ЕЛІМІЗ БАР ЕДІ, ЕЛ ӨЗІМІЗДІКІ ДЕЙ АЛМАДЫҚ
Түркия қазақтарының көш жетекшілерінен Дәлелхан Жаналтайдың бірінші дүниежүзі қазақтары құрылтайындағы (1992) сөзінен:
«…Біздің еліміз бар еді, ел өзіміздікі демедік. Жеріміз бар еді, жер өзіміздікі демедік. Қүлдықта болдық. Алланың жәрдемімен бүгінгі күнге жеттік. Біз елімізді не үшін тастап кеттік? Бір жерге барып шаруа жасайық деп шыққан жоқпыз. Сауда жасап, бай болайық деген ой да келмеді. Біз ең қымбат дінімізді, қүлдықтағы елімізді қүтқарып қалғымыз келді. Міне Аллаға шүкір, мемлекетіміз қүрылып, егеменді ел болдық. .Енді бүдан былай бірлікте болып, қазақ халқының, Қазақстан Республикасының өрлеп, дамуы үшін күресуіміз керек…»