құлмағамбетовтің өзі «Владимир түрмесіне қарағанда, Мордовиядағы лагерь «курорт» сияқты болатын» деп айтып отыратын. Оны сол жерде өлімнен арашалап қалған бір дәрігер әйел екен. Ол әйел ағаны аяп, оны туберкулез қылып шығарады да, түрмеден ауруханаға алғызып, тоғыз ай баққан. Осылайша, әупірімдеп екі жыл тоғыз айды өтеп шығады. Одан лагерьдегі қалған мерзімі тағы бар деп Сібірге қайта айдайды. Коми автономиялы еліне «итжеккенге» жіберген. Комиде жүріп, теміржолда жүк тасушы болып істеген. Ақыры 1972 жылы жаза мерзімі аяқталып, отаны Қазақстанға оралады. Алайда Алматыдан орын таппай, Сібірдің Сургутына барады. Сол кезде жаңадан салынып жатқан Байкал-Амур теміржол магистралынан бір-ақ шығады.
– Махмет Құлмағамбетов кейін шетелге қалай өтті екен?
– Мәкең өзі «одаққа сыймаған адаммын» деп отыратын. Расында, одаққа сыймады. Шынын айтқанда, сыйғызбады. Шетелге кету үшін ол қайырымды адамдардың көмегімен әкесі еврей, шешесі украин, бір баласы бар әйелге «некеге» тұрады. Сөйтіп, Израильге кету үшін виза алуға өтініш білдіреді. Ақыры өтініші қабылданып, 1979 жылы 5 желтоқсанда Вена қаласына көшіп келеді. Марқұм Венаға келген күнін еш ұмытпайды. Бізге: «Сендер совет азаматы болмағандықтан бұл күнді білмейсіңдер. Бұл күн сталиндік конституция күні еді», – деп айтып күліп отыратын. Ал «әйелі» Израильге кетеді. Махмет аға болса Америкаға кетпек болып виза күтіп Венада қалады. Бірақ тағдырдың жазуымен Венадағы қазақтар арқылы «Азаттық» радиосында жұмысқа қалып қояды. Бұл 1980 жылдың жазы болса керек. Махмет Құлмағамбетовтің Еуропадағы өмірі осылай басталған.
– Өзіңіз кезінде ол кісімен бірге қызмет істепсіз…
– Маған тағдыр ол кісімен бірге жұмыс істеу бақытын жазыпты. Мен «Азаттық» радиосында жеті жыл жұмыс істедім. Соның соңғы бес жылында Махмет ағамен бір бөлмеде отырдық. Ағамыз 1995 жылы зейнетке шықты. Ал мен 2004 жылы Мюнхенге жолым түскенде Мәкеңмен тағы да кездесіп, екі сағаттан астам өткен өмірі жайлы сөйлетіп, жазып алдым. Сөйткен Махмет Құлмағамбетов арада төрт жылдан кейін, атап айтқанда, 2008 жылы қарашаның 11-і күні Мюнхенде дүниеден озып, сонда жерленді.
– Абзал азаматтың артында ұрпақтары бар ғой?
– Жоқ. Ол кісіден ұрпақ қалмады. Өмірінің тең жартысы қуғын-сүргінмен өткендіктен, өте кеш үйленген. Сүйіп қосылған әйелі – қазір Мюнхенде тұратын Наташа атты орыс әйелінен баласы болмады. Бірақ Қазақстанда тұратын жиендері бар. Апайынан туған. Мәкең өзі Қостанай жерінен, уақ деген bostancı escort елден болады. Ол Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан соң белгілі жазушы Әбдіжәміл Нүрпейісовтің араласуымен ақталды. Махмет ағаның Қазақстанда жүргенде көп жақсылығын көрген адамының бірі белгілі ғалым, антрополог, профессор Оразақ Смағұл болған. Жастайынан араласып өскен бұл кісі Құлмағамбетовке «істі» болып жүрген кезінде қол ұшын көп берген екен. Марқұм Оразақтың ерлігін жоғары бағалап, ризашылықпен еске алып отыратын.
– Артына қалдырған мұрасын жинап, сізден басқа зерттеп жүргендер бар ма?
– Ол кісі туралы кезінде Германия, Франция секілді шетелдерде газеттерде көптеген мақалалар шықты. Өзі де көзі тірісінде бірнеше тілде өмірі туралы, қалай азап көргені жайында көлемді материалдар жариялаған. Ал жинақтап, арнайы зерттеп жүргендер бар деп айта алмаймын. Біз өз тарапымыздан «Азаттық» радиосындағы әріптесім Әлихан Жаналтаймен бірге оның өмірі, шығармашылығы, басынан кешіргендері туралы бір кітап дайындап жүрміз. Мәкеңнің бірқатар орысша мақалалары да бар. Кітапқа соны да қамтып отырмыз.
– Бұл кітаппен Алаш қауымы қашан қауышады?
– Бұйыртса, келесі жылы баспаға дайын болады. Оны басамыз дейтін баспагерлер табылса, нұр үстіне нұр болмақ.
Құдайға шүкір, халқымыз – асыл халық. Өйткені әр дәуірде өзінің асыл азаматтарын шығара білген. Міне, осылардың бірі – осы Махмет Құлмағамбетов. Ол бүгінгі таңда бүкіл халқымызда болсын деп армандаған сана тәуелсіздігіне ұлттық санаға etiler escort темір ноқта құрсаулаған Кеңес Одағы кезінің өзінде қол жеткізген, шындықты сол кезде көре білген де, айта білген де, көкірек көзі ашық, нағыз нар тұлға еді. Міне, мұндай тұлғалар бүтіндей бір халықтың тарихын асқақтатады.
Алашқа «антивирус»:
…Баласын өз ана тілінде емес, өзге бір тілде оқытып жатқандар bahçelievler escort мұның өз халқына сенбеушіліктен туындағанын білмейді. Оны қазіргі технологиялық жағдаймен айтқанда, ішіне вирус еніп кеткен компьютермен салыстыруға болады. Ондай компьютердің жұмысы баяулайды, жұмысын дұрыс атқара алмайды, тіпті кейде істен шығып қалады…
Автор: Бүркіт НҰРАСЫЛ, Ыстамбұл