МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ ФРАНЦИЯ
Ал Шоқайды Франция тұрғысынан жеке алғанда, ол Шоқайдың тәуелсіздік күресін жүргізу барысында оған пана болған әлемдегі дара ел болып ерекшеленеді. Басқаша сөзбен айтқанда Шоқай өзінің саяси күресі үшін әлемде Франциядан басқа қолайлы ел тапқан жоқ. Еуропалық елдер ішінде Франция, бостандықтар, теңдіктер және бауырластықтар сынды үш жаһандық ұлы қағиданы басшылыққа алған ел екендігін Қазақ халқының аяулы перзенті Шоқай үшін көрсетіп берді.
Ал Мұстафа Шоқай сол кезде түркі тектес туысқан бір елде күресін жалғастыруына болмас па еді? Атап айтқанда 1921 наурызда Большевик қосындары Тбилисіге басып кіргенде атбасын бұрған Түркия елінде нелікте небары үш айдай қысқа уақыт тұрып Францияға кетіп қалды? Сол елде неге тұрақты тұрған жоқ? Бұл мүмкін емес еді. Өйткені ол кезде Түркияның өзі ұлт-азаттық күресін бастап кешіріп жатқан аласапыран жағдайда еді. Мұстафа Кәмал Ататүрік 1919 жылы Мамыр айында Ыстамбұлдан Анатолияға өтіп елін басып алған жауға қарсы халқының басын қосып 1922 жылы қыркүйек айына дейін жалғасатын ұлт-азаттық күресін жүргізіп жатқан еді. Сондықтан Ыстамбұлда тұрып әрқандай бір идеялық саяси күрес жүргізуге жағдай жоқ еді.
Сөйтіп Мұстафа Шоқай бостандықтар елі Францияға барып орналасты. Міне осындай жағдайдан Шоқай Францияны әр қашан өзінің екінші отаны ретінде көрді. Осы тұрғыдан алғанда Францияның Қазақстанның тәуелсіздік тарихында алар орны ерекше болмақ.
Мұстафа Шоқайға арналған парк және мүсін Париж қаласынын Ножан сүр Марн ауданында ашылмақ. Өйткені Шоқай осы ауданда 1923-1941 жылдары арасында 18 жыл өмір сүрген еді. Шоқайдын Францияға келу мезгілі, 1921 жылдын жазы болатын. Бастапқыда ол, Париждің өзінде өмір сүрді. Бірақ кейін осы Ножан қаласына көшіп келді. Өйткені, біріншіден Паридің орталығында тұру қымбат. Екіншіден ол кезде осы қалашықта, белгілі жазушылар, саясеткерлер жане өнер қайраткерлері секілді зіялы адамдар өмір сүретін. Бұл идеалық күрес үшін ынғайлы болса керек. Біз жүргізген зерттеулерімізде, Шоқайдын Ножанда тұрған үйлерінің адрестерін айқындаған едік.
2000 жылдын мамыр айында Ножанға барып Париждегі Шығыс Тілдері жане Өркениеттері Институтындағы Мұстафа Шоқай архивінен тапқан конверттерден анықтаған адрестерді іздеп таптым. Сонсоң осы үйлерде Шоқайдың қай жылдары тұрғанын анықтап керек болды. Сол үшін Ножан акімшілігінің архивтерін ақтардық. Өйткені қалашық тұрғындары жыл сайын қыркүйек айында салық төлейді екен. Сөйтіп Шоқайдын Ножанда тұрған үйлерін және мезгілдерін белгіледік. Сол анықтауымызға қарағанда, Шоқай мына адрестерде тұрған екен :
1. 16 Руе Баұйн дө Перөз (1923-1930)
2. 48 Бис Рұе Пармаңтиер (1930 – 1933)
3. 7 Сқуар дө ла Фонтен (1933-1941) Осы сонғы үйде, Шоқай 1941- жылы дүние салғаннан кейін зайыбы Мария 1969 жылаға дейін өмір сүре берді.
Біз осы анықтауларды жасағаннан кейін, зертттеуімізді « қазақтын осынау мемлекет қайраткерінің бір кезде Ножан қаласында тұрғанын білетіндер бар ма » екен деген сұрақтын төнірегінде одан әрі жалғастырдық. Алдымен Шоқай тұрған үйлердің бүгінгі тұрғындарына сұрау салдық. Өкінішке орай, олар Шоқай туралы ешнәрсе білмейтін болып шықты. Одан сон, Ножан әкімшілігіндегі кейбір қайраткерлерге сұрадық. Олардын ішінде де білетінге кездеспедік. Сонымен, Шоқай сынды қазақтың ұлы тұлғасын, ол 20 жылдай мекендеген жерінде, ұмыт болғанына әбден көзіміз жетті. Бұл да заңды еді. Өйткені, арадан 60 жылдай көп уақыт өтіп кеткен еді.
Бұл жағдай, бізді Шоқай үшін Ножанда бір белгі орнатудын қажет екені жөніндегі ойға жетеледі. Бұл пікірімізді, Алматыға жолымыз түсіп барғанда, белгілі журналист Саясат Бейісбайға берген сұхпатымызда айттық. Ол, сұхпат Егемен Қазақстаннын 2001 жылы, 9- қаңтардағы санында басылып шықты. Осыдан кейін шамамен 9 айдан сон, 2001 жылдын 18 қазан күні Қазақстан Басминистірінін орынбасары Иманғали Тасмағамбетов, Қазақстан Франциядағы төтенше жане өкілетті елшісі Ақмарал Арыстанбекова жане Ножан әкімі Жақ Мартаң Шоқай 1933-41 жылдары арасында тұрған соңғы үйі орналасқан Сқуар дө ла Фонтен көшесінін бас жағына Шоқайға арнап белгі тас орнатты. Сонымен бұл белгі тас Шоқайды еске алатын Еуропадағы екінші орын болды. Бұдан алдын Мұстафа Шоқай тек Берлин қаласындағы бейіт басында ғана еске алынатын. Енді 2001 жылдан бері Париж қаласындағы осы белгі тас гүл шоқыларын қойып Шоқайды еске алатын орынға айналып отыр. Енді Қазан айының 27-28 күндері ашылатын парк міне осы белгі тастың орнында ашылмақ. Мұның айрықша мәні бар. Өйткені Мұстафа Шоқай аты осы паркпен бірге Париждің қала қартасына түспек. Ал бұл болса жасанды жер серігі арқылы істейтін қазір Еуропадағы кез келген машинада болатын електрондіқ жол көрсеткіш навигатор апаратында Шоқай аты орын алады деген сөз. Сөйтіп Парижге барған туристтер ешкімнің көмегін қажет етпестен Шоқай ескерткішін және паркын таба алатын болады.
Біздің ойымызша, Мұстафа Шоқай сынды ұлы мемлекет қайраткерінін, белгілі тарихи тұлғанын Ножанда өмір сүрген болуы Ножанға халықаралық бедел және абырой беріп отыр. Сонымен қатар, бұл жағдай, Ножанға Қазақстан халқы назарында ерекше орын беріп отыр. Тіпті бұл қала, Шоқайдын тірі кезінде де ерекше қала атанған еді. Шоқайдын үйіндегі әңгімелер үнемі Түркістанның тәуелсіздігі туралы болатындықтан, онын Пиер Рөнодл және Жозеф Кастаня сияқты францұз досттары Шоқайдын үйіне баратын болғанда, « Түркістанның уақытша астанасына » баратындарын айтатын. Яғный, Шоқай кезінде, Ножан « Түркістанның уақытша астанасы » атағын алған еді. Түркістан, атап айтқанда Орталық Азия елдері тәуелсіздіктерін алған кезде, Ножандағы уақытша астана, өзінін мәнгі астанасына көшетін еді. Міне осы себептен, Ножан тек Қазақстан үшін ғана емес, күллі Орталық Азия халықтары үшін Еуропанын өзге қалаларына қарағанда, ерекше мәнге ие қала деп айтуға әбден негіз бар.
Қазіргі таңда Францияда 300-350-дей қазақ отбасы тұрады. Бұлардын басым көпшілігін Түркиядан келген қазақтар құрайды. Түркиядан Еуропа елдеріне 1960 жылдардын аяғында пайда болған жұмысшы алмасулары кезінде, қазақтар Францияға келе бастады. Солар 2006 жылы Парижде Мұстафа Шоқай мұраларын сақтап және Францияға таныстыру барысында Көпжасар Дініш ағамыздың басшылығында Мұстафа Шоқай Француз-Қазақ Достық қоғамын құрды. Сол қоғам 2008 жлы Ножан музейінде Шоқайға ескерткіш тақта орнатылуына мұрындық болды. Жыл сайын қаңтар айының 7-күні Шоқай ескерткіші алындан Шоқай еске алыну жиналыстары өткізеді.
Мұстафа Шоқай, туған отаны Большевиктердің қол астына өткеннен кейін, қыйын қыстау күндерінде өзіне жайлы орын берген Францияны отаны ретінде бағалады. Сол кезде, КО-нан көптеген эмигранттар осы Францияда өмір сүріп жатқан болатын. 1917 қазан төнкерісінен сон Большевиктердің Ресейде билікті қолдарына алуынан кейін, көптеген орыс демократтарымен зиялысы осы Францияға қоныс аударған болатын. Бұлардын арасында, Ресейде басминистірлік қызметін атқарған Александр Керенский, Министірлік қызметте болған Паул Милюков сияқты белгілі мемлекет қайраткерлері де бар еді. Ресейден қоныс аударған емигранттарданы саны жүз мыңдарды асқан еді. Бұлардын Парижде « Дни » жане « Последния Новости » сияқты орыс тілінде газеттері де жарияланып тұрды.
ІІ- Дүниежүзілік соғыс бұрқ еткенде, бүкіл Ресейлік эмигранттар бас сауғалап Франциядан қаша бастады. Барлығы Нацисттердің Францияны жаулап алуынан алаңдауда еді. Лек легімен АҚШ-қа қарай жосылды олар. Солардын ішіндегі жолдастары, Шоқайды да бірге АҚШ-қа ала кетпек болды. Бірақ Шоқай оларға ермеді. « Мен, –деді Шоқай-, Францияны туған отанымдай көремін. Өйткені ол, қыйын қыстау күндерімде мені баурына басты. Сондықтан, мен де Францияны қыйын қыстау күндерінде тастап кете алмаймын. Француз халқы қандай қыйындық көрсе, мен де соны көруге дайынмын. » Сөйтіп Шоқай Францияда қалды. Өйткені, онын жүрегінде Франциянын ерекше орны бар еді. Ол оның отаны еді. Франция ол үшін шынында да бостандықтар, теңдіктер және бауырластықтар елі еді.
Тіпті Мұстафа Шоқайдың 1941 жылы, 27 желтоқсанда Берлин қаласында көз жұмды. Оның өлімі Нацистік деректерде, жұқпалы сүзек ауруынан деп аталса да, оның у беріліп өлтірілгені жөнінде күдіктер күшті болып отыр. Егер осындай жағдай дүние салған болса, онда Шоқайдың тек Қазақ халқы, күллі Түркістан халықтары үшін ғана емес, сонымен қатар француз халқы үшін құрбан да болғандығын айтуға толық негіз бар. Себебі ол Францияны екінші отаны ретінде жоғары бағаламай орыс эмигранттарымен АҚШ-қа кетіп қалғанда аман қалып талай жылдар өмір сүре берер еді. Сондықтан Шоқай Қазақстан мен Францияны ортақ тарихи тұлғасы. Ол Қазақстан мен Францияның достық байланыстарының символдық жарқын тұлғасы. Бірақ бұл жағдайды біз білеміз, ал француз халқы біле ме? Қарапайым халықты қояйық, француз зи алылары біле ме? Әрине егер де біз осы мәселені француз тіліндегі мақала, кітаптар арқылы паш етпесек білмейді. Міне біз осы жағдайды ескеріп Мұстафа Шоқай Француз-Қазақ Достық қоғамы жыл сайын ұямдыстаратын іс шаралардағы конференцияларымызда тілге тиек етіп келеміз. Француз тілінде мақала шығарамыз. Қазір бір сыпыра адамдар біліп те қалды. Енді биыл Мұстафа Шоқайдың 120 жылдығына орай біздің Мұстафа Шоқай атты монографиялық еңбегіміз француз тілінде Парижде жақын арада басылмақ. Қазіргі таңда аударма жұмыстары бітіп баспаға дайындалып отыр.
Францияда Шоқай ендігәрі бір мемлекет қайраткерінен гөрі ойгер ретінде рол атқарды. Түрлі платформаларда Большевиктердін антидемократиялық өкімет екенін айтып елінің тәуелсіз болуын жақтады. Осы орайда екі ұйым арқылы пікірлерін жүзеге асырмақ болды. Онын біріншісі Прометей одағы. Онда Украйн, Грузин, Белорыс, Азербайжан, Татар, өзбек, Башкұрт секілді Кенестік жүйенін тұтқыны ұлттардын өкілдерімен бірге жұмыс істеді. Осы ұйымнын Парижде жарық көретін Прометей журналында, Шоқайдын франсұз тіліндегі мақалары көптеп жарық көрді. Екінші ұйым, Түркістан Ұлттық Одағы еді. Бұл ұйым арқылы, Орталық Азия халықтарынын шетелдердегі зиялыларын бір шанырақ астында ынтымақтастыруға күш жұмсады. Бұл ұйымнын баспасөз органы « Яш Түркістан » 1929-1939 жылдары арасында 117 саны Берлин қаласында Шағатай тілінде жарияланып тұрды. Шоқайдын бұлардан басқа үш кітабы жарияланды :
1. Chez Les Soviets en Asie Centrale, Paris 1928.
2. Туркестан под Властью Советов (К характеристика Диктатуры Пролетариата), Париж, 1935.
3. 1917 жылы естеліктерінен үзінділер, Шағатай тілінде, 1937)
Шоқай, елінін тәуелсіздігі жолындағы күресі, Гитлердің басқаруындағы Германиянын шабуылдары нетижесінде бұрқ еткен ІІ. Дүниежүзілік соғыс салдарынан тоқтап қалды. Онын үзенгілестерінін көбі, жан сауғалап Франциядан кетіп қалғанды. Неміс қосындары да көп кешікпей, 1940 жылы, 14 маусым күні Францияға басып кірді. Шоқай жалғыз еді. Күндерін радиодан соғыс ақпараттарын есту немесе кітапханада тарих кітаптарын оқумен өткізе бастады.
Бір жылдай уақыт өткеннен кейін, атап айтқанда 1941- жылдын маусым айында Гитлер КО-на қарсы соғыс жари алаған күні, Шоқайдын Ножандағы тыныш күндері де аяқталды. Бір топ Нацистік аскер үйге келіп Шоқайды тұтқынға алды да Компиен-Роялиө лагеріне қамады. Сол жерде 15 күндей ұсталғаннан кейін Берлинге акелді. Мұнда, Нацисттер анти-совет Мұстафа Шоқайдан Кенестік армия туралы мәлімет сұрады. Бірақ Шоқай оларға мәлімет беруден бас тартты. Ол кеңестік армия мен жұмысы болмағанын, өзін тек отаны Түркістаннын қызықтырғанын айтты. Сондықтан ол Орталық Азия туралы мәлімет бере білетінін тілге тиек етті. Осыдан кейін, Шоқай Нацистік тұтқын лагерлеріндегі Түркістандық аскерлер көрсетілді. Нацисттер осы тұтқындардан Түркістан Легионы деген атпен ерікті қосымша қосындар ұйымдастыруды мақсат еткенді. Бірақ Шоқай Нацисттердін туған еліне тәуелсіздік апермейтінін жақсы білетінді. Онын ойынша, Нацисттер, Орта Азияны Большевиктерге қарағанда көбірек анайы жане жедел түрде талан таражға салып қанайтын еді. Өйткені Нацисттік идеология бойынша, қазақ, өзбек, түркмен, қырғыз жане татар сияқты халықтар « untermensch» яғный адамнан төмен мақұлықтар еді.
Шоқай, 19 Желтоқсан 1941 күні Ченстахов тұтқын лагерінде жүргенде, Түркістан легионы жобасынан бас тартып үйіне кету үшін Нацисттік орындардан ұлықсат алды. Париждегі үйіне бара жатқан жолда, Берлинге келгенде кенет ауырып 27 желтоқсан 1941 күні Виктория Кранкенхауста дүние салды. Ол Берлинге жерленді. Нацисттік орындар, онын сүзек ауруынан қайтыс болғанын мәлімдеді. Бірақ, зайыбы Мария жане бір сыпыра зерттеушілер онын Гестапо жағынынан у беріліп өлгеніне сенуде.
Кейбір зерттеушілер, Қазақстаннын еш күрес жүргізбестен КО-нын өздігінен ыдырауымен оп онай тәуелсіздікке қол жеткізгенін алға тартады. Тіпті кейбіреулер, қазақтардың тәуелсіздік, бостандық деген қасиетті ұғымдарды білмейтінін, сондықтан тауелсіздік үшін күреспейтіндерін алға тартуда. Мұнын қәте түсінік екенін, Мұстафа Шоқайдын өмірі мен күресі нақты ортаға салуда. Міне осы тұрғыдан қарағанда, Шоқай қазақтын таяу тарихы үшін манызды тұлға болып табылады. Шоқай өзінің саяси күресі үшін тиімді ортаны тек Франциядан таба білді. Ол мұнда 20 жылдай өмір сүрді. Мұнын 18 жылы Ножан қаласында өтті. Сондықтан, тауелсіз Қазақстаннын тарихында, Франция, асіресе Париж қаласы ерекше орынға ие.
Келесі жылы Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылы тойланғалы отырған тұста тәуелсіздік күресінің бірегей тұлғасы Мұстафа Шоқайға арналып парк ашылып мүсін қойылуы аса мәнді оқиға болып отыр. Бұл шара, биыл Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арқылы төрағалық еткен Еуропалық қауымдастыққа қазақ халқының саяси және мәдени деңгейі жоғары ұлы тұлғаларды әрқашан шығарып келе жатқан халық екендігін халық екендігін көрсету тұрғысынан да маңызды. Осынау ұлы іс-шараға еңбегі өткен еліміздің саяси, дипломатиялық және зиялы қауымының өкілдеріне алғысымыз шексіз.