МҰСТАФА ШОҚАЙ КІТАБЫ: КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ТҮРKİ ӘЛЕМІ САЯСАТЫ

Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы маңызды тұлғалардың бірі Мұстафа Шоқай күресінде Франция маңызды рөл атқарды. Большевиктер билікке келгеннен кейін елін тастап кетуге мәжбүр болған Шоқай 1921-1941 жылдар аралығында 20 жыл бойы Парижде елінің тәуелсіздігі жолындағы зиялылық күресін өмірден өткенше жалғастырды.

Ол неміс, француз, ағылшын, поляк, орыс, түрік тілдерінде жарық көрген кітаптары мен мақалаларында Кеңес Одағы мен түрік әлеміндегі саяси және экономикалық жаңалықтарды жазды. Бір тұтас Түркістан және түркі бірлігі жолында Зеки Велиди Тоған, Аяз Исақи, Мехмет Эмин Ресулзаде сынды тұлғалармен бірге әрекет етті.

Бұл кітапта оның ғасыр бұрынғы француз журналдарында жарияланған Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Шығыс Түркістан, Түркия, Ататүрік, Кемализм және Кеңес Одағының анти-кемалистік саясатын талдаған маңызды мақалалар орын алуда.

Кітапқа сұраныс көп болды. Оқырмандардың талабы бойынша е-нұсқасын жасадық.

Төмендегі “indir” деген түймеге басу арқылы кітапты тегін жүктеп алуға болады.